Архив за Декабрь 2020

Берік Уәли: Ауыр жыл болғанымен, ауқымды іс атқарылды

Понедельник, 28 Дек 2020

Бүкіл әлемнің тынысын тарылтып, өкпесін қабындырған биылғы жылдың да жал-құйрығы күзелетін кезге келдік. Ел де, елге тұтқа азаматтар да үлкен сынақтан өтті. Жаһанды жүрісінен жаңылдырған індет кезінде мемлекет нақты қандай әрекет жасады? Президент қандай шешімдер қабылдады? Осындай күрделі, қиын-қыстау кезеңде атқарылған жұмыстардың жай-жапсары, ауқымы жайында Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбаттасқан едік.

– Берік Уәлиұлы, биыл адамзат баласы ең қатерлі індетпен күрес­кен қауіпті жыл ретінде тарихта қала­йын деп тұр. Коронавирус жекелеген адам­дардың тұрмыс-тіршілігі тү­гілі, тұтас мемлекеттердің дамуына кері әсер етіп, әлемді саяси және эко­номикалық дағдарысқа әкеп тіреді. Президент пандемияға қарсы күресте қандай бағыттарға басымдық берді?

– Расында, бұл жыл тұтас адамзатты ты­ғы­рыққа тіреген, жер-жаһанды бір та­ры­ның қауызына сыйдырып жібер­гендей әбігерге түсірген, өте бір ауыр жыл болды. Адамзат көзге көрін­бейтін «жаумен» алысып, майдан даласында онымен қалай күресерін білмей, біраз абдырады. Сондықтан 2020 жыл әлемнің бір бөлшегі Қазақстан үшін де оңай болған жоқ. Дегенмен дертпен күресте біздің мемлекет те ұтымды шешім қабылдай алды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы коронавирус індетінің өршіп, тез таралуына бай­­ланысты халыққа Үндеу жариялап, елі­­мізде 30 күндік төтенше жағдай ен­гі­зіп, алғашқы толқынның алдын ал­ғаны сөзімізге дәлел бола алады. Мем­­лекет басшысы індеттің салдары ауыр бо­ла­тынын, онымен қатаң тәртіп арқылы кү­рес­песе болмайтынын ал­ғашқы­лар­дың бірі болып айтып, соған сәйкес тиіс­ті шаралар қабылдады. Солай­ша, дер кезінде қатаң карантин жа­риял­а­нып, сақтық шараларын сақтау­дың арқа­сында эпидемияның белең алуы­на жол берілмеді. (далее…)

Встречи продолжаются

Пятница, 25 Дек 2020

Очередную встречу члены предвыборного штаба партии «Nur Otan» провели с коллективом Западно-Жезказганского рудника ТОО «Корпорация Казахмыс». Партийцы разъяснили предвыборную программу партии, рассказали о проделанной работе и перспективах развития города, а также ответили на вопросы горняков. Встреча прошла в рамках агитационной работы.

2020 год стал годом больших испытаний для всех. Казахстан, как и другие страны мира, столкнулся с большими трудностями, связанными с длительным карантином и ограничительными мерами. В самый сложный период государство и партия поддержали людей. Более 230 малообеспеченных семей получили адресную социальную помощь, 276 детям в возрасте до 6 лет выданы гарантированные социальные пакеты, 5 тысячам сатпаевцев оплачены коммунальные расходы. В рамках акции «Biz birgemiz» 3 тысячи семей получили по 50 тысяч тенге, более 800 – продуктовые корзины.

И партия будет прилагать все усилия для обеспечения стабильности развития экономики, сохранения занятости и создания новых рабочих мест, сделать наш город безопаснее и комфортнее для проживания. Для этого разработаны семь  приоритетных направлений развития города. Так в настоящее время ведется работа по включению ТОО «Корпорация Казахмыс» в перечень градообразующих предприятий города. Это будет способствовать развитию промышленного сектора и созданию пояса малых и средних предприятий вокруг градообразующего. Партия будет добиваться открытия новых производств и создания новых рабочих мест c достойной зарплатой. Кроме того, будет создавать условия для развития МСБ: развитие инструментов кредитования и поддержки в рамках государственных программ «Дорожная карта бизнеса-2025», «Енбек», за счет средств местного бюджета путем выделения 3-х грантов.

