Заман талабы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты. Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін. Читать полностью »

Ұлттық дәстүр мен өнерді дәріптеуге жол салған

Домбыраның қос ішегі мен көмейінен халықтың қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, тарихы күй болып төгіледі. Сол себепті домбыра – қазақтың үні. Домбыра аспабы қазір еліміздің шекарасынан асып, төрткүл дүниеге танымал болып, түрлі халықаралық додаларда ел өнерпаздары күмбірлеген үнімен көрермендерді таңқалдырып жүргені белгілі. Биылғы жылы екінші мәрте аталған «Домбыра күні» қаламызда өз деңгейінде ұйымдастырылды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» осындай атаумен Кеншілер алаңындағы жазғы эстрадада Мәдени сауық орталығының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті. Бұл күні қала тұрғындары жергілікті өнерпаздардың әні мен күйінен сусындағандай болды. Қосыла ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күймен мерекенің сәнін келтірді. Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдан бастап әр шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра» күні деп жариялаған болатын. Елбасы Жарлығында айтылған мәселе — ұлттық дәстүр мен өнерді жаңғыртып, дәріптеуге жол салады. Мұндай мерекенің күнтізбеден орын алуы барша қазақ халқы үшін елеулі әрі тарихи оқиға. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнері қашанда тірі. Сондықтан ұлттық аспаптың түп-тамырын ұмытпау, дәріптеу, қастерлеу – әр қазақтың парызы. Мерекеміз ұлықтала берсін.

Алтынгүл Төлегенова.
Сурет автордікі.

Еліміздің мақтанышы

Орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітаппен өткен жаз қызық» акциясы аясында №7 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларымен астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне байланысты «Астана – еліміздің мақтанышы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Читать полностью »

Қазақтың Киесі, қасиеті, қазынасы

Домбыра – бұл өмірдің бір бөлігі, әр қазақ жанының бір бөлігі. Біздің шексіз даламызды тамаша әуенсіз, домбырасыз елестету мүмкін емес. Қазақтардың музыка мәдениетінің, халықтың рухани дамуында домбыраның маңызы зор. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі де халқымыздың домбыраға деген құрметінің бір көрінісі.

Ұлттық домбыра күніне орай Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, күйлер тыңдалып, әр күйдің шыққан тарихы жайлы түсінік берілді. Көрмені өткізудегі мақсат – ұлттық құндылығымызды насихаттау, қазақтың қасиетті домбырасы туралы ақпарат беру болып табылады.

Кітап көрмесіне қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы мәліметтермен бірге қазақ халқының атақты күйшілері жайында деректер мен кітаптар қойылды. Оқырмандар осы ұлттық аспап туралы ақпаратпен танысып, тарихы жайында мәлімет алды.

Ойымен бөлісті. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Қуанарлық жайт. Дәстүрді сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымызда.

Т.Окимбаева,
абонемент бөлімінің кітапханашысы.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жұмыссыздықты төмендету бағытында

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту қызметтері тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған. Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Қазыбек Ашықбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар бойынша сұхбат берген еді.

– Жұмыспен қамту орталығында электрондық еңбек биржасы арқылы еңбек делдалдығы цифрланды. Жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындарын тіркеудің оңайлатылған түрі бар, күту залы, операциялық зал, электронды кезек, өздігінен қызмет көрсету бұрышы бар. 2019 жылдың басынан бастап 110-нан астам жұмыс беруші Enbek.kz порталын пайдалана отырып, электрондық форматта жұмысқа қабылданды. Ол үміткерлер мен жұмыс берушілердің сандық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруға, азаматтардың портал негізде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, электрондық форматта алынған бос жұмыс орындарының үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

– Қазыбек Батырбекұлы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы айта кетсеңіз.

– Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты «техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту». Осы салада 103 жұмыссыз Сатбаев индустриалдық колледжінде, ЖШС «DimArt», ЖШС «Моторгсервис» және Технологиялық колледжде 1-С бухгалтер, тігінші, аспаз, ЭЕМ операторы, электр және газ дәнекерлеуші, электрик мамандықтары бойынша білім алуда. Екінші бағыт «кәсіпкерлікті дамыту» кәсіпкерлік негіздерін оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылдардағы несиелер / микрокредиттерді кепілдендіру келесі міндеттерін іске асыруды қарастырады. Читать полностью »

Ел тұтастығы мен қоғам тұрақтылығы үшін

Исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы қаламыздағы «Достық» үйінде дін өкілдерімен кездесті.

Отырысты ашып, жүргізген дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының директоры А.Құрақбай дін тақырыбы адамдарға әлі де болсын сенім мен күдік ұялататын мәселенің бірі екендігін атап өтті.

– Қазіргі таңда діни ағымдардың іс-әрекетін, қызмет бағытын дер кезінде анықтап, олардың әсерінен халқымызды сақтандыру, қорғау басты мақсатымыз болып отырғаны анық. Дәстүрлі емес діни ағымдар жеке адамдардың діни наным-сеніміне нұқсан келтіріп, көптеген отбасыларға іріткі салады. Түптеп келгенде, бұл тұтас мемлекет пен халықтың тұрақтылығына қауіп төндіретін құбылыс екендігін естен шығармаған жөн. Түрлі діни ағымдардың жетегінде кету арқылы отбасын ойрандап, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін, – деген Ризабек Батталұлы өзге діни ағымдардың қоғамға зияндылығын тізбелеп берді. Читать полностью »

Сенатор АБДИКЕРОВ: «Нерешаемых проблем нет!»

