Архив за 09 Окт 2020

УЧИТЕЛЯМ – БЛАГОДАРНОСТЬ И ПОЧёТ!

Пятница, 09 Окт 2020

В минувшую пятницу в большом зале заседаний акимата прошло торжественное собрание «Жұлдызы жарқыраған ұстаз», посвященное Дню учителя, на котором чествовали лучших работников образования по итогам года.

С трибуны со словами поздравлений с профессиональным праздником к участникам торжества обратился аким города Аскар Идрисов.

– На сегодня в сфере образования города, а это – школы, детские сады, внешкольные учреждения, трудится более 1300 учителей, педагогов. Ровно треть из них за результаты своего труда в обучении и воспитании учащихся могут по праву гордиться принадлежностью к таким категориям, как педагог-исследователь и педагог-эксперт. (далее…)

Байқауда бриллиант ұтып алды

Пятница, 09 Окт 2020

Жуырда Нұр-Сұлтанда «Business Lady Qazaqstan» байқауының Гала-финалы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 10 кәсіпкер әйел қатысты. Міне, осы байрақты бәсекеде жерлесіміз – Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының режиссері, «Алға бас!» жастар театрының директоры, «Ясинай» орталығының басшысы, өнер жанашыры Динара Ширекбаеваның бағы жанып, жеңіспен оралды.

Парламент Мәжілісінің Депутаты – Меруерт Қазбекова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Салтанат Тұрсынбекова, Олимпиада чемпионы – Бақтияр Артаев, Қазақстан Республикасы грепплинг қауымдастығының президенті – Қанат Алин, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры – Ақерке Жұманбаева сынды белгілі тұлғалар қазылық еткен байқау үш негізгі кезеңнен тұрды. Онда үміткерлер өз жобасы туралы бейнебаян, эрудиция және шығармашылық нөмір көрсетіп бақ сынасты. (далее…)

ҚАУІПСІЗДІК – МИНИСТРЛІК НАЗАРЫНДА

Пятница, 09 Окт 2020

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол НҰРҒАЛИЕВ бастап келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы қарағандылық шахтерлердің жұмыс жағдайымен танысты.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында монитор арқылы жер астындағы еңбек үдерісін бақылауға, басқаруға және оқыс жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін заманауи технология жүйесі қолданылады. Белгі беретін чип арқылы диспетчер кез-келген сәтте кенжардағы шахтермен байланыса алады. Сондай-ақ, бейнебақылау камерасы орнатылған.

– Кәсіпорынға заманауи технология енгізіп жатқаны қуантады. Бұл – өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға жасалған оң қадам. Өкінішке орай, 8 айда өндірістегі жарақаттану көрсеткіші өсіп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған қатты алаңдаулы. Біз жұмыс сапарында қауіпсіздік техникасына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселесіне назар аударамыз,– деп, атап өтті Ербол Нұрғалиев.

Делегация мүшелері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде, Сарандағы «Казцентрэлектропровод» кәсіпорнында, Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды.

Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өндірістік жарақат көрсеткішін төмендетуге арналған кеңес өтті.

ТЕМІРТАУҒА – ТАРТУ

Пятница, 09 Окт 2020

Қаланың 75 жылдық мерейтойына орай дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы сыйға тартқан келісті ғимараттың кең залдарында бір уақытта 320 адам спортпен айналыса алады. Мұнда күрес, футбол, баскетбол, бокс залдары және көрермендерге арналған стендтер бар. (далее…)

Қариясы бар үйдің қазынасы бар!

Пятница, 09 Окт 2020

1 қазан – Қарттар күніне орай Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қариясы бар үйдің қазынасы бар!» атты сұхбат жүргізілді.

Кітапханашылар қаламыздағы ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелеріміздің үйіне барып, әңгіме-дүкен құрысты.

Қиын әрі қауіпті мамандықтардың қатарында кенші кәсібі де бар. Жастардың дені машақаты көп жұмыстан жүрексінетіні де сондықтан. Десе де, бар ғұмырын кен қопарумен байланыстырып, осы саланың құрметті қызметкері атанған Тұрсын Аманжолов атамыз – кен саласында 45 жыл еңбек еткен тұлға, асқар тау әке, ардақты ата, қазіргі таңда зейнеткер. Тұрсын атамыздың отбасын Кеншілер әулеті десек артық емес. Себебі, әке ізін қуған балалары кен өндірісінде қызмет жасайды. (далее…)

Мәресіне жетті

Пятница, 09 Окт 2020

Биылғы жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясында елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа форматтағы ішкі іріктеу – праймеризге қатысушыларды тіркеу басталған еді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткізілген саяси науқан мәресіне жетті.

Алғашқыда жатсына қабылдаған терминге де тіліміз үйренді. Праймериз, яғни партияішілік сайлауға қатысып, бағын сынаушыларда шек болмады. Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес» қағидаты бойынша арнайы верификация жүйесі қолданылды. Аталған жобада өздерін ұсынып, мейлінше қолдау білдірген праймериз қатысушылары облыс басшылығы тарапынан марапатқа ие болды. «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің атынан арнайы жолданған Алғыс хаттарды Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов кандидаттарға табыстады. (далее…)

«Басты міндет – мұғалімдер мүддесі», – дейді Гүлнар Ілиясова

Пятница, 09 Окт 2020

Қазан айының алғашқы он күндігінде еліміз тағы бір тамаша еңбек мерекесін атап өтеді. Ол – Кәсіподақтар күні. Мерейлі мереке қарсаңында біз қаламыздағы білім беру қызметкерлерінің бары мен жоғын түгендейтін, мәртебесі мен мақсатын ойлайтын кәсіподақ ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай деген сауал төңірегінде осы ұйымның жетекшісі Гүлнар Ілиясовамен ой бөліскен едік.

