Архив за Январь 2021

Решением І сессии Сатпаевского городского маслихата№ 7 от 15 января 2021 года Хмилярчук Татьяна Ивановна избрана секретарем Сатпаевского городского маслихата VII созыва.

Пятница, 22 Янв 2021

Хмилярчук Т.И. родилась 20 июля 1960 года в Алтайском крае Российской Федерации. Образование высшее.

В1985 году окончила Жезказганский педагогический институт по специальности учитель географии.

Трудовую деятельность начала с 1978 года преподавателем в среднем профессиональном техническом училище№16. С 1985 по 1995 годы работала заместителем директора по учебно-методической работе, директором СПТУ №16. (далее…)

Сақтық шараларын күшейту қажет

Пятница, 22 Янв 2021

Аптаның басы алыпқашпа әңгімелермен басталды. Тақырыбы ковид, түп төркіні – таралуы. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Әңгіменің шығуына негіз де жоқ емес. Бірақ анау айтқандай әкетіп бара жатқан да жоқ… (далее…)

Жаңа құрам іске кірісті

Пятница, 22 Янв 2021

Өткен апта соңында Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нина Геймбухтың төрағалығымен Сәтбаев қалалық мәслихатының VII шақырылымындағы I сессиясы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, мекеме мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жақында ғана өткен еліміздегі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауының нәтижесі жарияланып, көп дауыс жинаған партия өкілдері жұмыстарына кірісті. Саяси науқанда Сәтбаев қаласы бойынша барлық сайлаушылардың 69 пайызы дауыс беруге қатысқан. Сайлау қорытындысына сәйкес жергілікті мәслихатқа депутаттық мандат алу шегіне қол жеткізген «Nur Otan» және «Ауыл» ХДПП өкілдері қалалық мәслихатқа депутат болып сайланды.

Жетінші шақырылымдағы жаңа құрамның алғашқы сессия жиыны ҚР Әнұранын орындаумен ашылды. Күн тәртібіне сай алдымен Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы оқылды. Комиссия төрағасы Н.Геймбух Сәтбаев қаласының сайлау округі жайлы толыққанды ақпарат беріп, сайлаушылардың көп дауысын жинаған «Nur Otan» және «Ауыл» ХДПП-нан қалалық мәслихатқа депутаттық мандаттар бөлінгенін атап өтті. Оған сәйкес «Nur Otan» партиясы– 11, «Ауыл» ХДПП – 1 мандат иеленді. Нина Андреевна жаңадан сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгіні салтанатты жағдайда табысты. (далее…)

Қыста талай қызық бар

Пятница, 22 Янв 2021

«Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер мен олардың балаларына қолдау көрсету жұмыстары өткен жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақында олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаппай сырғанақ тебу шарасы өткізілді.

«Қыста талай қызық бар» демекші, балалар сырғанау барысында сергектікті сезініп, асыр сала ойнады. Шараның жоғарғы деңгейде өтуіне ықпал етіп, Жезқазған қаласында орналасқан сырғанау алаңына бүлдіршіндердің барып — келуіне көмек көрсеткен қалалық мәслихат депутаты Қайрат Балмағамбетовке ата-аналардың алғысы зор. Алдағы уақытта да «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдер мен балаларды қоғамға әлеуметтендіру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек.

Өз тілшіміз.

Бабыр Би ұрпақ жадында

Пятница, 22 Янв 2021

Қаламыздың солтүстік-шығыс бөлігінде Бабыр би атындағы келбеті келісті көше бар. 2002 жылы қалалық мәслихат шешімімен көшеге батырдың есімі берілді. Ел бірлігі мен мұраты жолында тер төккен батырдың ұрпақтары бабасына көше басында еңселі ескерткіш қойып, көшелі іске мұрындық болды. Тұғырға орнатылған баба мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі жұма күніне (22.12.2021ж. – авт.) жоспарланған. Біз Бабыр Бөкеншіұлы жайлы аз-кем әңгіме өрбітпекпіз. (далее…)

Тіл – халық қазынасы

Пятница, 22 Янв 2021

Тіл – қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырады. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. (далее…)

Жетінші шақырылым жеті бағыт. Ауқымды міндеттер

Пятница, 22 Янв 2021

Мына сәйкестікті қараңыз. Мәжіліс депутаттары жаңаша құрамдалған Парламенттің биыл жетінші шақырылымы екен. Ал оның алғашқы сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамның алдына жеті міндет қойды. Қазақта жеті саны киелі саналады ғой. Осыған сайғанда, алдағы төрт жылда халық қалаулылары елдің мүддесінен шығатындай жұмыстар атқарады екен ырымдап та қойды көпшілік… (далее…)

