Архив за 15 Окт 2021

Көңілден шыққан көрме ұлттық қолөнерді дәріптеді

Пятница, 15 Окт 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен қолөнер шеберлері көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімі Асқар Ыдырысов, мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, қаланың Құрметті азаматтары мен мектеп оқушылары қатысты.

Биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде ұйымдас­тырылған бұл көрмеге бірқатар жергілікті шеберлер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Мәселен, ағаш шебері, саятшы Ерғали Білесов ағаштан жасалып, таза былғарымен қапталған ертоқымды көрмеге қойса, қолөнер шебері Гульсун Давут кестелеп тігілген, ою-өрнектермен безендірілген көрпешелер мен күнделікті тұрмыста қолдануға болатын түрлі әсем бұйымдарын әкелді. Өз кезегінде тоқыма тоқу шебері Ақышкүл Махадиева жүннен, киізден, жіптен тоқылған киім үлгілерін, жастық, қоржын, дорба секілді әр алуан құнды дүниелерді дайындады. Ал, домбыра шебері Әбілқасым Байбұланов өз қолынан шыққан қазақтың қасиетті домбырасының бірнеше түрін көрмеге арнайы алып келді.

Ағаш шебері, дизайнер болып қаламызға танылған шебер Армия Есенов бұл жолы өзінің шығармашылығын жаңа қырынан – мүсінші ретінде танытты. Он саусағынан өнер тамған шебер көрмеге қазіргі технологияны қолдана отырып жасанды тас пен саздан жасалған бүркіт, киік секілді Сарыарқа даласында мекендейтін аңдардың мүсіндерін дайындап әкелді. Сондай-ақ, қаламыздың саябақтарына орнатуға болатын бірнеше композицияның темірден жасалған макеттері де осы көрмеден табылды. Әсіресе, жаңа үйленген жастарға арналған өнер туындысы өзінің ерекшелігі мен мазмұндық сипатымен көз жауын алды. Қарап отырсақ, кенді қаламызда жас жұбайлардың арнайы барып, естелікке суретке түсіп, бас қосатын орны жоқ. Армия Есеновтың ұсынып отырған бұл туындысын әкімдік қолдаса, қаламыздың бір төбесінде ғашықтардың махаббат белгісі іспеттес әдемі мүсін бой көтерер еді. Қаламыздың көркіне көрік қоса түсетін аталмыш сәулет құрылысы қала тұрғындары мен қонақтары серуендеп, демалатын тағы бір таптырмас жер болары сөзсіз. (далее…)

ОТОПИТЕЛЬНЫЙ СЕЗОН СТАРТОВАЛ

Пятница, 15 Окт 2021

В вечернем объезде по городу, который в связи с началом отопительного сезона состоялся в конце минувшей недели по инициативе акима города Аскара Идрисова, приняли участие работники акимата и представители услугодающих предприятий, ответственных за бесперебойное теплоснабжение.

Во время очередного объезда, несмотря на вечернее время, глава города вместе с рабочей группой проверил лично, как обстоят дела с подачей тепла в дома жилого сектора. Также с целью инспектирования объехал участки городских магистралей, где работниками предприятия тепловодоснабжения в момент проверки проводились ремонтные работы по устранению течи. С началом нового отопительного сезона в социальных сетях, в том числе, в чате «ЖКХ» Telegram поступали обращения от жителей на отсутствие нормального отопления. Многие сатпаевцы жаловались, что в многоквартирных домах и в частном секторе батареи еле тёплые или вообще нет отопления. Обеспокоенность жителей вполне понятна. Понятно, что подача тепла в квартиры – задача номер один на предстоящий осенне-зимний период. В ходе посещений главой города в адрес исполнителей сделаны замечания и даны соответствующие рекомендации и поручения. И после проведенного объезда, как говорится, «с колес» на персональной странице аким А.Идрисов опубликовал пост следующего содержания: (далее…)

Жылжымалы көрме кеншілер қаласында

Пятница, 15 Окт 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақтың дауылпаз ақыны, публицист Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай қасиетті білім ордасы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің ұжымы сәрсенбі күні Сәтбаев қаласында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Ақын, композитор, ойшыл, біртуар дарын иесі Қасым Аманжоловтың шығармашылығын дәріптеу, оның өмірбаяны мен азаматтық тұлғасымен таныстыру арқылы жастарды адалдыққа, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу көрменің басты мақсаты болды.

Арқадағы білімнің қара шаңырағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде Қасым Аманжоловтың мұрасын зерттеу, насихаттау бағытында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Солардың бірі – Университет жанынан ашылған «Қасымтану» ғылыми зерттеу орталығы.

Осы орайда аталмыш орталықтың жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғаповпен тілдескен едік.

