Архив за Август 2021

Құрметті сәтбаевтықтар! Құрметті жерлестер!

Понедельник, 30 Авг 2021

Сіздерді еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата Заң – еркін және күшті мемлекеттің символы, елдің дамуы мен әрбір адамның өмір сүру сапасының негізі. Еліміздің негізгі заңындағы ең маңызды ережелер мен нормалар адамдардың бостандығын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді.Конституция – егеменді Қазақстанның табысты өмір сүруінің берік негізі. Өміріміздің басты құжатын басшылыққа ала отырып, барлық жерде әлеуметтік-экономикалық әлеуетті көтеру, өндіріс орындарын нығайту, адамдардың әл-ауқатын жақсарту саясаты жүргізілуде. Денсаулық сақтау, білім мен ғылым, тұрғын үй, көлік, жол құрылысын жаңғырту әрбір отбасының, еліміздің әрбір азаматының өмір сапасының жайлылығын қамтамасыз етеді. Ата Заң жариялаған құндылықтарды сақтау, елдің әл-ауқатын, айналамыздағы адамдардың өмірін жақсарту әрқайсымыздың ұлттық іске қосқан жеке үлесімізге, қабілеттерімізге және құқықтарымыз бен міндеттерімізге жауапкершілікпен қарауға байланысты екенін есте ұстаған жөн. Біз өз ісімізбен қаламыз бен аймағымыздың дамуына елеулі үлес қосудамыз. Біз экономиканың әр түрлі салаларында ауқымды жобаларды іске асырудамыз, жаңа үйлер, әлеуметтік және мәдени нысандар салудамыз, бұқаралық спортты дамытудамыз. Нәтижесінде қаламыз көркейіп, гүлдене бастады. Өмір сүруге қолайлы, кез келген кәсіп үшін ыңғайлы. Бұл оң өзгерістерді көріп, сезінудің өзі біз үшін аса маңызды.

Құрметті отандастар!

Конституция күні қарсаңында сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, тұрақтылық пен өркендеу, барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Понедельник, 30 Авг 2021

От всей души поздравляем вас с одним из главных государственных праздников страны – Днем Конституции Республики Казахстан!

День Конституции – это символ свободного и сильного государства, фундамент для развития страны и повышения качества жизни каждого человека. В основном законе нашей страны прописаны свободы, права и обязанности людей, закреплены самые главные правила и нормы, которые лежат в основе остальных законов. Конституция – крепкий фундамент успешного существования суверенного Казахстана.

Руководствуясь главным документом нашей жизни, повсеместно проводится политика наращивания социально-экономического потенциала, укрепления наиболее перспективных отраслей, повышения благосостояния людей. Модернизация здравоохранения, образования и науки, сферы жилищного строительства и транспортно-дорожного хозяйства обеспечивает каждой нашей семье, каждому жителю страны качественно иной уровень жизни.

Важно беречь ценности, провозглашенные Конституцией, и помнить, что благополучие страны зависит от личного вклада каждого из нас в общегосударственное дело, от наших способностей и ответственного отношения к своим правам и обязанностям, от желания сделать свою жизнь и окружающих лучше и комфортнее.

Своим трудом мы вносим весомый вклад в развитие нашего города и региона. Реализуем масштабные проекты в разных сферах экономики, строим и сдаем новые дома, объекты социально-культурного назначения, развиваем и создаем достойные условия для занятий массовым спортом. В результате наш город меняется в лучшую сторону, городская среда становится более комфортной для жизни, перспективной для любых начинаний. Важно, чтобы каждый из вас увидел и почувствовал эти положительные перемены.

Дорогие соотечественники!

В преддверии Дня Конституции искренне желаем вам доброго здоровья, стабильности и благополучия, реализации всех намеченных планов!

Аким города Сатпаев А. ИДРИСОВ
Секретарь городского маслихата Т. ХМИЛЯРЧУК

Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатқан

Пятница, 27 Авг 2021

Спорт күніне орай дүбірлі додаларда ел абыройын асқақтатқан спортшыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп, қала әкімі Асқар Ыдырысов бір топ спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

Асқар Абылайұлы спортшыларымыздың жетістіктерін ерекше атап өтті. Оның ішінде көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып жүрген «Ястребы» хоккей командасымен, Денис Георгица, Зарина Тотаева, Әнуар Қазыхан сынды дара ұл-қыздармен мақтанатынын жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімі спортшыларға жасалып келе жатқан жағдайлардың да жоқ емес екендігін алға тартты. Мәселен, спорттық нысандар қалпына келтіріліп, «Жастар» жеңіл атлетика стадионы күрделі жөндеуден өтіп, биылғы жылы қолданысқа берілетінін айтты.