– Гүлнар Жұмабекқызы, әңгімені әуелі негізгі міндеттеріңізден бастасақ.

– Кәсіподақтың негізгі мақсаты – жұмысшылардың мүддесін қорғау, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қатынастарын бақылау. Осы еңбек қатынастарын реттейтін бірден бір құжат – ұжымдық келісім-шарт. Бұл – ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын және кепілдік беретін құжат. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты. Мәселен, еңбекақы, жұмыс күндік нормативі, емдеу-сауықтыру, еңбек демалысы, осының барлығы да ұжымдық шартта көрсетіледі. Осы келісім-шартта кәсіподақ қандай кепілдеме бере алатыны нақты айтылады. Бүгінгі күні біз кәсіподақ ұйымына қарасты 33 бастауыш ұйымға біріктірілген 2950 адаммен 2 жылға келісім-шарт жасастық. Мекемеден арыз-шағым түскен жағдайда біз ең әуелі осы ұжымдық шарттарға жүгінеміз. Кәсіподақ – бақылау органы емес, қоғамдық бірлестік. Дегенмен, мұғалімдер қауымының мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз.

– Ұстаздар қауымы қандай мә­се­­ле­­лермен жиі хабарласады?

– Сұрақтардың басым бөлігі еңбек дауы, еңбек ақысы, жұмыс орындарының қысқаруы, еңбек кітапшаларының дұрыс жүргізілмеуі сияқты мәселелерге байланысты болады. Сондай-ақ, еңбек дауы және аттестацияға байланысты шағымдар да көп түседі. (далее…)

Жаңа толқынға дайындық қызу жүруде

Пятница, 09 Окт 2020

«Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді қазақ. Бетін ары қылсын, күллі әлемді күмәнді қылған коронавирус эпидемиясының екінші толқыны күзде болады деп болжап жатыр мамандар. Бірінші толқынында қытай қынадай қырылып жатқанда салғырттық танытып едік, соның зардабын біраз тартқанымыз да жасырын емес. Енді екінші кезеңге жан-жақты әзірленуіміз керек-ақ… (далее…)

Жұмыссыздарға қолдау

Пятница, 09 Окт 2020

Елімізде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020» бағдарламасы табысты жүзеге асып жатқаны белгілі. Аталмыш бағдарлама аясында бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтіп, екі қолға бір күрек іздегендерге шарапатын тигізуде.

Бағдарламаға өзіндік үлесін қосып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың бірі Байболат Жанатов. Сәтбаев қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген Байболат орталық мамандарының нұсқауымен «KZ ЦЕНТР» ЖШС-не жұмысқа орналасқан болатын.

– Қазіргі таңда «KZ ЦЕНТР» компаниясында қызмет атқарамын. Міндетім әртүрлі бағыттағы жұмыстарды атқару. Осы жерде ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап еңбек етудемін. Сол уақыттан бері №26 «Қарлығаш» балабақшасына күрделі жөндеу жасап жатырмыз. Жұмысыма көңілім толады. Айлықты уақытылы беріп тұрады. Ең бастысы сол, – дейді ол.

Айта кетейік, Байболат Жанатов тәрізді кәсіби мамандардың арқасында қаламыздағы бірнеше нысанға жөндеу жасалып, толықтай жаңа кейіпке енуде. Ғимараттардың іші-сырты, қасбеті, электр желілері түгел жаңартылып, алаңдары абаттандырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықты еңбекпен қамту. Бүгінде шаһарымызда бұл мәселе өз шешімін тапқандай.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Первая на первом или Сатпаев славен своими педагогами

Пятница, 09 Окт 2020

Приятная новость. Элла КИСЕЛЁВА, учитель начальных классов гимназии имени С.Сейфуллина, не только вошла в пятёрку «самых-самых» в новой награде Карагандинской области «За вклад в развитие образования и высокие достижения», но и возглавила её! Поздравляем!

Напомним, в этом году в целях повышения престижа учительского труда в Карагандинской области учреждена новая награда «За вклад в развитие образования и высокие достижения» с вручением в профессиональный праздник педагогов лучшим из лучших из рук акима области Жениса Касымбека нагрудного знака «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы» и денежного вознаграждения в сумме более одного миллиона тенге.

Побороться за почетное звание вызвались 73 претендента со всех городов и весей Карагандинской области. В итоге в результате открытого голосования обладателями награды стали преподаватель колледжа искусств им. Таттимбета Жаксыгелды Кемалов, учитель русского языка и литературы гимназии №8 г. Жезказгана Алма Блялова, учитель географии ОШ №17 г. Балхаша Надежда Смирнова и учителя начальных классов Карлыгаш Ахметжанова (ОШ №5 с. Егиндыбулак Каркаралинского района) и Элла Киселёва (гимназия им. С.Сейфуллина г. Сатпаев), которая и возглавила этот список.

– Я всегда верил, что учителя – лидеры по сути, и в нынешних условиях пандемии ваша миссия – не только учить, но и быть проводниками стабильности и уверенности, – сказал аким Карагандинской области Женис Касымбек, вручая Элле Борисовне нагрудный знак. – Мы благодарим вас за вашу работу, за то, что вы быстро адаптировались к новым условиям, болеете душой и переживаете за систему образования. (далее…)