Архив за 06 Ноя 2020

Асқынғанда аспирин пайдалы

Пятница, 06 Ноя 2020

Америка ғалымдары COVID-19 кезінде аспирин ішу инфекцияның өлімге соқтыру тәуекелін төмендететінін анықтады. Бұл туралы Daily Mail сайтына сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлайды. (далее…)

Қуанышты қос хабар

Пятница, 06 Ноя 2020

Әріптесіміз, аймаққа белгілі журналист Ізтай Бейсенбаев жуырда «ҚР ауыл шаруашылығы кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. «Ұлытау» газетінің 80 жылдық мерейтойында көрсетілген құрмет медаль иесінің көп жылғы еселі еңбегіне берілді.

Журналистика саласында 40 жылдай уақыт еңбек етіп жүрген Ізтай Белгібайұлына бұл марапатты «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ұлытау ауданындағы төрағасы Шаяхмет Үмбетов табыс етті. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Бегаев марапат иесін құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

Ал, «Вечерний Сатпаев» газетінің редакторы, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Дастанов «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығының арнайы тағайындаған «Ұстаным» медалін кеудесіне тақты. Азаматтық секторды дамытуға қосқан үлесі үшін берілген төсбелгіні өткен сәрсенбі күні Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина үкіметтік емес ұйым төрағаларының қатысуымен өткен жиында табыстады.

Әріптестерімізді алған марапатпен құттықтай отырып, еңбектеріне сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз.

Апат айтып келмейді

Пятница, 06 Ноя 2020

ҚР Парламенті Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті. Онда Қарағанды облысындағы аймақтық азаматтық қорғаныс жүйесінің мәселесі талқыланды. Онлайн режимдегі кездесуге Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. (далее…)

Общество осознанных отцов

Пятница, 06 Ноя 2020

В последний день октября в режиме онлайн состоялся республиканский форум «BEST PAPA». В работе форума приняли участие активные отцы со всего Казахстана, общественные деятели, известные спортсмены, психологи, которые делились своим опытом и наработками. Город Сатпаев представили Курмет Базаров и Ержан Жусупов.

Председатель Комитета по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития РК Шахмардан Байманов отметил, что «в текущем году впервые при поддержке Министерства информации и общественного развития реализуется проект «Комплекс мероприятий по поддержке и развитию института отцовства». Форум проводится в рамках данного проекта. Крепкая и дружная семья – опора и основа процветания нашего государства. В обществе происходят тенденции, требующие пристального внимания и решения. Растет количество разводов, снижается количество браков. Отдельной проблемой стал высокий уровень бытового насилия. В целях укрепления и поддержки института Министерством совместно с неправительственными организациями на постоянной основе реализуются различные проекты, в том числе грантовые на поддержание семьи и семейных ценностей. Институт семьи и отцовства – важный компонент, который нужно укреплять совместными усилиями».

Программа Форума была обширной. Каждый спикер смог выразить мнение о том, что в современном мире развивать институт семьи необходимо и важно создавать социальные проекты для поддержания отцовства. В рамках Форума отцов прошли мастер-классы от экспертов. А кульминацией стало награждение лучших отцов Казахстана, которые на протяжении трех месяцев состязались за звание «Отец года». В номинации «Самый опытный папа» стал Курмет Базаров, а «Самым спортивным папой» был назван Ержан Жусупов. По условиям конкурса каждому победителю будет вручен сертификат на сумму 70 000 тенге.

Соб. инф.

Қоғамның қозғаушы күші

Пятница, 06 Ноя 2020

Таяуда Қарағандыдағы Достық үйінде онлайн-режімде ZOOM платформасында өткен облыстың үкіметтік емес ұйымдарының XVI конференциясында облыс басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК аймақ төңірегіндегі қоғамдық ұйымдардың беделін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде екенін тілге тиек етті. (далее…)

Әліппемен қайыра қауышамыз

Пятница, 06 Ноя 2020

Менің атым «Әліппе»… Мені оқып ер жеткен, Бауыржан да, Мәлік те! Кешегі буын мектеп табалдырығын аттағанда ең әуелі «Әліппемен» танысып, осы өлеңді бойтұмар еткені мәлім. Өкінішке орай, соңғы жылдары білімнің нәрі де қайнары болған сол «Әліппеден» айырылып қалдық. Бірақ… (далее…)

