Архив за 02 Окт 2020

Құрметті мұғалімдер, тәрбиешілер және педагогика саласының ардагерлері!

Пятница, 02 Окт 2020

Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мерекеде біз мұғалімдерімізге зор алғыс білдіреміз. Өз үлгісімен жас ұрпақты мейірімділікке, әділдікке және адамгершілікке баулыған алғашқы тәлімгерлерді еске аламыз.

Ұстаздар еңбегінің ел болашағы үшін маңызы зор. Әлемде мұғалімнен маңызды мамандық жоқ. Өйткені, барлық дүние ұстаздан басталады. Жас ұрпақты тәрбиелеп, оқытып, оларға жаңа көкжиек ашады, білім беріп, адам бойына ең жақсы қасиеттерді сіңіреді.

Сіздер өз талантыңыз және шеберлігіңізбен оқушылар мен студенттердің жүрегіне от жағып, үлкен үміт сыйлайсыздар. Ұстаздарымызды еске алғанда өміріміз жылулық пен разылыққа толады. Себебі, сіздер білім мен өмірдің даналығын түсінуге көмектесесіздер.

Жаңа дәуір жаңа талаптарды ұсынады. Қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілік алғы орында. Білім жас ұрпақты еңбекқор, жоғары кәсіби тәрбиелеу мақсатына жұмыс істеуі керек. Бұл олардың болашақта бәсекеге қабілетті тұлға, кәсіби сала маманы болуына мүмкіндік береді.

Кәсіби мереке қарсаңында мамандыққа деген сүйіспеншілік, өз ісіне берілгендіктеріңіз бен даналықтарыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз.
Құрметті қала мұғалімдері, сіздерге шын жүректен амандық, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық жетістіктер мен жаңа табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые учителя, работники сферы образования и ветераны педагогического труда!

Пятница, 02 Окт 2020

Сердечно поздравляем вас с Днем учителя!

Этот праздник – замечательный повод выразить глубокую признательность нашим учителям, вспомнить первых наставников, которые своим примером учили нас быть добрыми, справедливыми и человечными.

Труд учителя, почетный и уважаемый во все времена, является неоценимым для будущего страны. Нет в мире более важной профессии чем учитель, потому что от вас начинается все, вы воспитываете, учите молодое поколение, открываете ему новые горизонты, передаете свои знания, прививаете лучшие качества человека.

Своим талантом и мастерством вы зажигаете сердца учеников и воспитанников. Всю свою жизнь мы с теплотой и благодарностью вспоминаем своих учителей – внимательных и увлечённых энтузиастов, помогавших нам постигать знания и жизненную мудрость.

Новое время предъявляет новые требования. Сейчас, когда остро стоят вопросы конкурентоспособности, образование должно работать на то, чтобы воспитать наших детей образованными, трудолюбивыми, высокопрофессиональными. Это позволит им в будущем стать конкурентоспособной личностью, хорошим специалистом в своей профессиональной сфере.

В канун профессионального праздника хочется сказать вам слова особой благодарности за преданность профессии, неравнодушие, мудрость. От всей души желаем вам, уважаемые педагоги города, благополучия, крепкого здоровья, семейного счастья, творческих свершений, благодарных учеников и новых успехов! Спасибо вам за ваш труд!

А.Идрисов, аким города Сатпаев.
Т.Хмилярчук, секретарь городского маслихата.

Нәтижелі бағдарлама

Пятница, 02 Окт 2020

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты бүлдіршіндерге де пайдасын тигізуде. Бағдарлама аясында 52 жылдан бері жөндеу көрмеген №26 «Қарлығаш» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

Бұған дейін ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген балабақшаның шатырынан бастап еденіне дейін ауыстырылуда. Электр, жылу жүйелері де жаңартылып, мектепке дейінгі мекеме адам танымастай өзгерген. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды «КЗ ЦЕНТР» ЖШС мойнына алыпты. (далее…)

Волонтерство – в стаж

Пятница, 02 Окт 2020

Касым-Жомарт Токаев принял участие в онлайн-встрече с представителями благотворительных, волонтерских организаций и бизнес-сектора, сообщает zakon.kz.

В своем выступлении Президент отметил, что в условиях пандемии благотворительность и волонтерство в нашей стране приняли общенациональный масштаб и становятся социальной нормой и выразил свою признательность каждому, кто в этот сложный период не остался в стороне, протянул руку помощи соотечественникам, проявил милосердие и солидарность. (далее…)

ҚАЛАМГЕР ҚҰЖАТЫ – АРХИВТЕ

Пятница, 02 Окт 2020

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының иегері, сөз өнеріне арнаған 44 жылдық ғұмырының 22 жылында ұлт руханиятының Арқадағы қарашаңырағы «Орталық Қазақстан» басылымын басқарған қажырлы қаламгер, ұлағатты ұстаз, майталман маман Мағауия Сембайдың 60 томдық 500-ден астам құжатының түпнұсқасы облыстық архивтің мемлекеттік сақтау қорына тапсырылды. Енді келер ұрпақ Мағауия Сланбекұлының жеке қорынан «Тұтас Сембаев» туралы дерек алады.

