Архив за 16 Июл 2021

Қадірлі жерлестер! Құрметті мұсылман қауым!

Пятница, 16 Июл 2021

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.

Бұл мейрам еліміздің ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, Аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.

Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілейміз!

Айт қабыл болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А. ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихат хатшысы Т. ХМИЛЯРЧУК

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Қадірлі қауым!

Пятница, 16 Июл 2021

Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. (далее…)

«Достық» достастыруда

Пятница, 16 Июл 2021

№1 мектеп-гимназиясы жанындағы «Достық» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс атқаруда. Сауықтыру алаңы мектебіміздегі көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларымен қамтылған.

Бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатындағы сауықтыру лагерінің атқаратын маңызы зор. Жазғы демалысты ұйымдастыруға арналған іс-шаралар, ойындар, топтық жұмыстардың сценарийлері, жеке жоспарлар балалардың жас ерекшеліктерін толықтай қамтиды. Қазіргі таңдағы пандемеяға қарамастан сақтық шараларын ескере отырып, қолайлы жағдай ұйымдастырылған.

«Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» демекші, күн сайын балалар арнайы құрылған жоспарға сай дене жаттығуларымен айналысып, дәрумендер мен минералдарға толы тегін тамақпен қамтылып, түрлі мерекелік шараларға қатысуда. Шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Сонымен қатар, мектеп медбикелерінің қадағалауымен ертеңгісін тексеріліп, дәрумендер ішіп, рефлексотерапия бөлмесінде арнайы терапиядан өтуде.

Алаңның балақайларға ұнағаны соншалықты олар «Достық» алаңынан жаңа достар тауып, екінші кезеңге қайта келуге өтініш білдіруде. Біз де бұған қуаныштымыз.

А.Абдигожина,
алаң басшысы.

«Ақбота» армандарға жетелейді

Пятница, 16 Июл 2021

№15 мектепте маусым айынан бастап «Ақбота» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс жасауда. Сауықтыру алаңына әлеуметтік жағдайына байланысты 83 бала қабылданды. Қазіргі індетке орай карантиндік барлық талаптар қатаң сақталуда. Алаңда бекітілген арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. «Балалығым – бақытты шағым» шарасы жоғары деңгейде өтті.

Тәрбиешілер түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдап, балаларға қуаныш сыйлады. «Жасыл досымыз­ды қорғау» жобасы, «Табиғатты аяла» суреттер байқауы, Елбасының «Жасыл» бастамаларын насихаттау және «Stop Musor» әлеуметтік жобасы аясында «Біз – таза қала үшін!» ұранымен қала тұрғындарына үндеу жолданды. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жазғы сауықтыру алаңындағы оқушылармен үгіт бригада құрылды. ЮПТ ЖПҚБ Полиция бөлімінің капитаны Нұрбек Қалиев түсіндірме жұмысын жүргізді. “Қазақстан рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы КММ (Достық үйі) жанындағы “Қамқор” әлеуметтік қолдау орталығы психологтарының ұйымдастыруымен “Сіздің үйіңіз – сіздің қорғаныңыз”, “Біз жер бетіндегі бейбітшілікті қолдаймыз” атты асфальтта сурет салу байқауына белсене қатысқан мектебіміздің ұжымы марапатталды.

Елордамыздың туған күніне сәйкес сауықтыру алаңында түрлі іс-шаралар ұйымдас­тырылды. «Нұр-Сұлтан деп соққан жүрегім» тақырыбында суреттер конкурсы ұйымдастырылып, «Нұр-Сұлтан қаласына виртуалды саяхат» жасалынды. «Астанам – мақтанышым» асфальтта сурет салу конкурсы, «Көркің қандай көз тоймайтын» макеттер сайысы өтті. «Елорда тарихы – ел тарихы» челленджі қала мектептеріне жолданып, осы шаралар арқылы оқушыларға толық мағлұмат берілді. Балалардың қиялына қанат бітіріп, армандарға жетелеген «Ақбота» сауықтыру алаңы көңілді күй сыйлауда.

Г.Толегенова, Г.Мұздрапова,
мектеп мұғалімдері.

Назар аударыңыздар!

