Отбасы тұтастығын ту еткен

Қазақ халқы қыздардың тек сыртқы сұлулығына ғана емес, ішкі жан дүниесінің тереңдігіне де мән берген. Парасатты, ибалы, инабатты болуға үндеген. Осы мақсатта жуырда қаламызда «Ақ отау» қыз-келіншектердің тәрбие жұмысын үйлестіру орталығы ашылды.

Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина орталықтың алдағы уақытта қандай қызмет атқарып, нендей шараларға атсалысатындығын атап айтты.

– Басты мақсатымыз – қыз-келіншектеріміздің бойына барынша ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбиені сіңіру. Асыл аналарымыздың ізі екендігін, еліміздің болашағы, өшпес мұраты осы арулар арқылы ғана сақталып, болашаққа қадам басатындығын ұғындыру. Әжелеріміздің ақылынан нәр алған, иманды, өнегелі, сыпайы да салмақты қыз-келіншектер тобын құрып, бай дәстүрімізді бағалау. Ұлт анасына айналған қайраткер қыздарымыздың өмірін үлгі ете отырып, іс-шаралар, әдеби-сазды кештер, тәрбиелік мәні зор кездесулер мен сайыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Әңгіме, пікір алмасу барысында пайдалы кеңестер айтатын зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, түрлі салада қызмет атқарып жүрген арулармен салиқалы сұхбат ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, орталық мүшелері бет әрлеу, шаш сәндеу, қолөнер шеберлігі және басқа да сала бойынша пайдалы кеңестер ала алады. Читать полностью »

Аталардан – ақыл, жастардан – талпыныс

Биылғы жылдан бастап қала мектептерінде жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, имандылық пен мейірімділікке тәрбиелеу және салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Аталар мектебі» жұмыс істей бастады.

Сондай мектептің бірі Ыбырай Алтынсарин атындағы №19 орта мектепте де бар. Мектептің жұмысын жүргізу үшін осы білім ошағында ұлттық нақышта безендірілген арнайы бөлме бөлінді. Ұлттық дәстүрлерді насихаттаушы Шалабай Лабақов оқушыларға көне заманнан сақталып келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрлерінен шеберлік сағаттарында дәріс береді.

Жақын арада сондай бір сағатқа «Ардагерлер ұжымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Сәтбаев филиалы Кеңесінің төрағасы Сабыр Омаров шақырылды. Сабыр Базылұлы жастарға өнегелі ақыл-кеңесін айтып, батасын берді. Шеберлік сағат барысында ер балалар ат әбзелдері жайында мағлұмат алып, жүген, ноқта сияқты ат жабдықтарын қолдарымен ұстап, олардың не мақсатпен қолданылатынын үйреніп-білді.

«Аталар мектебі» қаланың білім ошақтарында қазақ халқының әдет-ғұрпын, өнегелі дәстүрін жан-жақты насихаттауға және талапты жастар қатарын көбейтуге өз үлесін қосады деген үміттеміз.

Мәди Әлжаппаров.

«Жасампаздыққа толы жылдар»

Торқалы той осындай тақырыппен өтетін болды

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президент алқалы жиында ел тарихындағы елеулі мереке құр даңғаза мен ысырапшылдыққа толы шараларға емес, елге пайдасы тиетін нақты істерге негізделуі қажет екенін баса айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде әсіресе экономика, әлеуметтік сала мен білім-ғылымға, басқа да өзекті маңызға ие бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатынына тоқталды.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды, ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек. Тәуелсіздік мерекесінің тұжырымдамасы «Жасампаздыққа толы жылдар» деп аталады, – деді Президент. Читать полностью »

Просто «зацепило»

Добрые поступки можно совершать в любой ситуации. Даже будучи осужденным. Яркий пример тому – Нурбол Абилкасов, вместе с единомышленниками купивший квартиру многодетной семье. «Изюминка» в том, что Нурбол получил в свое время «ограничение свободы» за хулиганство и находится в данный момент на пробационном контроле.

