Архив за 12 Мар 2021

ВСЕ ПОЧЕСТИ – ПРЕКРАСНОЙ ПОЛОВИНЕ

Пятница, 12 Мар 2021

В честь празднования Международного женского дня во Дворце горняков имени Ш.Дильдебаева состоялось торжественное собрание, на котором чествовали лучших представителей женской половины сатпаевцев.

Женщины из разных сфер деятельности собрались в зале Дворца, где каждая из присутствующих получила подарки и цветы. Со словами поздравлений и добрых пожеланий к присутствующим в зале женщинам обратился аким города Аскар Идрисов:

– Вам, наши дорогие и любимые матери, жёны, дочери, сёстры, подруги – всем, кто своим существом придает смысл нашей жизни, мы с чувством глубокого уважения и признательности, от всей души дарим улыбки и цветы. (далее…)

Сұлулық пен парасат иелері

Пятница, 12 Мар 2021

«Ақ отау» қыз-келіншектер орталығы жанындағы «Сырласу» клубы өз жұмысын бастады. Халықаралық әйелдер күніне орай қаламыздағы Достық үйінде Аналар кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған «Сұлулық пен парасаттылық қазақ қызына тән қасиет» дөңгелек үстелі көптің көңілінде жүрген өзекті мәселелерге бағытталды.

Алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары, орталық төрайымы Айгүл Төлендина ізгі лебізін білдіре келе ұлт болашағы қыздарымызға қатысты екендігін атап айтты.

– Әлбетте, қай уа­қыт­та болсын, қоғамның тірегі асыл аналар ғой. Баланың бойына ұлттық рухты дарытатын ананың ақ сүті, бесіктің жы­ры, ананың әлдиі. Ал, қалып­тас­ты­ра­тын тәрбие мен орта. Біздің сол бесік  жырымыздан да, әлдиімізден де ажырап бара жатқаны­мыз жасырын емес. Қыз – ұлттың ары, мөлдірлік сим­волы. Ежелден қыз тәр­бие­сіне ер­ек­ше көңіл бөлген халықпыз. Олай болса, құн­дылықтарды жандандыруды мақсат тұтқан, ибалы да ақылды қазақ аруларын үлгі қылатын «Сырласу» клу­бының жұмысына сәттілік тілеймін, – деді. (далее…)

Паркке парқы бар шешімдер керек

Пятница, 12 Мар 2021

Қаламыздың экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында индустриалды парк ашу көзделуде. Сол арқылы өндіріс қуатын ұлғайтып, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолайлы орта қалыптастыру көзделген. Қалалық Қоғамдық кеңес отырысында осы және өзге мәселелер талқыға салынып, түйінді тұстары тарқатылды. (далее…)

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН…

Пятница, 12 Мар 2021

Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылдың 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қайнар ауылында туған. 1958 жылы Қазақстан кен-металлургия институтын тәмамдап, инженер-металлург мамандығын алып шыққан соң, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің редакциясында жұмыс істеп, біраз уақыт жұмысшы жастар бөлімін басқарған. 1959 жылы Семей цемент зауытына ауысып, біраз жыл қатардағы инженерден техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. (далее…)

Жақсылық жасаудан жарысқандар

Пятница, 12 Мар 2021

Алғыс айту күні әркім өзінше шынайы ниетін білдіргісі келеді. Бұл күні қаламыздағы «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері де қарап қалған жоқ. Қайырымдылық іске әрқашан өз қолдауын білдіріп жүрген еріктілер мен жеке кәсіпкерлерге алғыс білдіру мақсатында «Айжұлдыз» этно-кафесінде дастархан жайып, жақсылар мен жайсаңдардың басын қосты.

Шараны бастамас бұрын келген қонақтардан бата алып, ізгі тілектерге кезек берілді.