Жалғасын табады

Пятница, 22 Янв 2021

Ономастика бағытындағы жұмыстарды жүргізу мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басты функцияларының бірі. Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру мәселесі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 25-5 бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген қазақ тарихындағы аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген тарихи тұлғалар тізімі негізінде жүзеге асады. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөлiктерiне және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде Тіл туралы заңда көрсетілген критерийлеріне жүгінеміз. (далее…)

Тәлімді тәрбиеші

Пятница, 22 Янв 2021

Балабақша тірегі іспеттес тәрбиеші-педагогтың жұмысы аса жауапты әрі тынымсыз. Әрбір шаңырақты шаттыққа кенелткен бүлдіршіндердің қылығына төзіп, еркелігін көтеріп, тәлімді тәрбие беру сабырлылық пен парасат-пайымды қажет ететіні сөзсіз.

Қалтқысыз қызметі арқылы ілтипатқа ие тәрбиешілер арамызда аз емес. Көпшіліктің назарына іскерлігімен іліккен тәжірибелі әрі тәлімді мамандар қатарында екінші санатты тәрбиеші Раушан Ізтілеуова да бар.

1974 жылы Сыр өңірінде дүниеге келген Раушан Ибадуллақызы 1989 жылы Жезқазған педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын қаламыздағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастады. Әлеуметтік қызметкер ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім бере жүріп, оларды түрлі өнер байқауына қатысуға дайындады. Жезқазған поселкесіндегі «Мерей» балалар үйіне жұмысын ауыстырғанда да қарым-қабілетін байқатты. Ұжым алдында абырой-беделге ие бола жүріп, кәсібіне берілгендігін танытты. Бүгінде №31 «Балапан» балабақшасында еңбек ететін кейіпкеріміз бүлдіршіндермен, ата-аналармен көптеген жұмыс атқарып, ұжым беделін көтеруге күш салуда. Ол туралы әріптестері: «Раушан тек бала тәрбиесінде ғана емес, жан-жақты өнерімен ерекше. Қолынан келмейтін іс жоқ. Ақкөңіл, адал әрі шыншыл. Жалпы, біз оның адамгершілік болмысына ризамыз», – деген пікірде. Қазақтың халық әндерін нақышына келтіре шырқайтын Раушан Ибадуллақызының еңбегі текке кеткен жоқ. Бірнеше рет қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын иеленді. 2010 жылы қалалық келіндер байқауына қатысып, «Иманды келін» атанды. Мәдени және спорттық шараларға белсене атсалысатын ол ҚР мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыста әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден 4 орынды жеңіп алды. Елбасының жастарды қолдау саясатын жүзеге асыру бойынша әрдайым белсенділік танытқаны үшін бірнеше рет қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаты табысталды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол 2009 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында білімін арттырып, «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс» тақырыбындағы жобасын сәтті қорғап шықты. (далее…)

Каламкас АБДУАЛИЕВА: «Дело и в идеях, и в желании их реализовать»

Пятница, 22 Янв 2021

Влюбленного в свою деятельность человека отличаешь сразу: спокойствие, самоирония, готовность говорить о любимом поприще часами, не избегая при этом «подводных камней». Каламкас АБДУАЛИЕВА, председатель Общественного объединения «Социальная поддержка «Аяулым», как раз из таких. Наши с ней встречи никогда не носили, не носят и, надеюсь, никогда не будут носить «эпизодический» характер: говорим подолгу, обо всем, не забывая, конечно, и о главной теме. Эта встреча в коворкинг-центре городскойбиблиотеки исключением не стала.

Мы встретились, чтобы поговорить об итогах работы Общественного объединения «Социальная поддержка «Аяулым» в 2020 году. Но, как и всегда, слегка уклонились (но не забыли, нет!) от повода встречи.

– Да, – начинает Каламкас Абдуалиева, – на сегодняшний день в нашем городе насчитывается около 40 неправительственных организаций, из которых активную деятельность осуществляют всего пять или шесть: военно-патриотические, этнокультурные, детско-молодежные и женские и гендерные организации, а также организации по поддержке инвалидов, общественных инициатив, социальные, правозащитные, спортивные, экологические и организации по развитию СМИ.

Как видим, общественные организации задействованы и присутствуют во всей социальной и общественной жизни горожан.

– Прошлый год для общественников выдался непростым. Пандемия разогнала всех по домам. Буквально. Как это отразилось на работе вашего общественного объединения? (далее…)