Впрочем, забегая вперед, отметим, что, по словам сотрудников службы пробации, молодой человек не только не доставляет им проблем, но и проявляет активную гражданскую позицию.
Нурбол узнал о проблеме многодетной семьи Жанбырбаевых случайно – из новостей: муж и жена Серик и Ольга инвалиды, у них шестеро детей, все вместе ютятся в одной комнате в доме у родственников. Нурбола, что называется, «зацепило», и он решил им помочь. Для начала скинулись с друзьями, кто сколько мог, а затем организовали сбор средств, бросив клич по социальным сетям и установив урны для пожертвований в магазинах города.
Первыми откликнулись знакомые и родственники. Затем начали помогать неравнодушные жители города, подключились волонтеры «Біз біргеміз». Общими усилиями за восемь месяцев им удалось собрать 2,3 миллиона тенге. На собранные средства они приобрели двухкомнатную квартиру для семьи Жанбырбаевых. Но прежде чем вручить, сделали в ней ремонт, создав комфортные условия.

– Мы очень благодарны Нурболу и его друзьям и всем, кто нам помог. Получить такой подарок – настоящее счастье. Наши дети очень рады, – голос Серика, главы семьи Жанбырбаевых, дрожит от волнения, а в глазах Ольги стоят слезы счастья. И их можно понять: они и не мечтали о своем уголке, так как даже не стояли в очереди на жилье из госфонда.

Сейчас супруги Жанбырбаевы уже переехали в собственную квартиру и признаются, что счастливы. А Нурбол Абилкасов получил Благодарственное письмо от акима города Сатпаев за вклад в развитие волонтерства и намерен и дальше помогать нуждающимся.
По словам начальника службы пробации города Сатпаев капитана юстиции Максата Нуркеева, Нурбол Абилкасов характеризуется положительно, своевременно отмечается в службе пробации. Нареканий к нему не имеется.

Соб. инф.
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news

Партия белсенділері марапатталды

«Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Балмағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттары сайлауын ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытып, айтарлықтай үлес қосқан партия мүшелеріне «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Алғыс хатын табыстады.

Ол өткен сайлаудың еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиғаға айналғандығын, Қазақстан халқының «нұротандықтарға» үлкен сенім білдіргенін, сондықтан, әрбір партия мүшесінің осынау зор сенімді ақтауы тиіс екендігін алға тартты. Читать полностью »

Жұмысымен танысты

Әлеуметтік сала – мем­лекет әлеуетінің басты көрсеткіші. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға кешенді әлеуметтік қызмет көрсе­туге негізделеді. Жұмыс­сыздыққа тап болған, отбасында қатігездік көрген жандарға, мүгедектігі бар адамдарға тиімді жағдайлар жа­сау, оларды қоғамға бейім­деу – мемлекет саясатының негізі. Өткен аптада қалалық мәслихат депутаттары Депутат күні аясында бірқатар мекеменің әлеу­меттік қызмет көрсету жұмы­сымен танысты.

Халық қалаулылары алдымен қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. Депутаттарға орталықтың жұмысы туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков баяндап берді. Бүгінде орталықта 19 штаттық қызметкер еңбек етуде. Қазіргі күні қаладағы мекеме, кәсіпорындардан 450-ден астам бос жұмыс орнына өтініш келіп түскен. Читать полностью »

Депутат талқысында

Халықаралық аналар күніне байланысты жергілікті бюджет есебінен көпбалалы аналарға бір реттік ақшалай көмек берілетін болады. Кезекті екінші сессия отырысында қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің осы ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады. Жиында халық қалаулылары 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шешіміне өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.

