Архив за 23 Окт 2020

БЛАГОУСТРОЙСТВО НОВОЙ АЛЛЕИ

Пятница, 23 Окт 2020

В минувшую субботу в рамках общегородского субботника на одной из центральных улиц – улице Абая – вдоль новой аллеи, носящей имя великого Абая, была организована посадка деревьев.

В мероприятии по благоустройству территории новой аллеи вместе с работниками государственных учреждений, акимата принял участие аким города Аскар Идрисов, в числе первых высадивший в грунт молодые саженцы сибирской ели. (далее…)

«Әдемі әуезді азаншы» атанды

Пятница, 23 Окт 2020

Республикалық азаншылар сайысында жерлесіміз, Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің азаншысы Сағындық Ахмедиянов үздік төрттіктен бой көрсетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай Ақтау қаласында ұйымдас­тырылған «Әдемі әуезді азаншы» республикалық ІV азаншылар жарысы қорытындыланды. Маңғыстау төрінде өткен шараның мақсаты – мұсылмандықтың шарттарын күніге бес мәрте еске салып тұратын азан әуенінің сапасын арттыру. Бұл байқау ең алдымен Қарағанды қаласында өтті. Облыстық іріктеу кезінде 12 азаншының ішінен суырылып шыққан Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің азаншысы Сағындық Мұхиденұлы туған қаласының намысын абыроймен қорғады. Сайыста азаншылардың азан айту шеберлігіне баға берумен қатар, ауызша сұрақ қойылып, діни білімі де тексерілген. Азаншылардың мақамын шыңдау бағытында екі күнге созылған сайыста 19 азаншының ішінен финалға 6 азаншы суырылып шықты. Жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құраған байқауда қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Битенов жеңіп алса, екінші орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлына бұйырды. Ал, үшінші орынды Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» мешітінің азаншысы Ақназар Маратұлы қанжығасына байлады. Жамбылдық Жалғасбай Жұбатқанов, жерлесіміз Сағындық Ахмедиянов пен қызылордалық Бекзат Жүсіпұлы ынталандыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет авторді.

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

Пятница, 23 Окт 2020

15 қазан – Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфулиннің туған күні. Атаулы күнге байланысты осындай атаумен өткен аптада орталықтандырылған кітапхананың ұжымы ашық алаң астында әдеби жиын ұйымдастырды.

Қаламыздағы ақындар аллеясында өткен әдеби кешке өлкеден шыққан ақындар Мұса Тілеуов, Жақсылық Омаров және ақын атын иеленген білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелді Бұқар мен мектеп оқушылары қатысты. Құрметті қонақтар оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің тағылымға толы еңбектерін оқуға, елдің ертеңі үшін жасаған телегей-теңіз еңбегін ардақ тұтып, әдеби мұрасын зерттеп-зерделеуге шақырды. Сондай-ақ қайраткерлік қырын да сөз етті. Өз кезегінде С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Айғаным Алкенова, №9 ЖББОМ оқушысы Бейбіт Кенжебай, №19 мектептің 7-сынып оқушысы Айзере Қасымбек ақынның өлеңдерін жатқа оқып, елдік мұратты көксеген туындыларынан тағылым түйді. Кітапхана қызметкері Парасат Қасымбекова қойған ақынның өмір жолына қатысты сұрақтарға оқушылар мүдірмей жауап берді.

Әли МҰҢАЙТПАС.
Сурет автордікі.

АҒА ӘРІПТЕС – АКАДЕМИК

Пятница, 23 Окт 2020

Белгілі ғалым, көрнек­ті көсемсөз шебері Зарқын ТАЙШЫБАЙ Жоғары мектеп ҰҒА-ның академигі атанды. Биыл қазанда Зарқын ағаның шығармашылық қызметіне 60 жыл толды. Жемісті алпыс жылдың құрметіне М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Ғалым-ұстаздың жемісті жолы» атты бейнеконференция өткізіп, ғалымға құрмет көрсетті.

Ұстаздық пен ғылымды қатар алып келе жатқан Зарқын ағаның есімі оқырман қауымға жақсы таныс. Қарағанды университетіндегі журналистика кафедрасының негізін қалады. Кейін Қызылжарға қоныс аударып, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасын ашты. Бүгінде жүздеген, тіпті, мыңдаған журналист «Зақаңның алдынан өткенбіз» деп мақтанышпен айтады.

