Адамдық пен білім диқаншысы
Пятница, 04 Дек 2020Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы алдына қазақ балаларына білім беруге бар күшін салуды мақсат қып қояды. «Басқадан кем болмау үшін біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деді ол. Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты – өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіріп, тәрбиелеу болды. (далее…)