Сессия отырысын Қайрат Балмағамбетов жүргізіп, жиналғандарға күн тәртібін таныстырды. Алдымен қалалық бюджет туралы шешімдерге өзгерістер енгізу бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шапағат Әубәкіровтың баяндамасы тыңдалды. Оған сәйкес, бюджетті сапалы атқару мақсатында сумен жабдықтау жүйесін іске асыру мақсатында 370 миллион теңге қаралса, көппәтерлі үйлердің қасбетін жөндеу мен абаттандыру және этнопарк құрылысына 265 миллион теңге бөлу жоспарланған. Ал, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бағдарламасына сәйкес, көпбалалы аналарға бір реттік көмек ретінде 12 миллион қарастыру көзделген. Бұл көпбалалы 1200 анаға 10 мың теңгеден бөлу нақтыланған.

Жиында сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, қала азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы қаулыға өзгеріс енгізу туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпековтің баяндамасы тыңдалды. Бұдан бөлек қалалық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Әли МҰҢАЙТАС.

Тағзым етті

15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Атаулы күнге орай қаламыздағы «Тағзым» тақтасы алаңында бөгденің болашағы үшін кеудесін оққа төсеген боздақтар еске алынып, рухына тағзым етілді.

Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина, Сәтбаев қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ербол Өткелбаев өз сөздерінде азаматтық парызына адалдық білдірген жауынгерлер ерлігінің өшпейтіндігін жеткізді. Ауған соғысының ардагерлері жат жерде көз жұмған майдандастарын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Жалпы, интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан еліне 22 мыңға жуық қазақстандық жіберілді. Олардың мыңға жуығы ұрыс алаңында қаза тапса, ондағаны хабар-ошарсыз кетті. Сәтбаев қаласынан аттанған жүзден аса азаматтардың 57-і ортамызда. Бірсыпырасы басқа жаққа қоныс аударған.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Отансүйгіштікке бағыттады

Мұнан соңғы шара Достық үйінде жалғасын тапты. «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – аға буынның ерлігін насихаттау. Жастар ресурстық орталығы бастамашыл болған жарыстың алғашқы кезеңінде әскери антына адалдық, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгісін көрсеткен жауынгерлерге арналған жыр шумақтарынан шашу шашылды. Сонымен қатар, автоматты шашып тастап, тез арада қайта жинақтау кезеңінде қатысушылар жылдамдық танытты. Үшінші шарт бойынша Ауған соғысына байланысты сахналық көрініс қойылды. Карантин талабын сақтаған ұйымдастырушылар байқауды онлайн форматта өткізді. Сәтбаев қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сайлау Қайранбеков жастардың өздеріне көрсеткен құрметіне ағалық алғысын білдіріп, өткен күндерден сыр шертті. Қазылар алқасының шешімімен Технологиялық колледж – үшінші, Индустриялдық колледж екінші орындарды иеленсе, «Денсаулық» медициналық колледждің студенттері барлық кезең бойынша оза шауып, бірінші орынды қанжығалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Жаңа есіммен толықты

Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Жауынгер-интернационалист ардагерлер» атты топтамасын тағы бір жаңа есіммен толықтырды.

Жеке тектік қорына құжат өткізген Ауған соғысының ардагері Аманай Шахтаев 1961 жылдың 19 қаңтарында Рудник кентінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қарасты Технологиялық колледж оқытушысы. Ерлік пен елдіктің көрінісі болған ағалар ерлігін насихаттауды мақсат еткен архив басшысы Гүлнара Байғазиева мұндай шараның жас ұрпаққа берері мол екендігін атап айтты.

– Тарих қойнауына өшпес із қалдырған оқиғаны ұмыту мүмкін емес. Сондықтан, сіздер ең жоғарғы құрметке лайықсыздар, – деп ыстық ықыласын білдірді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейлі 60 жасымен құттықтаған архив ұжымы Аманай Бекішұлына сертификат табыстады. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, Ауған соғысының ардагерлері Ертай Джанкелдиев, Төремұрат Байжанов Алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында қонақтар арнайы жасалған тақырыптық көрмені тамашалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суретті түсірген М.Алпысбай.