Архив за 16 Окт 2020

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Пятница, 16 Окт 2020

1992 жылдан бері Қазақстанда аталып өтіп келе жатқан Рухани келісім күнімен қала тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін ұлт пен дінге қарамастан бәрімізді біріктіретін күн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстандық ұлттық бірлік жолын сақтау және нығайту – біздің алдымызда тұрған маңызды стратегиялық міндет. Біз бірлесе отырып мемлекетімізді тұрақты және әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған күйінде сақтап қалуға қабілеттіміз. (далее…)

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Пятница, 16 Окт 2020

Сердечно поздравляем всех жителей города с Днем духовного согласия, который отмечается в Казахстане с 1992 года. Это день, который объединяет всех нас независимо от национальности и вероисповедания во имя стабильности и согласия в обществе.

Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, сохранение и укрепление казахстанского пути национального единства – важная стратегическая задача, которая стоит перед нами. Вместе мы способны сохранить наше государство стабильным и социально-экономически развитым. (далее…)

БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ

Пятница, 16 Окт 2020

Облыста 34 діни бірлестік пен 15 конфессия бар. 18 қазанда тойланатын Рухани келісім күніне арналған алғашқы шырайлы шара Тұңғыш Президенттің Теміртаудағы тарихи-мәдени орталығында өтті. Қонақтар Елбасы Н.Назарбаевтың елдегі татулық пен ынтымақ, толеранттылық пен ізгілік идеясының жаһандану жағдайындағы қырымен танысты.

«Уақыт ағымында», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның құрыш келбеті», «Тұлғаның ерен қабілеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының перзенті» атты залды тамашалаған 11 діни конфессияның өкілдері ерекше әсер алып, өз ойымен бөлісті. «Ислам ешкімді ұлт пен нәсілге бөлмейді, бәріне құрметпен қарайды. Алланның алдында қандай да бір артықшылығы болса, ол тек тақуалықпен өлшенеді. Бүгінгі жиынға басқа дін өкілдерінің келгеніне қуандым. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер» деп әмір етсе, Оның Елшісі: «…Көпшілікпен бірге болыңдар!» деп жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген, – дейді облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Талғат Маратұлы. (далее…)

ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ ЗӘРУЛІК БОЛМАЙДЫ

Пятница, 16 Окт 2020

Биыл әлемді әбігерге салған індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық облыста жүйелі жүруде. Әсіресе, аймақты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге баса назар аударылуда. Медициналық мекемелерде стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмек қорын жасаумен бірге, бөлшек-сауда арқылы тарату жағы да ескерілген. (далее…)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай аманаты»

Пятница, 16 Окт 2020

Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.

Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір. Ол өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзіп, «өз қолынан өз ырқы кеткен» алды бұлыңғыр уақытқа тап болды; көшпенділік салттары дағдарысқа ұшырап, отырықшылық өркениет белгілері ентелеп ене бастады; баһадүр аламандықтың беті қайтып, заманауи білімге бет бұратын кез туып келе жатты.

Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды. Үлкен білімпаз Құдайберген Жұбанов Еуропа руханиятымен салыстыра айтқандай, Абай – «өз ортасының Данте сияқты адамы», яғни халықтың дәстүрлі сөз өнерін, таным жүйесін, мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер. Орыстар үшін – Александр Пушкин, ағылшындар үшін – Уильям Шекспир, немістер үшін – Иоганн Гете, америкалықтар үшін – Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға.

Мызғымастай көрінген Кеңес империясы құлап, тәуелсіз жас мемлекеттің негізін қалау миссиясы маған бұйырғанда, тарихтың «соқтықпалы, соқпақсыз» күрт айнымалы сәтінде хәкім Абайдың өсиетіне жүгініп, елімнің болашағына жаңаша көзқараспен қарағаным хақ.

Байқауымша, ұлылықты ұғыну – бір бөлек те, онымен табысу және тоғысу, яғни түпсіз тереңіне бойлап, жеке болмысыңа жарату – өз алдына қырық қатпар құбылыс.