Байрақты бәсекелерде топ жарғандар қала басшысының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. «Жылдың үздік спортшысы» номинациясын Денис Георгица иеленсе, «Жылдың үздік бапкері» Владимир Коник атанды.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Алдын алуда

Пятница, 27 Авг 2021

Қоғамға қарсы мінез-­құлыққа бейім адамдар арасындағы қылмыстың алдын алуда пробация қызметінің маңызы зор. Осыған байланысты Сәтбаев қаласының аумағында арнайы жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

17-22 тамыз аралығында өткен жоба жаза басқан жандарды қоғамға бейімдеп, қайта құқық бұзуға жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған. Пробация есебінде тұрған азаматтарды қадағалауда ұстау үшін мұндай іс-шаралардың маңызы орасан. Аталған іс-шара барысында пробация қызметі арнайы тексерулер жүргізді. (далее…)

Жақындарымыз үшін де жауаптымыз

Пятница, 27 Авг 2021

Арнайы құрылған мониторингтік топтар өз жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, облыс бойынша ағымдағы жылдың басынан бері 141 654 нысанды тексеріп, санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік талаптарды бұзған 2 296 оқиғаны анықтады. (далее…)

Өнімді еңбек иелері

Пятница, 27 Авг 2021

Ел экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, болашағын жарқын ету жолында шыңырауда шыңдалып, талмай тер төккен кеншілерге көрсетілген құрметтің қашан да көптік етпесі анық. Осы орайда Жыланды кен орнында өткен салтанатты шарада аймағымыздың өркендеуіне зор үлесін қосқан майталман мамандар мен қажырлы кеншілердің жанкешті жұмысына алғыс айтылып, үздік деп танылғандар ұлықталды.

Еңбек ұжымы төл мерекеге жоғары жетістіктермен жетіп отыр. Бұған Сары Оба кеніші еңбеккерлерінің қосқан үлесі аса зор. Салтанатты кеште сөз кезегін алған кен орнының директоры Нұрболат Байсадықов қол жеткізген табыстармен бөлісті.

– Біліктілік жауапкершілікпен жұптасып, табыс пен сапаға апаратын күн алдыда. Осы жолда еңбек қауіпсіздігін жетілдіріп, жұмыс жағдайын жақсартуға барынша ден қойылуда. Жұмыс орнын қауіпсіздендіру арқылы қолайлы жағдай туғызу сынды мәселелер басты назарымызда. Кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылатын шаралар еңбек қауіпсіздігін арттыра түсуде. Бұл орайда жоспарға сай өткізілетін байқаулардың берері зор. Учаскелер арасында еңбек қорғауға, қауіпсіздікті қатаң сақтауға үндейтін шаралар игі істердің ұйытқысы болуда. Жігіттер жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын дәлелдеуде. Жалпы, біздің кәсіпорын өнім беру жағынан да, қауіпсіздік стандарттарын орындауда да көш басында тұр, – деген Н.Байсадықов алдағы уақытта да еңбек сапасының жақсаруына, жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің артып, тәжірибелерінің шыңдалуына арналған шаралардың үздіксіз жүргізілетіндігін жеткізді. Кешенді жоспарға енгізілген стратегия мақсаттарын дамыту, насихаттау, бригадирлер, ауысым шеберлерін оқыту, жұмыс орнын қауіпсіздендіру, осы бағытта барлық кардиналды ережелерді сақтау, учаске жұмысын жүйелі бағалау секілді жұмыстардың толыққанды жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. (далее…)

Құрметті кеншілер, ардагерлер және тау-кен жұмысшылары!

Пятница, 27 Авг 2021

Сіздерді кәсіби мереке – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің өңір үшін кенші – баға жетпес мамандық. Әрқашан құрметті және жігерлі адамдарға лайық деп саналады. Сәтбаев қаласының дамуы тау-кен өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Бұл даңқты мамандық өкілдерінің бірнеше ұрпағы қаламызды мекен етіп, аталарының ерен еңбегін жалғастыруда және болашаққа жоспар құруда. (далее…)

Уважаемые горняки, ветераны и работники горного производства!

Пятница, 27 Авг 2021

Примите самые искренние и сердечные поздравления с Вашим профессиональным праздником – Днем шахтера!

Профессия шахтера для нашего ре­ги­она неоценима, она всегда считалась у нас почетной, достойной настоящих и сильных духом мужчин.Развитие города Сатпаев напрямую связано с развитием горнодобывающей отрасли, с работой горняков. Уже сменилось несколько поколений представителей этой славной профессии, и благодаря их доблестному труду горняцкий город продолжает жить и строить планы на будущее. (далее…)

Құрметті кеншілер!

Пятница, 27 Авг 2021

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мұндай кәсіпті тек батыл, жауапты адам таңдай алады. Сіздерді еңбекқор, ерік- жігері бар және керемет мінезді адамдар деп айтсақ артық болмас. (далее…)

Ата заң – мемлекеттің мызғымас қазығы

Пятница, 27 Авг 2021

Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ата заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі, – халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.

Қазақстанда Ата заң тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата заңын қабылдаған болатын. Конституция жобасын дайындау кезінде әлемдік демократияның тәжірибелерін, қазақстандықтардың қалауын жан-жақты сараптауға, қызу және өткір талқылауға назар аударылды. Нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында өткен Бүкілхалықтық референдумда қатысушылардың 90 пайызы жақтап дауыс беріп, қазіргі қолданыстағы Конституцияның қабылданғаны белгілі. (далее…)