Қайырымдылық қордың игі бастамасының одан әрі жалғасуын тілеген түрлі ұйым басшылары Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады. Бүгінгі таңда «Харекет» қайырымдылық қоры «1000 теңгеге баспана» акциясы аясында 400-ден астам адамның жоғын жоқтап, баспанамен қамтамасыз етті. Ал, Жезқазған аймағы бойынша осы қордың шарапатын көрген 15 отбасы бар. Ақ дастархан басына жиналған көпшілікке «Харекет» қайырымдылық қорының Сәтбаев қаласы бойынша өкілі Рәш қажы Мизамбаева алғысын жаудырып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Жақсылық жасауда жарысып жүрген жайсаңдар осылайша бір-біріне ақжарма тілегін жаудырып, әлі де бірлесе жұмыс жасап, мұқтаж жандарға қолұшын беруден танбайтындықтарын жеткізді. Қайырымды жандардың басы қосылған кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш соңында қонақтар арнайы қойылған жәшікке ақша салуды да ұмытпады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Жүлдегер атанды

Пятница, 12 Мар 2021

Жазушы Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай Мәскеу қаласындағы Агния Барто атындағы Мәдени орталық «Барлық балалардың құрдасы» атты балалар шығармашылық фестивалін өткізді.

Бұл фестиваль көрнекті ақын және қоғам қайраткерінің шығармашылығына деген қызығушылықты дамыту және Агния Бартоның шығармашылығының эстетикалық және адамгершілік қасиетін ашу мақсатында ұйымдастырылды. 1964 жылы Агния Львовна бір топ мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерімен бірге Қазақстандағы орыс мәдениетінің онкүндігіне қатысты.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Елена Кучаева онлайн фестиваль өткізу ережесін ұсынған болатын.

– Біздің балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан №1 мектеп-гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы Аружан Аяпова осы фестивальге 2 номинация бойынша қатысып, бағын сынап көрді. «Балалар өлеңдерін оқитын бүкіл планетаны қарастырайық» номинациясы бойынша Агния Бартоның өлеңдерін оқитын балалардың қойылымдары ұсынылып, бағаланды. «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясында балалар Агния Бартоның шығармашылығы туралы эссе жазды. Біздің оқырманымыз Аружан Аяпова «Ол туралы қалың дәптер жаза алар едім» атты номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды.
Аружанға шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз.

Өз тілшіміз.

Қайырымдылық қалтасы

Пятница, 12 Мар 2021

8 Наурыз – Аналар мерекесі қарсаңында Достық үйінде қалалық меценаттар клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова қайырымдылық шарасын өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында жүзеге асырылған шарада көпбалалы 30 отбасына азық-түлік себеттері таратылды.

Әлемді жайлаған індет өршіген уақытта волонтерлік бағыттың дамуына күш салған М.Бақбергенова қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

– Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы алыстай береді. Ата-бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден алыстамайық. Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз. Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қолдау танытайық. Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін, жақсылық жасауды ұмытпайық! – дейді ол.

(Өз тілшіміз).

Ұлттық бұйымдар жасаудың шебері

Пятница, 12 Мар 2021

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген ұлттық кодымыздың тамырын қазақы салт-дәстүрден іздесек, әсте қателеспейміз. Қазақ халқы ежелден-ақ ұлттық құндылығын қастерлеп, салт-дәстүрін сақтаған. Зергерлер алтын, күмістен әшекей бұйымдар соқса, әр қазақ әйелінің қолынан ұршығы түспеген. Тұрмыс қажетіне керектінің бәрін қолөнермен ұштастырып, оны жас ұрпаққа жалғап отырған. Ұлттық қадір-қасиетіміздің парқын арттырып, ісмерлігімен танылған кәсіп иесінің бірі – Айдана Әлайдарқызы.

Құрақ құрауға жас кезінен бейім ол көрпеше, жапқыш, жастық, қоржын, орындық төсеніштері және тағы басқа ұлттық нақыштағы дүниелерді жасаудың шебері. Оның қолынан шыққан бұйымдар сәнді әрі ерекше.

