АРХИВ ІСІН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛЫНДА
Пятница, 15 Янв 2021Өткені жоқ ел, тарихы жоқ халық болмайды. Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әр кезеңнің өзінің маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамасы бар. Ал оларды жинап, талдап, зерттеп-зерделеу – мемлекеттік архивтердің еншісіндегі елеулі іс. Бұл міндетті Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві де абыроймен атқарып келеді. Биыл мекеменің құрылғанына отыз жыл толып отыр. Біз ұжымды мерейтойымен құттықтай барып, құнды құжаттар қоймасындағы келелі істермен таныстық.
Тарихи шежіре қоймасы
Қазақстан халқы тәуелсіздігін алғалы бері ел тарихында елеулі өзгерістердің куәсі болып келе жатқаны анық. Қай заманда, қандай қоғамда болмасын, отаншылдықтың бастауында ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы, ал оның қайнар көзі тарих пен мәдениет екендігі мәлім. Жас қадамын басқан мемлекет үшін атадан қалған асыл мұраларын келер ұрпаққа аманат ету, жалпы ұлттық құндылықтарымызды сақтау және халық игілігіне пайдалану басты мақсатымызға айналғанына еш күмән жоқ. Сан ғасырлық тарихы бар еліміздің басынан өткен небір аласапыранның өзі құнды жәдігерлеріміздің бүгінгі күнге жетуіне кедергі бола алмағаны белгілі. Сол құндылықтарымызды сақтап, халық мүддесіне пайдалануды жүзеге асыру мемлекеттік архивтердің басты қастерлі міндеті болып қала бермек. Өткенді жаңғыртып, өшкенді тірілту жолындағы орасан істер қашанда қастерлі. (далее…)