По направлению «Комфортный город» партия будет добиваться улучшения качества местных дорог, обновления автобусного парка, контроля за качеством и сроком ведения строительных и ремонтных работ, благоустройства дворовых территорий.

Предвыборная программа включает в себя и ликвидацию дефицита врачей, укрепление материально-технической базы объектов образования, создание условий для массового спорта, трудоустройства  молодежи, расширение сети волонтерской деятельности и мн.др.

Завершая встречу, партийцы заверили, что будут продолжать работать на единство нашего народа, процветание нашей страны и благополучия каждого казахстанца и уверены, что только вместе мы добьемся хороших результатов. Ведь недаром слоган партии  гласит «Біз біргеміз!».

Оплачено из средств избирательного фонда партии  «Nur Otan».

Құрметті сәтбаевтықтар! Қымбатты жерлестер!

Пятница, 25 Дек 2020

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен және Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл әдемі жаңа жылдық мереке бізді ортақ үмітпен, жаңа жоспарлармен, қуанышты өзгерістерді күтумен біріктіреді. Балалық шақтан бастап Жаңа жыл бізге керемет сезім, көтеріңкі көңіл-күй, алдағы бір жылға жетерлік күш береді.

Жаңа жыл қарсаңында, дәстүр бойынша өткен жылды саралап, қорытындысын шығарып, онда орын алған барлық жақсылықтарды еске түсіреміз. 2020 жылдың қорытындылары туралы айтқанда коронавирус пандемиясының салдарын айналып өте алмаймыз. Бұл қоғамда, өмірімізде айтарлықтай із қалдырды. Алайда, ештеңеге қарамастан, алға жылжыдық, белгіленген жоспарларды іске асырдық. Үш мектепке дейінгі балалар мекемесінде, №1 орталық аурухананың перзентхана бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалалық аурухана базасында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды, 2 көппәтерлі үй пайдалануға берілді, 45 көпбалалы отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай жаңа аллея ашылды. Шағын аудандарды абаттандыру және қала көшелерін асфальттау жалғастырылды, 40-тан астам үйдің қасбеттері жөнделді.

Өткен жыл бәріміз үшін қиын болды. Бірақ, өміріміздің көптеген жарқын кезеңдері осы жылмен байланысты болып қалды. Карантин кезіндегі қажырлы еңбегіміз, кәсіби жетістіктеріміз, ойластырылған, маңызды, батыл шешімдеріміз осыған куә бола алады. Әрқайсымыз қиындықтарды жеңуге және жаңа 2021 жылға сенімді қадам жасауға қолымыздан келгенше үлес қостық. Өткен жылдағы қиыншылықтарға біз өзара ынтымақтастық пен бір-бірімізге қолдау таныту, ішкі рухани байлығымыз бен қайсарлығымыз, туған қаламызға деген сүйіспеншілік және адалдығымызды ту ете отырып қарсы тұра алдық. Тағы бір жылды шығарып сала отырып, барлық тұрғындарға қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны, сенімі мен түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз. Өйткені, тек біріккенде ғана алдымызға қойған мақсаттарға және одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Жаңа жыл – шуақ пен мейірімге толы отбасылық мереке. Баршаңызға денсаулық, бейбітшілік, жақсылық, әр отбасына жылулық пен жайлылық, жүректеріңізге қуаныш, жақын адамдарыңызға амандық тілейміз. Бір-біріңізді сақтай біліңіздер. Жаңа жыл тек бақыт әкелсін! Жаңа табыстар, жарқын жеңістер мен жетістіктерге жете беріңіздер!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Пятница, 25 Дек 2020

Примите самые сердечные поздравления с наступающим Новым 2021 годом и Рождеством!