– Бұл орталықтың мақсаты – Қасым шығармашылығының бүгінде игерілмей жатқан тұстарына көңіл бөлу, ақынның мұрасын жаңаша заман талаптарына сай парақтау. Ғылыми орталық зерттеулерінің, жан жаққа барған экспедицияларының нәтижесі ретінде «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы» атты Қасым Аманжолов шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Оны тек Қарағанды қаласы аумағында көрсетіп қана қоймай, Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау өңірінің жұртшылығына таныстыру үшін арнайы осында келдік. Үш жүздің басын қосқан Ұлытаудың киелі топырағынан бастау алған көш бүгін атақты ғалымның есімі берілген Сәтбаев қаласына келіп ат басын тіреді. Қасым Аманжолов – ұлы классик дәрежесіне жеткен айрықша тұлға. Классик деген уақытқа бағынбайтын адамдар. Олар үшін уақыт деген ұғым шартты нәрсе ғана. Әр заман, әр дәуір өткен сайын олардың шығармаларының жаңа қыры, жаңа құпиясы ашыла түседі. Бүгінгі көрмеде осы ұлы тұлғаның шығармашылығы туралы толыққанды мәлімет беріледі, – деді орталық жетекшісі Жансая Жаңғазыұлы. (далее…)

Ұстаздардың ұстазы

Пятница, 15 Окт 2021

Сәтбаев қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен қаламыздағы №27 орта мектебінде «Ұстаздық – ұлы қызмет» шарасы өтті. Салтанатты кеш білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері, ұлттық пікірталас орталығы қоғамдық қорының жаттықтырушысы Жұмағали Құлмановқа арналды.

Кешке жиналғандар мектеп жылдарының қызықты сәттерімен бөлісіп, қарт ұстазға өлеңдер мен жылы сөздерін арнады. Мәслихат депутаты, №16 жалпы білім беретін мектептің директоры, Жұмағали Құлмановтың шәкірті Қайрат Смайлов мұғалімі жайында жылы естеліктерімен бөлісті. Сөз соңында Қайрат Құлыбекұлы «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Балмағамбетовтің Алғыс хатын табыс етті. Жұмағали Құлмановтың үзеңгілес әріптесі, қаламыздағы аналар кеңесінің мүшесі Ағайша Сәдуақасова замандасына жоғары баға берді. (далее…)

Сенім нығая түспек

Пятница, 15 Окт 2021

Кадр саясаты Полиция бөліміндегі басқару қызметінің негізгі бөлімі болып табылады. Оның мақсаты – бірлескен, дамыған және өнімді жұмыс қуатын құру.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, сондай- ақ ішкі істер органдары қызметін жандандыру, полицияның имиджін және азаматтарға деген сенімін арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жұмыс жасап келе жатқан Полиция бөліміндегі кадр саясатының құрылғанына биыл 103 жыл толды. Топ жұмысы жоспар негізінде барлық бөлімшелермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде қызметкерлер құрамын басқару бойынша функцияларды орындау үшін кадр қызметкері кәсіби білікті және іскер болуы керек. Бұл ретте аға инспектор Жаңагүл Әбдікәрімова мен инспектор-психолог Ботакөз Дүйсенбинаның еңбегі зор. Жеке құрам есебі, қызметкерлер құрамын басқаруға қатысты еңбек заңнамасын, әдістемелік, нормативтік педагогика, әлеуметтану және еңбек психологиясын білу, қызметкерлер құрамын басқару, бағалау жөнінде отандық және шет елдердің озық тәжірибелерін үйрену, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің функцияларын реттеу — аталмыш топ қызметкерлеріне қойылатын басты талаптар.

– Біз өз қызметімізде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтары және басқа да құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жұмыс атқарамыз. Күнделікті мәселелерді нәтижелі шешуге тырысамыз. Кеңес алу үшін келген кез келген қызметкерге түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеміз. Осының бәрі көтерілген мәселелерді сапалы және уақытылы шешуге көмектеседі, – дейді полиция бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары Алдияр Әбішев. (далее…)

Жоба жүзеге асуда

Пятница, 15 Окт 2021

Қоғамның орнықты дамуы мен азаматтардың тұрмысын жақсарту жолын көздейтін «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа ла­йықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аса ауқымды, нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығынан тұрады. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Сәтбаев филиалы қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен бірлесе «Жол картасын» дайындап, бекіткен болатын. (далее…)

Қалада жағдай қалыпты

Пятница, 15 Окт 2021

Сәтбаев қалалық әлеуметтік бөлімнің 11 қазанға берген мәліметіне қарағанда, кеншілер қаласында эпидемиологиялық ахуал қалыпты. Өткен тәулік ішінде бір ғана адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

– Қалада иммундық қалқанды қалыптастырудың арқасында короновирус сыр­қатының таралуын азайтуға мүмкіндік жасадық. Соның нәтижесінде өткен аптада 12 адам ғана сырқатқа шалдықты. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе салу жұмысын алдағы уақытта да қарқынды жүргізетін боламыз. Сонда ғана біз қалыпты жағдайда өмір сүруге жол ашамыз, – дейді қалалық әлеуметтік бөлімнің басшысы Гүлмира Таңсықбаева. (далее…)

Аскар Идрисов: «Вот где поле для работы»

Пятница, 15 Окт 2021

На прошлой неделе аким города Аскар Идрисов провел два совещания – заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений и городской комиссии по вопросам противодействия коррупции.