Пятница, 16 Июл 2021

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.06.2021 ж. №23 жаңа қаулысы шығарылды. Осы қаулының негізі ретінде бұрын қолданыста болған барлық қаулылар алынды, бұл ретте мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда:

«Ashyq»жобасын пайдалану кезінде қызметі толығымен тоқтатылады, оның ішінде:

— Аквапарктер, оның ішінде орналасқан бассейндер
— Жағажайлар, оның ішінде рұқсат етілмеген;
— Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар;
— Аттракциондар, оның ішінде ашық ауада орналасқан;
— Облысаралық және қалалық тұрақты емес «туристік» тасымалдар
— Жеке кеме қатынасы құралдарын жеке пайдалануды қоспағанда, серуендеуге арналған кеме қатынасы құралдары (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.).

Бассейндердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі тоқтатылады. «Ashyq» жобасы пайдаланылатын объектілерді қоспағанда, оларға тек жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі және демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сенбі және жексенбі күндері бұрын қолданылған қызметке тыйым салудан басқа, жұмыс күндері шектеу енгізілді:

-Сауналар, СПА-орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-клубтары, фитнес-орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда «Ashyq» қосымшасын пайдаланбай сағат 20.00-ге дейін шектеу іс — шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне қойылатын талаптарды сақтай отырып;
— Сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары (осы объектілерде вакцинация пункттерінің орналасуына қарамастан), ауданы 2000 ш. м. дейін азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған), супермаркеттердің ішінде дәріханалардың орналасқандарын қоспағанда, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), сағат 17.00-ге дейін.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген объектілерде «Ashyq» қосымшасын пайдаланған кезде де демалыс(сенбі және жексенбі) және мереке күндері қызметі тоқтатылады.

Бұдан басқа, діни объектілерде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар, дұға үйлері және т .б.), оның ішінде ашық ауада (жұма намазы, айт намазы, литургиялар, масса, аптимица және т. б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде (үй-жайда), оның ішінде «Ashyq» жобасы пайдаланылатын дәмхана, мейрамхана, бар, асхана және банкет залдарында жұмыс аралығы түнгі сағат 2.00-ден 22.00-ге дейін қысқартылған. Балалар ойнау алаңы кешкі сағат 24.00 — ге дейін (бұрын 2.00-ге дейін).

Бұдан басқа, бұрын қолданыста болған ойын-сауық, бұқаралық, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу шараларын, сондай-ақ, конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдерді т.б. өткізуге және мәдени-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылғы 13 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енді.

Внимание!

Пятница, 16 Июл 2021

Вынесено новое постановление Главного государственного санитарного врача Карагандинской области от 10.06.2021г. №23 в основе данного постановления взяты все раннее действующие постановления, при этом вынесены следующие изменения и дополнения, а именно:

Полностью приостанавливается деятельность, в том числе при использовании проекта «Ashyq»:

— Аквапарки, в том числе расположенные в них бассейны
— Пляжи, в том числе несанкционированные
— Театры, кинотеатры, концертные залы, филармонии
— Аттракционы, в том числе на открытом воздухе
— Межобластные и городские нерегулярные «туристические» перевозки
— Прогулочные судоходные средства (теплоходы, катера, лодки, катамараны, водные мотоциклы и т.д.), за исключением индивидуального использования личного судоходного средства.

Приостанавливается функционирование в будние, выходные и праздничные дни бассейнов, за исключением тех объектов, на которых используется проект «Ashyq», которым разрешается работать только в будние дни и запрещается функционировать в выходные (суббота и воскресенье) и праздничные дни.

Помимо ранее действовавшего запрета деятельности в субботние и воскресные дни, внесено ограничение работы в будние дни:

— Саун, СПА-центров, спорткомплексов, спортивно- оздоровительных центров, фитнес-клубов, фитнес-центров, включая йога-центры без использования приложения «Ashyq» до 20.00 часов с соблюдением требовании на период введения ограничительных мероприятий, в том числе карантина
— ТРЦ, торговые дома, торговые сети по реализации не продовольственных товаров, оптово-распределительные центры (независимо от размещения на данных объектах пунктов вакцинации), непродуктивные магазины (отдельно стоящие) площадью до 2000 кв.м., крытые рынки (продуктовые, непродуктовые) за исключением расположенных внутри аптек, супермаркетов, до 17.00 часов

При этом даже при использовании приложения «Ashyq» на вышеуказанных объектах, приостанавливается деятельность в выходные(суббота и воскресенье) и праздничные дни.

