Архив за 19 Фев 2021

Отансүйгіштікке бағыттады

Пятница, 19 Фев 2021

Мұнан соңғы шара Достық үйінде жалғасын тапты. «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – аға буынның ерлігін насихаттау. Жастар ресурстық орталығы бастамашыл болған жарыстың алғашқы кезеңінде әскери антына адалдық, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгісін көрсеткен жауынгерлерге арналған жыр шумақтарынан шашу шашылды. Сонымен қатар, автоматты шашып тастап, тез арада қайта жинақтау кезеңінде қатысушылар жылдамдық танытты. Үшінші шарт бойынша Ауған соғысына байланысты сахналық көрініс қойылды. Карантин талабын сақтаған ұйымдастырушылар байқауды онлайн форматта өткізді. Сәтбаев қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сайлау Қайранбеков жастардың өздеріне көрсеткен құрметіне ағалық алғысын білдіріп, өткен күндерден сыр шертті. Қазылар алқасының шешімімен Технологиялық колледж – үшінші, Индустриялдық колледж екінші орындарды иеленсе, «Денсаулық» медициналық колледждің студенттері барлық кезең бойынша оза шауып, бірінші орынды қанжығалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Жаңа есіммен толықты

Пятница, 19 Фев 2021

Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Жауынгер-интернационалист ардагерлер» атты топтамасын тағы бір жаңа есіммен толықтырды.

Жеке тектік қорына құжат өткізген Ауған соғысының ардагері Аманай Шахтаев 1961 жылдың 19 қаңтарында Рудник кентінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қарасты Технологиялық колледж оқытушысы. Ерлік пен елдіктің көрінісі болған ағалар ерлігін насихаттауды мақсат еткен архив басшысы Гүлнара Байғазиева мұндай шараның жас ұрпаққа берері мол екендігін атап айтты.

– Тарих қойнауына өшпес із қалдырған оқиғаны ұмыту мүмкін емес. Сондықтан, сіздер ең жоғарғы құрметке лайықсыздар, – деп ыстық ықыласын білдірді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейлі 60 жасымен құттықтаған архив ұжымы Аманай Бекішұлына сертификат табыстады. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, Ауған соғысының ардагерлері Ертай Джанкелдиев, Төремұрат Байжанов Алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында қонақтар арнайы жасалған тақырыптық көрмені тамашалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суретті түсірген М.Алпысбай.

БАҒА БАҚЫЛАУДА

Пятница, 19 Фев 2021

Өткен сенбіде депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері жәрмеңке бағасына бақылау жүргізді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру өте маңызды. Осы мақсатта апта сайын бақылау жүргізіліп, арнайы рейд өткізілуде. Байқағанымыздай, жәрмеңкеде бұрынғыдай көп өнім жоқ. Десе де, қала тұрғындары бұл жердегі бағаның көңіл көншітпейтіндігін алға тартуда.

– Жәрмеңкеге анда-санда бір келемін. Бұл жерде баға деген төмен болуы керек. Алайда, арзандатылған ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Бұл орын саудагерлерге тегін беріледі. Халық игілігі үшін кішкене болса да түсірмей ме, – дейді қала тұрғындарының бірі.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Абулайс Мулақовтың айтуынша, бұл жерде сатушылардың өзіне қолайлы жағдай жасалмаған. Өздерінде бар стол-орындықтармен сөре жасап алған. Санитарлық талап ақсап тұр. Ауылшаруашылық бөлімі тарапынан рұқсат қағаздары берілгенімен, арнайы бағалар көрсетілмеген. Оның үстіне жәрмеңке өтетін орын халық үшін қолайсыз. Жәрмеңке ортасында жеңіл көліктер оңды-солды, емін-еркін жүр. Бұл жағдайды тәртіп сақшыларына жолдағанымызда, аталмыш орында арнайы белгілер орнатылмағандықтан көлік иелерін тоқтатуға құқығы жоқтығын алға тартты.

Рейд жүргізген арнайы топ бұл олқылықтардың алдын алып, Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыламақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Тіркеу куәліктері тапсырылды

Пятница, 19 Фев 2021

Сәтбаев қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде 2004 жылы туған жасөспірімдерге әскерге шақыру бөлімшесіне тіркеу куәліктерін салтанатты түрде табыс­тау рәсімі өтті.

Бұл шараға қаланың Құрметті азаматы Мағзұм Қожахметов және тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан сәтбаевтық сарбаздар шақырылды. Құрметті қонақтар болашақ Отан қорғаушыларға өз лебіздерін білдіріп, тіркеу куәліктерін табыс етті.
Салтанатты іс-шара соңында 5 сәтбаевтық жауынгерге тәжік-ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толуына орай шығарылған естелік медальдар тапсырылды.