Зарқын аға қазақтың тау тұлғаларын тану ісіне қомақты үлес қосты. Абылай хан туралы еңбегі сұраныстың сұрапылдығынан бес мәрте қайта басылды. Тың дерекке толы Абай мен Шоқан жайлы жинағы жарық көрді. Ақын Мағжан ғұмырының қалтарысына үңілген «Мағжанның Қызылжары» кітабы оқырманға жол тартты. Міне, осындай ауқымды еңбектің басында тұрған аға әріптес кез келген құрметке лайық екені анық.

ӘЛИМА ТАҒЫ АЛДА!

Пятница, 23 Окт 2020

Рухани келісім күніне орай «Дарын» мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен эссе байқауы қортындыланды. Облыстық дін істері басқармасы ұйтқы болған додаға 60-тан астам оқушысы қатысты. (далее…)

Ескі сарыннан жаңа жүйеге

Пятница, 23 Окт 2020

Өткен жұмада «Мейірімді жүрек» қоғамдық бірлестігі Zoom платформасында Жезқазған-Ұлытау өңірінің БАҚ өкілдері арасында «Заманауи медиакеңістікте ақпарат таратудың жаңа мүмкіндіктері мен әдістері» атты онлайн-семинар өткізді.

Журналистерді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытқан жастарды журналистік саланың қыр-сырына үйрететін ерекше жобаның басты қонағы ҚР Құрметті журналисі, ҚР мәдениет қайраткері, журналистика академиясының академигі, ҚР Тұңғыш Президентінің «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері Серік Жанболат болды. Қазақстандық журналистиканы дамыту, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру, журналистика трендтерін, телевизиялық және баспа материалдарын сапалы берудің әдістері мен тәсілдері жайы қозғалған шарада орамды ойлар ортаға салынды.

– Салалық журналистиканы дамытып, кадр даярлау жүйесін қайта қарау керек. Өйткені, елде экономика, медицина, қаржы сияқты күрделі тақырыптарда жаза алатын білікті журналист тапшы, – деген журналистика қайраткері нақты бір саланы меңгерген журналистердің аздығынан ақпараттың толық берілмейтіндігіне тоқталды.

Кадр мәселесінде жасампаз жол іздеп, деңгейін көтеру маңызды. Бұл проблеманы шешу үшін ұлттық жоспар аясында құрылатын мультимедиалық білім беру тұғырнамасының рөлі жоғары екендігі анық. Біз қоғамды тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, бастысы ағымдағы ақпаратты берумен қатар елдің өркендеуіне, ойдың кемелденуіне, адамның рухани дүниесін дұрыс дүниемен толтыруға атсалысуымыз керек. Пандемия кезінде біз, журналистер, дәрігерлер мен полицейлер және әскерилермен қатар өз азаматтық позициямыздан айнымай, қауіптің алғашқы шебінде жүрдік. Халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырдық. Бұл өз кәсібімізге деген адалдықтың айқын дәлелі.

Сонымен қатар, онлайн-отырыста қазақ журналистикасына жаңа пәрмен беретін, қадамын ашатын интернет журналистиканы дамыту керектігі де айтылды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдық интернет журналистикамен байланысты. Бұл жаңару мен өсу дегенді білдіреді. Қазақ баспасөзінде қалыптасқан мектеп пен кәсіби біліктілікті енді интернет журналистикада қалыптастырған жөн. Бізге, аймақтағы газеттерге, жастар қызметке келе бермейді. Ал, жас журналистердің санын көбейту үшін жаңа медианы, интернет журналистиканы пайдалану қажет ақ. Бұл тұрғыда қазақ сайттарын ашуға болады. Егер қаражат, интернет мүмкіндігі жоғары болса, аймақтарда жас әрі мықты журналистердің толқыны қалыптасады. Бұл ретте журналистердің кәсіби біліктілігін көтеру керектігі жайы да қозғалды. Қазір бірнеше тілді білетін «әмбебап» журналистеріміз көп болса да әр саланың өзінің мамандандырылған салалық журналистері болуы қажеттігі туындап отыр. Зерттеп, талдап жазған мақала қашан да сапалы шығары анық. Мемлекеттің, халықтың деңгейі көтерілген сайын журналистерге қойылатын талап та күшейетінін естен шығармағанымыз жөн. Кадрларды даярлау проблемаларын, жас тілшілердің кәсібилігін, журналистік этика мәселелерін, БАҚ пен биліктің атқарушы органдарының өзара әрекеттестігі талқыланған онлайн-семинар журналистиканы дамыту проблемалары мен болашағын айқындап бергендей болды.