«Я рад, что граждане такие активные, что их заботят вопросы не только личного характера, но и настоящего и будущего города в целом!» – таким был вердикт встрече с гражданами по личным вопросам депутата Сената Парламента Республики Казахстан Рыскали АБДИКЕРОВА, которую он провел в среду, 10 июля.

Сенатор Рыскали Абдикеров прибыл в наш город с рабочим визитом по линии сатпаевского городского маслихата в среду, 10 июля, и к началу приема граждан по личным вопросам успел побывать на птицефабрике ИП «Ахтямов Р.Н.» и в городском отделе полиции. Увиденным и услышанным в ходе поездок остался в принципе доволен, тем более, что наш Сатпаев он посещает впервые.

На прием к сенатору записалось двенадцать человек. Вопросы, в основном, касались системы здравоохранения – получения и восстановления групп инвалидности, жилищно-коммунального хозяйства – ремонт лифтового хозяйства в девятиэтажках, претензии к ТОО «СПТВС», возмещение ущерба от залива квартиры соседом, социального обеспечения – многодетная мама просила социальную помощь, получения гражданства Республики Казахстан, переселения.

– С декабря прошлого года не решается вопрос с переселением, – рассказывает свою непростую историю жительница поселка Весовая.

– Все, включая руководство города, только обещают. Но мы уже пережили три зимы в ожидании в нашем поселке Весовая.

Температура в квартире 13 градусов по Цельсию, у кого из присутствующих такая температура дома зимой? Всю зиму в обнимку с обогревателем! Я три раза переболела воспалением легких, мой ребенок – тоже. Транспорта до города фактически нет, а мой ребенок, кстати, учится, и учится очень хорошо, в первую смену в одной из школ города Сатпаев. Представляете, как приходится выкручиваться постоянно, чтобы добраться до школы?.. А прибавьте сюда взрывные работы, которые проводит корпорация, и как следствие – страх провалиться под землю, прибавьте сюда постоянные грабежи оставленных квартир, прибавьте сюда отсутствие личной безопасности тех, кто еще живет в этом поселке… Я уже устала ходить по акиматам, выпрашивать это переселение! Читать полностью »

ЖИТЬ В НАСТОЯЩЕМ

У каждого из нас в какие-то мгновения или в связи с сложившимися обстоятельствами находится немного времени, чтобы задуматься о жизни, заглянуть в прошлое и подумать о будущем. И это, как мне кажется, естественное явление. И относиться к подобным эмоциональным всплескам нужно с пониманием. Читать полностью »

Лишь бы лишь бы?

На одном из аппаратных заседаний городского акимата глава города Аскар ИДРИСОВ в ультимативной форме потребовал не принимать работу у подрядчиков, занимающихся благоустройством дворов, пока те не уберут за собой образовавшийся в результате «благоустройственных» работ мусор. И дал соответствующее поручение руководителям ответственных ведомств.

Но вот на что забыл обратить внимание заказчиков и подрядчиков аким, так это на то, чтобы и итог работ был безупречным во всем, включая эстетическую составляющую. Ну, то бишь, раз уж подрядчики решили освоить деньги налогоплательщиков, они должны освоить их так, чтобы налогоплательщик был результатом доволен.

Ну, а раз градоначальник акцент на это до сих пор не сделал, то ни подрядчик, ни даже заказчик (как правило, городской отдел ЖКХ) не заморачиваются. Сказали, к примеру, поставить во дворе тренажерный комплекс для желающих приобщиться к здоровому образу жизни, – пожалуйста! Ну а то, что возле помойки, да без какого-либо мало-мальски приличного ограждения, как во дворе дома № 3 по проспекту Независимости, так на то никаких распоряжений «сверху» не было. В общем, и так сойдет! И жильцы этого и окрестных домов, шокированные подобным ответом («Мы ж вам сделали! Что вам еще надо?!») подрядчиков и заказчиков, обратились в нашу газету.

… Мы часто публично удивляемся: почему у горожан такое безответственное отношение к своей среде обитания: только город сделает для них что-то «красивое, хорошее, вечное», так его тут же сломают, ничего не берегут, не ценят, ни включаются в процесс облагораживания? Да ничего удивительного, ничего удивительного. Просто им есть, с кого брать пример.

Евгений ВАНЮШОВ.
Фото Л. ЛИ.

Приятно, когда вокруг красиво

Красота спасет мир. Даже если при этом она не несет никакой смысловой нагрузки. Просто – красиво. А значит, даже в самой «каменной» душе, что-то, да повернется к прекрасному. Должно повернуться.

Из этого и исходим. И возводим малые архитектурные формы в людных местах. Самые разные – асыки, волки, беркут, атакующий лису, и так далее, так далее, так далее. И горожане их принимают. Фотографируются на их фоне (те, кто постарше), лазают по ним (те, кто помладше), восторгаются и радуются (все, без исключения).

– Приятно, когда идешь по улице, а вокруг такая красота, – замечает проходящая мимо женщина. – Сразу настроение улучшается.

– Главное, чтобы не сломали, – ворчит еще одна. – А то дети уже вовсю по ним скачут…

Ух, ну это же хорошо, что «скачут». Эти же малые архитектурные формы – не музейные экспонаты, на которые даже дышать нельзя! Они же для того, чтобы ими пользовались, и авторы, вероятно, предусмотрели подобный детский «интерес» к ним. Ну а то, что дети по скульптурам уже «лазают» и «скачут», значит, уже успели по достоинству оценить подарок города горожанам. И это даже радует – идея себя оправдала, не напрасно, значит, старались. Читать полностью »