Ортақ мақсат біріктіреді
Понедельник, 21 Дек 2020Қаланың әрбіт тұрғыны жайлы өмір сүруі, өзін-өзі дамытуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құруға мүдделі партия жақтастары «Қазақмыс» Корпорациясына қарасты Шығыс Жезқазған кенішінің еңбек ұжымымен кездесті. Штаб өкілдері халық игілігі үшін партияның алдағы көздеген жоспарларын баяндап, сайлаушыларға бағдарламаны тиянақты түсіндірді.
Экономикалық секторға серпін беретін бірден-бір жол ол – шағын және орта бизнес. Партия бұл орайда кәсіпкерлікті барынша қолдауға ынталы. Бұл қала бюджетінің нығаюы мен жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ін қала құраушы кәсіпорындар тізіміне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни осы кәсіпорын айналасында шағын және орта бизнес нысандары белдеуін құруға ықпал етеді. Өнеркәсіптік аймақта кеніштердің үздіксіз жұмысына сеп болатын желдеткіш шахта құбырларын, конвейер таспасын, резеңке бұйымдарын өндіру орындарын ашу көзделуде. Партия осы және өзге өндіріс орындарын ашуға нақтылы міндеттерді қойып отыр. Индустриялдық паркі негізінде парк аумағында 7 нысанды орналастыру жоспарлануда. Штаб өкілдері кәсіпкерлерді несиелендіруде партия маңызды шаралар қабылдайтынын атап өтті.
– Елімізді жайлаған індеттің таралуы мен оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Пандемияның тигізген әсерінен бөлшек және көтерме сауда, көлік және қоғамдық тамақтану салалары зардап шекті. Осы мақсатта партия мемлекеттік қолдау тетіктері және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы мен басқа да даму институттарымен ынтымақтастық арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жағдай жасайтын болады. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын кемінде 3 кәсіпкергеқолдау көрсету, «Еңбек» бағдарламасы негізінде 7-ден аса шағын несие беруге мақсат қойып отырмыз. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 3 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді штаб төрағасы Қайрат Балмағамбетов. (далее…)