Мәди Әлжаппаров.

Ерекше рух алды

Пятница, 19 Фев 2021

Бүгінгі жастар Ауған соғысына қатысқан өрімдей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағанын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағлым алсын деген мақсатпен жыл сайын қаламыздағы орталық кітапханада көрмелер, тарихи сағаттар, кездесулер, мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жуырда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ауған – жүректегі жара» кездесу кеші өтті. (далее…)

Оқырмандар үшін оңтайлы

Пятница, 19 Фев 2021

Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасында 2018 жылы Coworking залы ашылды. Күнделікті өмірімізге ене бастаған «коворкинг» сөзі бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Осы орталықтың ашылуы оқырмандар үшін жақсы жаңалық болды. Бүгінгі күнге дейін коворкинг өз жұмысын белсенді атқарып келеді. Қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналды. (далее…)

Предвыборная «Дорожная карта» одобрена

Пятница, 19 Фев 2021

В малом зале акимата состоялось заседание фракции партии «Nur Otan», в которую входят большинство депутатов городского маслихата. Председательствовал руководитель фракции Кайрат Балмагамбетов.

В заседании приняли участие председатель городского филиала партии Аскар Идрисов, секретарь маслихата Татьяна Хмилярчук, заместитель акима города Даур Жунусбеков и представитель ГУ «Отдел экономики и финансов г.Сатпаев».

Был рассмотрен вопрос «Проект дорожной карты по реализации предвыборной программы партии по городу Сатпаев на 2021-2025 годы». Даур Жунусбеков рассказал о программе развития города, которая состоит из семи приоритетных направлений: «Экономически устойчивый город»; «Комфортный город»; «Социально-ориентированный город»; «Город для молодежи»; «Открытые и подотчетные местные органы» и «Безопасный город».

Заслушав и обсудив доклад, единогласным решением проект Дорожной карты будет направлен на утверждение в Бюро Политсовета.

(Соб. инф.)

Все – на электромобили

Пятница, 19 Фев 2021

Казахстанец Санжар Тайжан, финалист конкурса Илона Маска – Not-A-Boring Competition, рассказал, когда Казахстан перейдет на электроавтомобили, передает zakon.kz.

Он признался, что задается этим вопросом каждый день и надеется, что переход произойдет как можно скорее. «…В Казахстане много шагов предпринято для того, чтобы электрифицировать транспорт. Запрет на продажу автомобилей с бензином мог бы начаться с 2035 года… Весь транспорт может быть электрифицирован где-то в 2060 году..», — сказал он в прямом эфире МИИР РК в Instagram.

Санжар также высказался о желании поработать в США, в то же время он хочет принести пользу Казахстану: «Сейчас у меня разные проекты намечаются, и я думаю, что эти проекты будут межстрановыми. Я верю, что в Казахстане возможны мегапроекты. Когда мы начнем работу над ними, нам нужно будет предупредить другие страны, чтобы они держались, потому что мы «всех перевернем», в хорошем смысле. У нас есть потенциал и мы должны верить и работать», — отметил он.

Санжар Тайжан рассказал, что технологии больших компаний вполне реалистичны и выполнимы в Казахстане: «…Самый лучший вариант для достижения успеха — не жалеть себя и работать. Когда ты знаешь, что именно ты делаешь, не боясь ничего и не слушая никого, то тогда возможна магия», — сказал Санжар.

Напомним, казахстанец попал в финал конкурса Илона Маска Not-A-Boring Competition (создание тоннелей на скорость). Летом команда Санжара и другие 11 финалистов поедут в США для презентации своего проекта Маску.

Соб.инф. Фото: dalanews.kz

«Не хотим быть маленькими-миленькими…»

Пятница, 19 Фев 2021

«Вы, взрослые, не слышите нас, потому что не хотите слышать. А мы уже устали настаивать», – вот такое объяснение «пассивности молодых» в общественно значимых для нашего города вопросах дали участники молодежного крыла АНК при городском Доме дружбы на очередном заседании клуба «Услышь меня!» (далее…)

Вместе одолеем пандемию

Пятница, 19 Фев 2021

Обновленный состав депутатского корпуса Сатпаевского городского маслихата, как и депутаты прошедших созывов, особое внимание будут уделять решению социальных проблем города. С повестки дня не снимаются вопросы благоустройства и озеленения, тепловодоснабжения, защиты малообеспеченных слоев населения, инвалидов, одиноких пенсионеров, несомненно, в поле зрения депутатов будут, как и прежде, такие важные сферы, как образование и медицина. (далее…)