Жеке қорды ашуға арналған тұсаукесер рәсімінде ел ағалары, замандастары, әріптестері мен шәкірттері Мағауия мұрасының салмағы көлемінде емес, маңыз-мазмұнында екеніне назар аударды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев, рухани апасы Рымбала Омарбекова, қаламдасы Аман Жанғожин, сыныптас досы Ниқанбай Омарханов, әпкесі Тұрсын Сланбекқызы, ізбасар інісі, «Saryarqa Aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахметов, замандасы, Халықаралық журналист Сағат Батырханова жүрекжарды лебіз білдіріп, тіршілігінде биік парасаты, терең ойымен оқшауланған оғлан ұлдың сүйікті һәм жарқын бейнесін, адами қалпы мен кәсіби даралығын, тілегінің ақтығы мен жүрегінің пәктігін тілге тиек етті. ҚарМУ журналистика кафедрасының меңгерушісі Жанар Рамазанова биыл Мағауия Сембай шығармашылығынан дипломдық жұмыс қорғалатынын айтты.

Сөйтіп, былтыр қарашада қаңтарылған қалам, шежіре шертетін қомақты қолжазба, кезінде мерейін тасытқан марапаттары архив сөресінен орын алды.

МАҒЗҰМОВТАР МЕРЕЙІ

Пятница, 02 Окт 2020

«Еңбек жолы» байқауының облыстық туры мәреге жетті. Барлық қала-ауданда өткен іріктеуден кейін облыстық комиссияға түскен 54 өтінім безбенделіп, жеңімпаздар анықталды. (далее…)

Мамандықтың бәрі жақсы

Пятница, 02 Окт 2020

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұстаздар күніне арналған «Мамандықтың бәрі жақсы» атты ұлағатты ұстаз, ардақты ана Алтын Сахыпназаровамен кездесу өтті.

Кездесуде Алтын апай жас мамандарға ақыл беріп, кеңесімен бөлісті. Алтын Сахыпназарова еңбек жолын 1964 жылы Байқоңыр совхозында қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. Кейін Никольский қаласының (қазіргі Сәтбаев қаласы) Весовая елді мекеніндегі №10 орта мектебінде мұғалімдік қызметін жалғастырды. Мамандық таңдауда қателеспегендігін білім беру ісіне деген құштарлығынан сезініп, ұстаздық қызметіне адал болды. Уәдесінде тұрды да. Саналы ғұмырының қырық жылдан аса уақытын білім саласына арнаған Алтын апайдың тәлімі мен тәрбиесін алған қаншама адам әртүрлі салада еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етуде. Ол 2 балаға аналық мейірімін төгіп, қатарынан қалдырмай мәпелеп өсірген ана. Қазіргі уақытта 5 немере, 8 шөбересінің қызығын көріп отыр. Мамандықтың бәрі жақсы, тек кәсібіңді жүрек қалауымен таңдай білу керектігін осы кісіге қарап түсінгендей болдық.

К.АЙМАҒАМБЕТОВА,
Балалар мен жасөсірімдер кітапханасының сектор меңгерушісі.

Жылылық сыйлаған жаймашуақ кеш

Пятница, 02 Окт 2020

Жылудың берілуіне санаулы күндер қалды. Жаңа маусымның басталуына байланысты жылу энергетика кәсіпорны өткен аптада өз қызметкерлеріне арнап мерекелік шара ұйымдастырды. «Жылу үшін рахмет» атты дәстүрлі кеш аясында қызықты мәдени-спорттық жарыстар өткізілді.