Осыған орай «Менің Абайды тануым әуелде неден басталды?» деген сауалға ден қойғанда, әлбетте, ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді десем, асыра айт­қандық бола қоймас. Рас, өлең сөзге жүйрік, ел әдебиетіне қанық әжем Мырзабала мен анам Әлжан кішкентай күнімде тіні үзілмеген дәстүрлі тәрбие аясында халқымыздың ертегі, аңыз, қиссаларын жадыма барынша сіңірді. Бұл Абай әлеміне апаратын жолдың бастауы болатын.

Ал келешегіме бәйек боп жүрген қайран шешем мені тоғызыншы сынып бітірген соң Қаскелеңге өз қолымен жетектеп апарып, Абай атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығынан аттатқанда, алдымнан мүлде басқа әлемнің есігі ашылды. Ұлы ақынның есімін иеленген оқу ордасының шәкірті болудың өзі – бір жағынан мақтаныш, екінші жағынан жауапкершілік екенін ұқтым. Әрине, біз Абайдың мектеп жасына лайықталған оқу, ғылым, адамгершілік, табиғат тақырыбындағы хрестоматиялық өлеңдерін жұрт қатарлы жатқа айтатынбыз. Әсіресе, өзім ақынның философиялық астарға толы «Ескендір» поэмасын қайта-қайта құмарта оқығаным есімде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғаббас Бейсенбетовке түсінбеген жерлеріме қатысты тосын сұрақтар қойып, соңынан қалмайтынмын. Бұл ынтызарлық менің көне грек әлеміне, оның билік пен даналық жүйесіне балалық қиялмен сапар шегіп, ойымның өрісі кеңеюіне едәуір септігін тигізді. (далее…)

Елбасы Нурсултан Назарбаев: «Духовное завещание Абая»

Пятница, 16 Окт 2020

История человечества многократно доказывала, что великие личности чаще приходят в этот мир в переломные эпохи, когда старое разрушается, а новое взрастает, и общество переходит из одного качества в другое. И если даром свыше личность наделяется особенными свойствами, то сочетание множества факторов переходного времени определяет уникальную миссию и неповторимую судьбу данного человека.

Фигура Абая Кунанбаева – явление такого же знакового по своему смыслу периода смены вех и «золотой мост», соединяющий прошлое с будущим. Годы жизни Абая пришлись на времена, когда казахское общество окончательно утратило основанную на институте ханской власти прежнюю систему политического управления и «өз қолынан өз ырқы кетіп» – «выронив из рук свою свободу», оказалось перед неясным, туманным будущим; кочевой образ жизни начал приходить в упадок, а в быт все шире стали проникать элементы и приметы оседлости; завершалась эра воинской удали, на смену которой приходил век поворота к современным знаниям.

Великий поэт, гениальный мыслитель Абай стал основоположником начавшейся на рубеже XIX и XX столетий эпохи Просветительства и Пробуждения в казахской степи, его бесценное наследие стало нравственным ориентиром народа на пути в будущее. Сопоставляя Абая с деятелями европейской культуры, видный ученый Кудайберген Жубанов отмечал, что Абай подобен тому, «кем был Данте для своего времени» – то есть сыграл эпохальную роль мастера слова, силой творческого прорыва осуществившего кардинальную реформаторскую новацию традиционного словесного искусства народа, а значит и системы его мировоззрения и морально-психологического склада. Сколь неоспоримым авторитетом является для россиян – Александр Пушкин, для англичан Уильям Шекспир, для немцев – Иоганн Гете, для американцев – Уолт Уитмен, столь же великим носителем духовности является для казахстанцев Абай.

Когда распался казавшийся нерушимым Советский Союз и на меня выпала трудная миссия строительства нового независимого государства, в те переменчивые и непредсказуемые времена с его «соқтықпалы, соқпақсыз» – «лихой годиной, тяжелым бездорожьем» я вновь обращался к заповедям мудрого Абая и сквозь призму их нового прочтения формировал в сознании образ будущего моей страны.

Из таких погружений в мир Абая я вынес наблюдение: одно дело – прикосновение к величию гения, и совсем другое, это многосложный и кропотливый процесс – прийти к взаимопониманию и единомыслию с ним и признать в нем верного спутника своей жизни.