В ходе заседания городской Межведомственной комиссии участники заседания обсудили три вопроса. С информацией о проводимой по городу работе по профилактике правонарушений, совершаемых нерезидентами РК и гражданами, прибывшими из других регионов страны, выступил первый заместитель начальника отдела полиции города Роллан Илдебаев.

В нашем городе временно зарегистрированы 529 иностранцев (2020 г. – 272) из стран СНГ. За нарушения правил пребывания в РК 57 иностранцев привлечены к административной ответственности. Семь иностранных граждан по решению суда выдворены из страны. За пределы РК на постоянное местожительство выехали 77 человек (75 – РФ, 1 – Беларусь, 1 – Турция). По принятию гражданства РК направлено 14 дел. Уголовных правонарушений с участием иностранцев и в их отношении не зарегистрировано. (далее…)

Главное – эффективность работы

Пятница, 15 Окт 2021

На заседании городской комиссии по вопросам противодействия коррупции были рассмотрены два вопроса.

Об осуществлении контроля за качеством и доступностью оказания государственных услуг доложила руководитель отдела информационных технологий и стандартов аппарата акима г.Сатпаев Жанат Серикбаева.

За девять месяцев текущего года оказано 10516 государственных услуг, при этом рост электронных услуг в сравнении с соответствующим периодом 2020 года составил 30,0% (составляет 71%). Для удобства граждан в здании акимата действует единый офис услуг «OpenSatpaev», где установлен терминал электронной очереди, электронное табло, «Уголок самообслуживания» для получения электронных государственных услуг, телеэкран для показа обучающих и информационных видеороликов, работает консультант. В «OpenSatpaev» обратилось 6601 человек. Наибольшее число обращений по вопросам жилья – 3386. На втором месте вопросы, касающиеся земельных отношений – 2249 и на третьем месте архитектуры и градостроительства – 578. (далее…)

Парк – новая точка притяжения

Пятница, 15 Окт 2021

Работы по реконструкции Парка Победы завершатся до конца октября.

В прошлую пятницу депутатская группа во главе с секретарем маслихата Татьяной Хмилярчук провела рейд в Парк Победы с целью ознакомления с ходом ведения работ по его реконструкции и эффективным освоением бюджетных средств. Как пояснила Т.Хмилярчук, в строительство, благоустройство вливаются огромные бюджетные средства. Все это находится на постоянном контроле депутатов. Сейчас работы близятся к завершению и поэтому решили провести депутатский рейд.

На территорию парка будет несколько входов. По всей территории будут проложены коммуникации: системы освещения, водоснабжения, поливочный водовод. Имеется «домик» для охраны. На сегодняшний день в парке уже проложены дорожки, проведено освещение, постелили тартановое покрытие на детской площадке. Осталось установить малые архитектурные формы на площадке и тренажеры для занятия стритворкаутом. Здесь же будет и площадка для скейтбордистов, роллеров и велосипедистов. Ведутся работы по прокладке поливочного водовода. После чего начнется посадка деревьев.

– Здесь будут высажены ели, сосны, тополь и березы. Рост саженцев от полутора до 3-4-х метров, – пояснил Нуржан Кенжегулов, руководитель отдела ЖКХ. – До конца октября работы должны завершить.

Пушки будут перенесены ближе к мемориалу и таким образом они отлично впишутся в общую патриотическо-историческую композицию. На плитах разместят информационные таблички. Как пояснил главный специалист отдела ЖКХ Темирлан Токабаев, изготовлены 15 табличек, на которых будет информация о наших земляках, героях войны.

– Два месяца мы работали с Советом старейшин, обговаривали все моменты и окончательно все утвердили. Если раньше на табличках были указаны города-герои Советского Союза, то сейчас решили, что сатпаевцы и гости города должны знать и гордиться подвигом своих земляков.

– У меня предложение, давайте примем участие в посадке саженцев, – обратился Досбол Мейірбек к коллегам.

– И сами будем ухаживать за своими деревьями.

– Хорошее предложение, – поддержала Татьяна Хмилярчук. – Каждый депутат если посадит по два саженца, уже 24 дерева будет. Вообще можно провести акцию, пригласить на посадку деревьев членов Общественного совета, представителей от первичных партийных организаций. И сознание тогда у людей поменяется. Все, ждем вашего звонка.

На этой оптимистичной ноте депутаты завершили рейд.

Нурия Ильясова.
Фото автора.