«Жеңіс» саябағы жаңғыртылуда
Пятница, 02 Апр 2021Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов өзінің ел алдындағы есебінде қаланың шеткері аймақтарын жаңғырту бойынша биыл біраз жобалар жүзеге асырылатынын айтқан еді. Соның бірі – көпшілік жиналатын жер болса да көркі кетіп тұрған «Жеңіс» саябағы. Осы демалыс аймағын заманауи тұрғыда жаңғырту жұмыстарының биыл басталатынын да жеткізген болатын әкім сол жолы. Міне, сол іс басталып кетті.
Жасыратыны жоқ, соңғы кездері саябақтың сәні кетіп, қаланың сәулетіне кері әсерін тигізіп тұрған еді. Ағаштары қураған, қоршауы сынған, көпшілік серуендейтін, демалып отыратын оңтайлы орындары жоқ болатын саябақтың. Кешегі «көненің көзі» демесеңіз, демалыс бағы деуге келмейтін еді. Сондықтан да саябақты сәулеттендіру ісі бұған дейін бірнеше рет қаралды. Тіпті, жеке кәсіпкердің күтіміне беру мәселесі де қозғалған еді. Алайда, «мен алып, оңдайын» дейтін іскер адам жұлқынып шыға қоймады.
«Сабақты ине – сәтімен» демей ме атам қазақ. Саябақты жөндеудің де сәті биыл түсті. Қомақты қаржы қаралып отыр. «Бақты заманауи демалыс орнына айналдыру үшін 215 миллион теңге бөлінбек. Оның жартысы жергілікті бюджеттің еншісінде», дейді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Нұржан Кенжеғұлов. (далее…)