Если же задаться вопросом «С чего началось мое постижение Абая?», то, конечно, не было бы преувеличением сказать, что я с детства впитал в себя дух его творчества. Обладавшие даром стихосложения и хорошо знавшие народную литературу казахов моя бабушка Мырзабала и мать Альжан в рамках идущего издревле традиционного домашнего воспитания с самых ранних лет рассказывали мне множество народных сказок, легенд и поэтических сказаний. И это стало для меня началом дороги, ведущей в мир Абая. (далее…)

Баспаналы болды

Пятница, 16 Окт 2020

Сәтбаев қаласында тұратын көпбалалы он бес отбасы баспаналы болды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыс әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасындағы үшжақты меморандум аясында мүмкін болып отыр. Өткен сейсенбіде Шаталюк көшесіндегі көпқабатты 22-үйден тұрмысқа қажетті жиһаздармен толық жабдықталған төрт бөлмелі пәтер кілттері иелеріне салтанатты түрде табыс етілді.

Осы меморандум аясында «Қазақмыс» компаниясы өзінің қызметкерлеріне пәтерлер сатып алып қана қоймай, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмек көрсетуде. Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік принципін қолдауда. Жалпы, «Қазақмыс» еліміз бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, әлеуметтік жауапкершілікті орындай бастаған алғашқы компанияның бірі болып табылады. (далее…)

Бірлік бастауы

Пятница, 16 Окт 2020

Рухани келісім күні – еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.

Айтулы мерекеге орай «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Технологиялық колледж қабырғасында студенттермен кездесу өтті. «Рухани келісім күні – бірлік бастауы» тақырыбында өткен кездесуге Сәтбаев қаласының Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының мамандары мен теологы Мәулен Тайжанов қатысып, аталмыш күннің маңыздылығы бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізді.

– Еліміз бүгінгі күннің биігіне осындай берекелі бірліктің арқасында жетті. Өйткені, кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экомикалық дамуы сол елдегі халықтардың өзара татулығының арқасында екені баршаға белгілі. Рухани келісім біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар арқылы берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ, – деді М.Тайжанов. Өз кезегінде студенттер өздерін мазалаған сауалдарын жолдап, теолог маманнан тұшымды жауап алды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Дін мен дәстүр байланысы

Пятница, 16 Окт 2020

Рухани келісім күнін атап өтудің маңыздылығын жан-жақты насихаттау негізінде Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы 8-18 қазан аралығында апталық ұйымдастырып, осы апталық аясында «COWORKING» орталығында «Зайырлы қоғам – дін мен дәстүрдің байланысы» тақырыбында конференция өткізді.

Конференция барысында колледж студенттері тақырыптық баяндамалар жасап, аталмыш мерекенің бүгінгі таңдағы маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жарыссөзде белсендік танытса, колледж ұстаздары мен конференция қонақтары ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Конференция соңында белсенділіктері үшін барлық қатысушылар орталық тарапынан арнайы сертификатқа ие болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Тұрақтылықтың іргетасы

Пятница, 16 Окт 2020

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған жыл сайын 18 қазан күні аталып өтетін Рухани келісім күні айқын дәлел.

Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат – еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттың бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор.

Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейді. Сондықтан, біздің де көздегеніміз дінаралық, конфессияаралық татулықты нығайтуға өзіндік үлес қосу. Алла тағала Құран Кәрімде: «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз Отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла тағала қарсы емес. Өйткені, Алла тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді», – деген (Мумтахина сүресі, 7-аят).

Бұл аятта Алла тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуді, сондай-ақ мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына рұқсат берген. Бұл ретте көпэтносты, көпдінді елімізде өзара келісім, руханият пен ынтымақтастықты нығайтудағы осы атаулы мерекенің орны ерекше. Діннің табиғаты сондай, сенімі күшті діндар адам өзінің туыстары мен ұлтына, еліне көп алаң болмай, рухани бірліктегі өзінің діндес бауырларын жақын тұтып, соларға жәрдем етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек сұрауға да дайын тұрады. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан. Бұл жөнінде Елбасы: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз», – деген. (далее…)