– Қолөнер – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі. Оны жалғастыру – әрбіріміздің ортақ парызымыз. Алғашында сүйікті ісім болып басталған көрпе көктеу, іс тігу өнері кейін келе серігіме айналды. Көрпе құрау, іс тігуді меңгергісі келетін қыздарға үйретудемін. Келешекке мақсат – айқын, бағыт – нық. Жұмысымды жетілдіре беремін. Өз тұтынушыларыма тапсырысты сапалы әрі қолжетімді бағада ұсынамын. Еңбектің жеңілі болмайды. Көз майыңды тауысасың, төзім керек. Қолөнердің құндылығы да осында. Менің қолымнан шыққан қошқар мүйіз, мозаика, ши құрақ үлгісіндегі көрпеше-жастықтар біраз үйлердің көркін кіргізіп, сәнін келтіруде, – дейді ол.

Егер қол өнерге икеміңіз бар болса хас шебердің сабағына қатыса аласыз. Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығында 10-15 наурыз аралығында Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі, Қазақстан және Халықаралық көрмелерде ұлттық бұйымдар жасаудан жүлделі орын алған жеңімпаз, іскер дизайнер Айдана Әлайдарқызы «Жүн өнімдерінің технологиясы» тақырыбында сабақ өткізбек.

(Өз тілшіміз).

Жас ақындар жырлайды

Пятница, 12 Мар 2021

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға баули отырып, поэзия әлемінде қалам тартып жүрген мектебіміздің жас ақындарының өнеріне қолдау көрсету мақсатында «Ана – өмір шуағы» атты мүшәйра болып өтті. (далее…)

РАБОТУ НЕОБХОДИМО АКТИВИЗИРОВАТЬ

Пятница, 12 Мар 2021

Несмотря на то, что в последнее время эпидемиологическая ситуация в регионе стабилизируется благодаря ограничительным карантинным мерам, эпидемия COVID-19 еще сохраняется. Многие из горожан, забывая о запретах, продолжают нарушать требования карантина. Однако, не стоит думать, что риска заражения коронавирусной инфекцией не существует. Об этом шла речь на совещаниях, которые прошли под председательством акима города Аскара Идрисова в среду в большом зале заседаний акимата. Одно – с членами мобильных групп, действующих в городе для контроля за соблюдением санитарно-дезинфекционного режима, другое – с участием руководителей медицинских и образовательных учреждений города.

Открывая встречу, глава города вкратце озвучил информацию о текущей санитарно-эпидемиологической ситуации на территории города. Было отмечено, что с начала года, несмотря на предпринимаемые карантинные меры, есть случаи заражения коронавирусом.

– В целом по городу цифры по количеству заболевших не являются утешительными. На сегодняшний день 38 человек болеющих, из них 22 находятся на лечении в стационарах и 16 бессимптомных больных – на домашнем карантине. Если брать данные с января месяца этого года, то всего заболевших – 98, из которых 60 выздоровели. На домашнем карантине за два с лишним месяца находились более 270 человек. Есть среди заболевших и лица старше 65 лет, и дети – учащиеся школ. Это-то и настораживает. Не секрет, особенность этой болезни в том, что один заболевший может одномоментно заразить несколько человек. В городе по-прежнему действует запрет на проведение массовых культурных, спортивных, зрелищных и семейных мероприятий и торжеств, обязательный масочный режим и социальное дистанцирование, а с сегодняшнего дня мы находимся в «жёлтой» зоне, – подчеркнул Аскар Абылаевич в своём вступительном слове.

В этой связи, как было сказано, вопрос о повышении качества работы мониторинговых групп по контролю за соблюдением санитарно-дезинфекционного режима, оперативности в работе медучреждений по оказанию первичной медико-санитарной помощи, а также контроль за соблюдением карантина больных, находящихся в домашних условиях лечения, являются одними из основных. (далее…)