Дәлдік пен нақтылық – басты міндет

Пятница, 06 Ноя 2020

Биыл еліміздегі мемлекеттік статистика жүйесінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Жаппай қоғамдық құбылыстардың сандық жағын сапалық жағымен ажырамас байланыста зерттейтін қоғамдық ғылым бір ғасырлық ғұмырында заман талабына сай жан-жақты дамып, еліміздегі басты қызметтердің біріне айналды. Қаламыздағы Статистика басқармасы да бұл міндетті үлкен абыроймен атқарып келеді. Біз де ұжымды мерейтойымен құттықтай барып, басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсім ИСАТАЕВАНЫ әңгімеге тартқан едік… (далее…)

Ғалымжан СҮТБАЕВ, «Атамекен» ҰКП Сәтбаев қалалық филиалының директоры: Ауқымды шаралар арқау болған съезд алдымызға зор міндеттер қойды

Пятница, 06 Ноя 2020

Қазан айының соңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі болып өтті. Тұңғыш рет онлайн жүйесінде өткен алқалы жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлеп, ұлттық палатаның жұмысына баға берді. Съезде сондай-ақ, алдағы жұмыстар сараланды. Осы орайда біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сәтбаев қалалық филиалының директоры Ғалымжан Сүтбаевқа хабарласып, съезден соңғы ойымен бөліскен едік.

– Ғалымжан Жанатұлы, жуырда ғана «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі болып өтті. Осы жиыннан көкейіңізге не түйдіңіз?

– Иә, қазіргідей елді қыспаққа алған коронавирус эпидемиясының салқыны әсіресе кәсіпкерлік саласына оңай тимегені белгілі. Осындай күрделі кезеңде құрылтайдың өту форматының өзі ерекше болды. Тұңғыш рет онлайн жүйесінде өткен съезге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. «Соңғы бес жыл ішінде шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 24 пайыздан 32 пайызға артты. Кәсіпкерлік саласында еңбек ететін азаматтардың саны 21 пайызға, яғни 2,8 миллионнан 3,4 миллионға дейін өсті. Қазір жұмыспен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы шағын және орта бизнесте еңбек етеді. Бұған мемлекет пен бизнесті байланыстырып отырған Ұлттық палатаның сіңірген еңбегі мол», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ның үйлесімді жұмысы еліміздегі бизнес ахуалға оң әсер етіп отырғанын да атап өтті. Соның бір айғағы, үстіміздегі жылы бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуды қарастыратын заң шығару бастамаларының сегізінші топтамасы қабылданғанын тілге тиек етті. «Менің тапсырмам бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін «бизнеске адалдық презумпциясы» қағидаты заң жүзінде бекітілді. Бұл барша даулы және түсініксіз мәселелерді кәсіпкерлердің пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Аталған заң шығарудағы өзгерістер тиісті сот тәжірибесінде қолдау табатынына сенемін. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап менің Жарлығыма сәйкес шағын және орта бизнесті үш жылға дейін тексеруден босату туралы мораторий күшіне енді. Нәтижесінде мұндай субъектілерді тексеру көлемі 8 есе қысқарды», – деді Президент. (далее…)

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Пятница, 06 Ноя 2020

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына орай сайлаушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. (далее…)

Особенности выборного процесса

Пятница, 06 Ноя 2020

21 октября текущего года дан старт электоральной кампании. В чём состоит отличие предстоящих выборов, ответила председатель Сатпаевской городской избирательной комиссии Нина Андреевна Геймбух.

– Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев своим Указом объявил дату очередных парламентских выборов, Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан постановлением № 29/334 назначила очередные выборы депутатов маслихатов. Выборы депутатов всех уровней пройдут единовременно 10 января 2021 года.

Нынешняя избирательная кампания имеет ряд особенностей. Во-первых, выборы в маслихат пройдут по партийным спискам политических партий. Это означает, что избиратель голосует не за конкретного кандидата, а за партийный список, представленный партией. В результате применения данной системы выборов каждая политическая партия, представившая свой список кандидатов, получает в представительном органе количество мест, пропорциональное числу проголосовавших за неё избирателей. Во-вторых, в соответствии с изменениями в Конституционном законе «О выборах в Республике Казахстан», на территории соответствующей административно- территориальной единицы при выборах депутатов маслихатов образуется единый избирательный округ. Так, постановлением городской избирательной комиссии от 23 октября 2020 года на территории г.Сатпаев образован Сатпаевский избирательный округ. В-третьих, не менее 30% от общего числа кандидатов, включённых в партийный список, должны составлять женщины и лица, не достигшие 29-летнего возраста. (далее…)