Кәсіпорынның қуатты әрі өнімді жұмыс істеуі қарамағындағы еңбеккерлерге байланысты екені анық. Ұйым қызметкерлерінің жұмысқа деген құлшынысы мен ынтасы оларға жасалған жағдай мен көрсетілген қолдау арқылы артатыны тағы мәлім. Жылу энергетика кәсіпорнының басшылығы биыл да дәстүрден жаңылмай жұмыскерлер мен олардың отбасылары үшін айшықты шараны өткізді. «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының тікелей қолдауымен өткізілген мәдени шараның берері мол болды. Жылу маусымының басталуына байланысты ұйымдастырылған кеш концерттік бағдарламаға ұласып, қызықты жарыстар кештің көркін қыздырды. Кәсіпорын басшысы Әшім Исанов барша қызметкерді жылу маусымының басталуымен құттықтап, мекемеде ұзақ жылдар бойы тер төккен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті. Ұжымға абыройлы ардагерлерге мерекелік медальдар табыстады. Сондай-ақ, зейнетке шыққан әрі мерейтой иелеріне түрлі сыйлықтар беріліп, ұжым ұйымшылдығын көрсетті. (далее…)

Қауіпсіздік ережесі балабақшадан басталады

Пятница, 02 Окт 2020

Статистикаға сүйенсек, елімізде балалардың қатысуымен, оның ішінде 5-14 жас аралығындағы балалар ұшыраған жол-көлік оқиғалары аса көп тіркелуде. Сондықтан, бүгінде мектепке дейінгі білім беру ордаларында тәрбиеленушілерге жолда жүру ережелерін үйрету басты назарға алынған.

Сейсенбі күні Сәтбаев қаласының №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының мектепалды даярлық «Ботақан» Г тобында жол қауіпсіздігін сақтау тақырыбында ойын-сауық сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты балаларды көшеде жол ережелерін сақтап жүруге үйрету, оларға бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіріп, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту болды.

Топ тәрбиешісі Балгүл Оспанова ұйымдастырған сабақта балалар ойын түрінде жолда жүру ережелерімен, бағдаршамның үш түсімен, көлік түрлерімен танысып, жол қауіпсіздігін сақтауға үйренді. Шара барысында тәрбиеленушілер тақырыпқа сай дайындаған тақпақтарын оқып, сұрақтарға жауап беріп, жол белгілері салынған суреттермен жұмыс жасады. Сондай-ақ, топ тәрбиешісі Балгүл Оспанова балаларға жол тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, жол белгілерінің түрлері мен олардың атқаратын қызметі жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында өткізілетін осындай іс-шаралар балалардың жол ережесі туралы білімдерінің жетілуіне және жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыруға зор үлесін қосатыны сөзсіз.

Өз тілшіміз.

Ұстаздар әулеті

Пятница, 02 Окт 2020

Біздің кейіпкеріміз Ғафура Қорғанбекованың отбасын «Ұстаздар әулеті» деп атауға әбден лайық. Өйткені, осы үйдің отағасы Мұхаммедхали Омаров та ұстаз. Олардан тәлім, тәрбие алған үш баланың екеуі, яғни екі қызы да ата-анасының жолын қуған жандар.

Әрбір атаулы күндер мен мерекелер қарсаңында редакцияға қоңыраулар көптеп түсіп жатады ғой. Сондай бір қоңырау жуырда, мұғалімдер мерекесі қарсаңында соғылды. Аты-жөнін құпия қалдырған кісі «Біздің мұғаліміміз Ғафура Қорғанбекова жайлы шағын болса да бір мақала жазсаңыздар екен. Ол кісі қандай құрметке болса да лайықты жан» дегеннен артық ештеңе айтпады. Бар болғаны мұғалімнің ұялы телефонының нөмірін берді. Оқырманның тілегін орындау біз үшін өзгермейтін қағида. Дереу телефонға отырдым. Әңгімелесе келе кейіпкерімнің шын мәнінде қандай да болсын құрметке лайық жан екенін ұқтым…

1981 жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдаған бойжеткен мысты қаладағы №2 мектеп-интернатқа жолдама алғанда өзін шын бақытты сезінген еді. Сезім, шіркін, алдамапты. Ол осы мектепте жұмыс істеп жүріп өзінің өмірлік серігін де жолықтырды. Өзі оқыған институттың география және биология пәні бойынша мамандық алған Мұхаммедхали Омаровтың аталмыш мектеп-интернатқа келгеніне бір жылдай ғана болған екен. Екі жас осы мектепте табысып, отау құрып, шаңырақ көтерді.

– Еңбек жолымды физика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Ұзақ жыл осы салада еңбек еттім. Кейін бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстым. Жалпы, мен мұғалімдік мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» – депті ғой француз ойшылы Жан Жак Руссо. Өзінің саналы ғұмырында шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, – дейді Ғафура Садыққызы.

Өкінішке орай, кешегі тоқсаныншы жылдары осы ұлық мамандық иелерінің еңбегі еш болып жатты. Жалақысы мардымсыз, әлеуметтік пакеттерден жұрдай мамандықты амалсыздан тастап, басқа жұмысқа ауысқандар да болды. Тіпті, базарға шығып, сауда қуып кеткен ұстаздар қаншама?! (далее…)