Ажарлы аллеяда – Абай ескерткіші
Пятница, 30 Окт 2020Ұлы Абайдың мерейтойы аясында кенді қаланың келбеті одан әрі ажарлана түсті. Шаһардағы ең үлкен көшелердің бірі саналатын Абай атындағы көшенің көркіне көрік қосып, аллея мен ақынға арналған ескерткіш бой көтерді. Өткен жұмада ұлы ойшылға арналған бюст салтанатты жағдайда ашылды.
Алаштың бойтұмары – Абайдың биылғы мерейтойы елдің әр өңірінде кеңінен аталып өтуде. Бұл мереке той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыда дамуымыз үшін аса қажет. Діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, «Адам бол» қағидатын ұстануға шақырған Абайдың мұрасы өскелең ұрпақ үшін айнымас темірқазық болып қала бермек. Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың ақынның туған жеріне барған сапарында «Абай жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған ақын ретінде ел тарихында айрықша із қалдырды. Оның еңбектері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі күнге дейін баршамызға рухани азық болып келеді. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың және жаһан жұртының асыл қазынасы» деп айтқан сөзі көп ойды меңзейді. (далее…)