Сәтбаев қаласының аласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВТЫҢ ЫРЫСОВТЫҢ тұрғындар ұрғындар алдындағы лдындағы есебі
Пятница, 08 Янв 2021«2020 ЖЫЛДАҒЫ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР»
2020 жылы бүкіл әлем жұртшылығы бұрын-соңды болмаған қиындыққа тап болды. Пандемия біздің өмірімізге айтарлықтай түзетулер енгізді. Жаңа жағдайда өмір сүруге тура келді.
Вирустың таралуын болдырмау мақсатында наурыздан бастап шектеулі карантиндік шаралар енгізілді. Жыл оңай болған жоқ, дегенмен, біз барлық белгіленген жоспарларды іске асырдық.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37,9 млрд. теңгені құрады. Мыс кенін өндіру көлемі – 17,6 млн. тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 60%-ға жуығы «Қазақмыс» корпорациясы мен оның еншілес кәсіпорындарына тиесілі.
Сонымен қатар, ШОБ кәсіпорындарында өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі байқалады, көлемі 7,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейден 40%-ға төмен. Бұл 2020 жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және кейінгі карантиндік шараларға байланысты.
Төтенше жағдай және карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған 37 кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік субъектілеріне негізгі қарыздар бойынша төлемдер мен несиелер бойынша сыйақыларды тоқтата тұру түріндегі қолдау шараларын пайдаланды.
Қала кәсіпорындары негізгі капиталға 28 миллиард теңге инвестициялады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,1 млрд. теңгені құрады, 23,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін 7-шағын ауданда 56 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Жалға берілетін тұрғын үйге арналған 56 және 16 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына тағы екі жобалық-сметалық құжат әзірленді. Бұл үйлердің құрылысы биыл жоспарланған. Сонымен қатар, тағы екі бес қабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланып отыр. (далее…)