Құрметті оқырман қауым, осы ретте «Шарайна» газетін ескі сарыннан арылтып, жаңа жоба, жаңа жүйеге көшіру бағытында қандай ұсыныс-тілектеріңіз бар? Ой-пікірлеріңізді ортаға сала отырыңыздар. Біз сіздерден хат күтеміз.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Суреттер автордікі.

Абайлаңыз, жаяу жүргінші!

Пятница, 23 Окт 2020

Әрбір сегізінші жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен болады екен. Таяуда қаламызда «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты жаяу жүргіншілермен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ықпал ету, жолда жүру ережелерін түсіндіру және қағып кету деректерінің алдын алу, азайту болып табылады.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздікті арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу негізінде осы шараны өткізіп жатырмыз. Осыған байланысты, автокөлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге жол беруге, ал, тұрғындарға жолдың кез келген жерінен емес, арнайы белгіленген жерінен өтуге кеңес береміз. Жол тәртібін сақтаңыздар, – деді қалалық ПБ патрульдік полиция взводының командирі Қайрат Смағұлов.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға шақырады. Осы акция аясында бір күнде тәртіп бұзған 20 тұлға анықталды. Екеуі көлікті масаң күйде жүргізгендер, қалғаны жол жүру ережесін бұзғандар. Ал, жалпы екі күнде тәртіп бұзған 96 тұлға анықталды. Тәртіпке бағынбағандар ӘкҚБК 615 бабына сәйкес 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Галантным нынче быть небезопасно…

Пятница, 23 Окт 2020

Разучились дамы нормально принимать комплименты от незнакомых мужчин. Недавно стал невольным свидетелем этому.

Ему ближе к тридцати. Ей – немного за двадцать, малолетний ребенок на руках. Ну, бывает, обознался, сделал комплимент, приняв за давнюю знакомую, которую не видел много лет. Ну зачем же сразу «Извращенец!»? (далее…)

Алғысқа лайық арда қызмет

Пятница, 23 Окт 2020

Тағдырдың жазуымен жалғыз немесе қараусыз қалған қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың жанынан табылып, көмек көрсетіп жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі зор. Олар қарттарға қамқор болып, мүгедектердің мұңымен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан бөлектенбеуі үшін аянбай қызмет етіп келеді.

Қазан айының соңғы жексенбісі осы адалдыққа лайық арда қызмет иелерінің төл мерекесі. Осы мерейлі мереке қарсаңында біз қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болып, ондағы әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс барысымен танысып қайтқан едік. Бізді қарсы алған жалғызбасты зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімнің басшысы Гүлназия Мансурова әлеуметтік қызметкерлердің жұмысымен таныстырып, тағдырдың тауқыметін тартқан жандардың бабын табу оңай еместігін айтты.

– Біздің, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшелері жұмыс істейді. Бөлімшеде жалғызбасты бөгде адамның көмегіне мұқтаж 183 қарт есепке алынған. Оның 38-і – мүгедек, 145-і­ – зейнеткер. Сонымен қатар, 60 тыл ардагерлері бар. Оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкердің саны 33. Біздің қызметкерлеріміз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында қызмет алушылардың үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, емханаларға апарады. Олардың коммуналдық төлемдерін төлеп, азық-түліктерін де жеткізіп береді. Сонымен қатар, күнделікті ағымдағы жұмыстардан басқа қарт кісілердің үйлерінде жеңіл жөндеу, қысқы жылуға дайындық жұмыстарына және тұрғын үй көмегіне тиісті құжаттамаларын тапсыруға көмек көрсетеді, – дейді Гүлзазия Мансурқызы. (далее…)

Шектеу шаралары күшейтілді

Пятница, 23 Окт 2020

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. 19 қазаннан бастап облыстың периметрі бойынша сегіз санитарлық бекет пайда болады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. (далее…)