Этот красивый новогодний праздник объединяет нас общими надеждами, новыми планами, ожиданием радостных перемен. С самого детства он дарит нам ощущение чуда, прекрасное настроение и хороший эмоциональный заряд на весь предстоящий год.

В канун Нового года по традиции принято оглянуться на год минувший, подвести его итоги, вспомнить все хорошее, что было в нем. Говоря об итогах 2020 года, невозможно обойти вниманием последствия пандемии коронавируса, которые, безусловно, наложили отпечаток на многие сферы нашей жизни. Однако, несмотря ни на что, мы двигались вперед, реализовывали намеченные планы. (далее…)

Аяулым – Елбасы медалінің иегері

Пятница, 25 Дек 2020

Жуырда жастардың кешенді дамуына бағытталған ұлттық деңгейдегі бірегей «Елбасы медалі» жобасының медаль иегерлері анықталды. Жас буынды ынталандыруға арналған байқауда сәтбаевтық жас Аяулым Болат үздік нәтиже көрсетіп, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы медальді алғашқылардың бірі болып иеленді.

Аяулым қаламыздағы №16 мектепте 11 сыныпта оқиды. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Елбасы медалі» жобасы туралы ғаламтордан оқып, қатысуға өтініш білдірген. Шілде айынан бастап алты ай бойы байқаудың тапсырмаларын үзбей орындап, үздік нәтижеге қол жеткізді. Таяуда Қарағанды қаласында марапатталып, жобаның қола медаліне ие болды.

– Негізінен бұл байқау 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды ынталандыруға, дамытуға, уақытты тиімді өткізуге, алға қойған арман-мақсаттарына жетуге үйрететін ауқымды жоба. Шілдеден желтоқсанға дейін жобаның 5 бағыты бойынша тапсырмалар орындадық. Әуел баста жеті бағыт жоспарланған. Бірақ пандемияның себебінен бес бағыт – өнер, кітап оқу, ұлттық мұра, спорт және еріктілік бойынша өтті. Алты ай бойы өңірдегі жетекшілеріміз тапсырма беріп отырды. Мәселен, еріктілік қызметте жасы үлкен адамдарға көмектессек, кітап оқуда әлемдік әдебиеттің үздік шығармаларын оқыдық. Өнер бағытында түрік тілін үйрену тиістелді. Әр тапсырманы белгіленген уақыттарына сәйкес фото, видеоесеп ретінде сайтқа жүктеп отырдық. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Соның нәтижесін көріп отырмыз. Байқау жас пен өткізу ұзақтығына сәйкес қола, күміс, алтын деңгейлерді қамтиды. Мен жасыма байланысты тек қола деңгейге қатыстым. Алдағы уақытта сол деңгейлерге жету үшін бар күш-жігерімді салатын боламын, – дейді Аяулым. (далее…)

Томография кабинеті – халық игілігіне

Пятница, 25 Дек 2020

Биыл дүйім жұртты дүрліктірген коронавирус дертінің салдарынан медицина саласына артылар жауапкершіліктің жүгі артып, ақ халаттылардың халық алдындағы жанкешті еңбегі еселене түсті. Сонымен бірге, бұл дерт елдегі медициналық технологиялардың жетіспеушілігін анық аңғартып, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге барынша ден қою керектігін көрсетті.

Осы мақсатта қаламызда денсаулық сақтау саласын одан әрі жақсарту бағытында қолға алынып жатқан шаралар аз емес. Соның бірі орталық ауруханада компьютерлік томография кабинетінің ашылуы болды. Күрделі клиникалық жағдайларда диагностиканың сапасын түбегейлі өзгертетін «Siemens» фирмасының аппараты – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қолдауының арқасында алғаш рет пайдалануға берілді.