Кроме того, запрещается проведения коллективных мероприятий на религиозных объектах (мечети, церкви, соборы, синагоги, дома молитв, и др), в том числе на открытом воздухе (жұма намаз, айт намаз, литургии, месса, седмица и др. ) .

На объектах общественного питания (в помещении), в то числе кафе, ресторанов, баров, столовых и банкетных залах, где используется проект «Ashyq», интервал работы сокращен с 2.00 ч. ночи до 22.00. ч. вечера, на летних площадках — до 24.00 (ранее также было до 2.00 ч.).

Кроме того, помимо ранее действующего запрета на проведение зрелищных, массовых, торжественных, семейных, памятных мероприятий, в том числе конференции, форумов, семинаров, круглых столов и т.д. введен так же запрет на проведение культурно-массовых мероприятий, в том числе на открытом воздухе.

Постановление вступило в силу с 00.00 часов 13 июля 2021 года.

Мүмкіндігі шектеулі жандар – басты назарда

Пятница, 16 Июл 2021

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру – басты міндет. Осы орайда еліміздің бас партиясы «Кедергісіз келешек» атты жоба да жасады. Оның басты мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету. Сайып келгенде, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қашанда басты назарда болмақ.

Бүгінгі күні қала бойынша 4700 адам мүмкіндігі шектеулі жан ретінде есепте тұр. Олардың 295-і І топтағы, 1677-сі ІІ топтағы, 2434-і ІІІ топтағы мүгедектер. Ал, 295-і бала жасынан мүмкіндігі шектелген 16 жасқа дейінгі жеткіншектер. Осы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеу­меттік топтарына қарай әлеуметтік көмек түрлері көрсетіліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын жақсартумен қатар, сол денсаулықтарына байланысты тиісті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп отырады. Қала әкімдігі де мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайларын өз назарында ұстап отырады. Қаламыздағы кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған, мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету игі бастамасы өз жалғасын табуда. Бұл жандарға арнайы бөлінген жеке көмекшілерде баршылық. Жеке көмекші, ең алдымен, көру қабілеті төмен, өздігінен жүріп-тұра алмайтын, қимыл-қозғалысы қиын I топтағы мүмкіндігі шектеу­лі адамдарға бөлінеді. (далее…)

Ұлық мереке ұлы мұраттарға бастайды

Пятница, 16 Июл 2021

Екі жылдан бері есті алған коронавирус инфекциясы биыл да Құрбан айт мерекесін айрықша атап өтуге мүмкіндік бермейін деп тұр. Өңірде індет қайра өршіп барады. Осыған орай шектеу шаралары да күшейтілді. Ал, ұлық мереке қалай өткізіледі? Құрбандық қалай шалынып, мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары қалай жасалынбақ?

Әдетте Құрбан айтта құрбандық шалу рәсімі айт намазы оқылғаннан кейін басталатын. Бірақ, өкінішке орай, биыл да мешіттерде айт намазы оқылмайтын сыңайлы. Ендеше, құрбандық шалу уақыты қалай белгіленбек? Осы орайда біз қаламыздағы мешіттердің имамдарын әңгімеге тартқан едік. Олардың айтуынша, қатты суық, су тасқыны қатері және басқа да дәлелді себептермен айт намазы оқылмайтын болған жағдайда, құрбандық малы айт намазы оқылуы тиіс, яғни күн шыққан уақыттан бір сағат өткізіп шалынады. (далее…)

«Саяси науқанға сақадай саймыз»

Пятница, 16 Июл 2021

«Қазақстанда әркім маңызды». Биыл елімізде дәл осындай ұранмен Ұлттық халық санағы өтеді. Халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. 2020 жылға жоспарланған шара карантинге байланысты кейінге шегерілген болатын. Биыл халық санағы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі үй-үйді аралау. Маңызды саяси науқанға әзірлік жұмыстары жайында қалалық статистика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Исатаева баяндаған еді. (далее…)

Мемлекеттік тіл – іс жүргізу тілі

Пятница, 16 Июл 2021

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа келіп түскен құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі. Әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде мәлімдеме жасауға, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі. (далее…)