Архив за 05 Фев 2021

Домбауыл немесе Добұн мерген

Пятница, 05 Фев 2021

Екінші мыңжылдықтың тұлғасы деп дүниежүзі мойындаған Шыңғыс қаһанның шыққан тегі бүгінгі күні қызу талқылануда. Ұлы тұлғаның руы, туған жері, саясатын жүргізген Отаны туралы зерттеулер екі бағытқа қақ айырылып шықты. Кезіндегі Ресей отаршылдық саясаты көздеген кигіз туырлы елді екіге айыру мақсаты өз дәрежесіне жетіп отырғанына ұқсайды. Қазақ пен Моңғол тарихнамасының соғысы, әсіресе қоғамдық интернет желілерінде, аянбай қақтығысқа ие болып отырғанын көреміз. (далее…)

Мемлекет мәртебесін айқындайды

Пятница, 05 Фев 2021

Сот шешімдерінің орындалмауы сот жүйесінің ғана емес, жалпы мемлекеттің өзекті проблемаларының бірі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес заңды күшіне енгеннен кейін сот актілері дереу орындалуы тиіс. (далее…)

Онлайн отырыстың оңтайлылығы

Пятница, 05 Фев 2021

Карантинге байланысты шиеленіскен жағдайды ескере отырып, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында сот органдары сот отырыстарын қашықтықтан онлайн режимде өткізуге шешім қабылдады. Осыған байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын азайту мақсатында Сәтбаев қалалық соты да істерді онлайн режимде қарауда. Осындай кезде емханалар мен құқық қорғау орындарына қоса сот саласы қызметінің маңыздылығы арта түсті. Судьялар да қашықтықтан жұмыс істей отырып, толыққанды сот төрелігін жүзеге асыруда. (далее…)

стартовала приписка граждан к призывным участкам

Пятница, 05 Фев 2021

Согласно Закону Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих» от 16 февраля 2012 года ежегодно в местных органах военного управления с января по март проводится приписка граждан к призывным участкам. (далее…)

Мемлекеттік қызмет көрсету

Пятница, 05 Фев 2021

Мемлекеттік архивтің негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік — құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау болып табылады. Мемлекеттік архив жыл сайын Қазақстан азаматтары мен жақын, алыс шетел азаматтарының заңды құқықтарын қорғайтын 2000-нан аса архивтік анықтамалар орындайды. «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығы арқылы жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамаларды беру мемлекеттік архив кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады. (далее…)

Қауіпті әлеуметтік кесел

Пятница, 05 Фев 2021

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінгі дейін жойылуы қиынға соғып отырған қауіпті кеселдің бірі. (далее…)

Алдын алу шарасы — қауіпсіздік кепілі

Пятница, 05 Фев 2021

Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29-31 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік қозғалысын қадағалаудың тиімділігін күшейту. Үш күн қатарынан өткен шара барысында полиция жасақтары көбейтіліп, тәртіп сақшылары волонтерлердің және қоғам белсенділерінің қатысуымен рейдтер жүргізіп, көлік жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілердің де тәртібін бақылады. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Марғұлан Әубәкіровтың айтуынша, жедел алдын алу шарасы кезінде 35 хаттама толтырылыпты. Оның ішінде көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 3 азамат ұсталып, 2 азаматтың үстінен қылмыстық іс козғалса, 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол сот каулысымен 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге шектетілді. Бұдан бөлек қауіпсіздік белдігін тақпаған 9 азамат және көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонды қолданған 7 тәртіп бұзушы анықталып, хаттама толтырылды.

Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында осындай 8 жедел алдын алу шарасы өткен. Нәтижесінде 437 хаттама толтырылған.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.