Аппарат Жезқазған аймағының тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тарапынан сатып алынып, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС берілген. Осы аппаратта зерттеулерді білім жетілдіру курстарынан өткен және тиісті рұқсат құжаты бар «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нің сәулелік диагностика мамандары жүргізеді. Кабинет қызметін қаламыздан бөлек Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының тұрғындары пайдалана алады. Өңіріміз бойынша пациенттерді тексеру және диагностикалау жүктемесі жеңілдетілген. Зерттеулер ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап жүргізіле бастады. ТМКБК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС шеңберінде де, ақылы негізде де алдын ала жазылу бойынша аталмыш кабинеттің қызметін пайдалануға болады. (далее…)

Жаңартылған балабақша

Пятница, 25 Дек 2020

Білім беру нысандарының қауіпсіз әрі жайлы болуы балалар үшін өте маңызды. Биыл қаламызда осыдан көп жыл бұрын бой көтеріп, қазір тозығы жеткен, қабырғалары сыр бере бастаған көне ғимараттарға жөндеудің ең күрделі түрі зор қарқынмен басталған еді. Осы ретте қайта жаңғыр-тылған №31 «Балапан» балабақшасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.

Сырт келбеті алыстан көз тартатын мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің келісті ғимараты, әсемдіктің үлгісіндей әсер қалдырады. Бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеу ошағының ашылуына арналған салтанатты жиында қала әкімі Асқар Ыдырысов ыстық ықыласын жеткізіп, ел мерейін өсірген жағымды жаңалық Тәуелсіздіктің татымды жемісі екендігін тілге тиек етті. Қарт ұстаз Баян Қалмағанбетова алғаусыз пейілмен ақ батасын беріп, қала басшысымен бірге лента қию рәсімін жүзеге асырды.

Құрылғанына қырық жеті жылдың жүзі болған 257 орындық балабақша ғимаратын қайыра жаңғыртуға арналған қаражат «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінсе, басқа да қажеттіліктерін өтеу қаржысы жергілікті бюджет есебінен қарастырылған. Балалар ұясы заман талабына сай музыка залы, ойын алаңдары және спорттық жабдықтармен толыққанды жарақтандырылып, дербес жылу беру жүйесіне қосылған. Отандық өндіріс өнімдері санатындағы жиһаздарының саны мен сапасы да көңілге қонымды. Тапсырысты орындаушы мердігер компания – «Самға» ЖШС (директоры А.Байгильдаев). (далее…)

ТАРТУ ЕТТІ

Пятница, 25 Дек 2020

Жақында қаламыздағы жедел жәрдем станцияларының автопаркі үш санитарлық автокөлікпен толықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының желісі бойынша әкелінген «Жедел жәрдем» машиналары барлық қажетті талаптарға сай медициналық құралдармен жабдықталған. 2020 жылы шығарылып, жаңа үлгіде жасалған. Науқастарға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайын. Жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ханиса Оспанбекованың айтуынша, бүгінгі күні 6 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олар тәулік бойы қала және жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Баспаналы болды

Пятница, 25 Дек 2020

Ізгі амалдарды басты мақсатына айналдырған «Харекет» қайырымдылық қоры әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға баспана сыйлап, қуанышқа бөлеуде.

«30 күнде – 60 баспана» ұранымен қайырымды жандардан жиналған қаражатқа алынған екі бөлмелі пәтердің кілті бұл жолы мүмкіндігі шектеулі екі бала тәрбиелеп отырған Фазыловтар отбасына бұйырды. (далее…)

Құлақтан кіріп, бойды алды

Пятница, 25 Дек 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған хәкім Абайдың 175 жылдығын мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде лайықты атап өту тапсырылған. Ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» деп белгіленіп, мерекелер тізбесіне енгізілді.

Абай мұрасын ұлықтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ақын әндерін, халық әндерін насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында қаламыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзге ұлт өкілдері арасында аймақтық «Әсем ән мен тәтті күй» байқауын өткізді. 15 үміткер 2 бағыт бойынша бақ сынасып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, Абай және халық әндерін орындау шеберлігі бойынша сынға түсті. (далее…)