Мемлекет басшысы Ұлытау өңіріне келді

Сәрсенбінің сәтті күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы мысты өңірге де арнайы атбасын бұрып, бірқатар нысандарды аралап, маңызды шараларға қатысты.

Президент өзінің Жезқазғандағы жұмыс сапары барысында қаладағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатында болып, заманауи құралдармен жабдықталған «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап көріп, педагогтармен, оқушылармен әңгімелесті.

Өлкетану кабинетінде оқушылар Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихы, қасиетті орындары туралы оқиды екен. Қасым-Жомарт Кемелұлы туған өлкенің және қазақ халқының тарихын білудің маңызды екенін атап өтті. Читать полностью »

Маңызды нысандарды аралады

Биылғы жылы қаламызда ірі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы орайда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласына келді. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы маңызды нысандарды аралады.

Облыс әкімі бас сұққан алғашқы нысан қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы «Юность» стадионы болды. Бүгінде мердігер «Самат–Мұнай» ЖШС-і құрылыс және монтаждау, геодезиялық жұмыстарын бастаған. Қаламыздың шығыс бөлігіндегі спорт стадионы 70-ші жылдары бой көтеріп, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұралап қалғаны белгілі. Қайта құрудан кейін оның базасында жеңіл атлетика орталығы жұмыс істей бастайды. Қазіргі уақытта бордюрлерді төсеу, жүгіру жолын қиыршық таспен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін өңір басшысы жүзу бассейніндегі, футбол алаңындағы қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Читать полностью »

Өлең-сөздің қасиетін қастерлеген

Қазақы өлеңді өмірінің мәні еткен кенші-ақын Жақсылық Омаров 65-ке толып отыр. Осыған орай Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханада өткен «Төгеді шаңырағыма сәулесін күн» шығармашылық кешінде құтты болсын айта келген ел ағалары, Арқаның арқалы ақындары мен өлең десе ішкен асын жерге қоятын жырсүйер қауым бас қосты.

Өңірімізде ел ықыласын иеленіп, көптің батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені мол ерлер аз емес. Солардың қатарында Жақсылық Адамбекұлы да бар. Тума талант иесі 1956 жылы Шымкент қаласы, Түркістан ауданы, Жарас ауылында жарық дүние есігін ашты. 1974 жылы Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернатты бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Бабайқорған ауылында құрылысшы болып бастады. 1985-1999 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65-ші шахтасында тер төкті. Шыңырауда шыңдала жүріп қолынан қаламы түспеген өндірісші өлең десе елеңдеп тұратын. Ойында кестеленген жыр өрнектерін қағаз бетіне түсіре берді. Өндірісті өрге сүйреген еңбек майталманы үшін кеншілік пен ақындықты қатар алып жүру оңайға соқпады. Ел, Отан, өмір, адамгершілік секілді асыл қасиеттер, басқа да тақырыптарға арналған өлеңдері ойлылығымен тартымды оқылады. Тәрбиеге, өнерге, білімге, сыйластыққа үндейді. Туған жердің көркеюі мен келісті келбеті көрікті жыр­ларына арқау болды. Тілге деген ізет, құрметі ақын ағаның өлеңдерінде өрнектелген. «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» жыр кітаптары үлкен толғаныстың жемісі. Имандылық, арды аттамау ақын Жақсылық Омаров өлеңдерінің негізгі өзегі, алтын арқауы. Осы ретте кезек Шынболат Ділдебаев атындағы ақындар үйірмесінің оқушыларына берілді. Олар ақын қаламынан туған жыр шумақтарын мәнеріне келтіре оқыды. Читать полностью »

Баға – бақылауда

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчук бастаған бір топ мәслихат депутаттары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жұмада бірқатар дүкендерге рейд жасады.

Сол күні қаламызға Қарағандыдан «Жасыл керуен» жәрмеңкесі келіп жеткен еді. Депутаттардың рейді осы жерден басталып, сырт­тан әкелінген тауарлардың сапасы тексерілді. Жалпы жәрмеңкеге 42 тонна өнім жеткізілді. Оның ішінде картоп – 10 тонна, сәбіз – 5 тонна, пияз – 7 және қырыққабат 500 кг. Бұл тауарлардың шектік бағасын әкімдік бекіткен болатын. Мәселен, картоптың келісі 185 теңгеден сатылса, пияз – 90, сәбіз бен қызылша – 170, қырыққабат – 160, қызанақ – 680, қияр – 480 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, жәрмеңкеге еліміздің оңтүстік өңірінен жеткізілген бірнеше жеміс-жидек түрлері де арзандатылған бағада сатылды. Олар – келісі 350 теңге болған алма, банан – 600 теңге, апельсин – 680, жүзім – 480-600 теңге, алмұрт – 450-650 теңге және басқалар. Рейд барысында аталмыш азық-түлік өнімдеріне қойылған бағалардың сақталуы қадағаланып, сатушыларға бекітілген бағаны тұрақты ұстап тұру керектігі ескертілді. Читать полностью »

Бәрі өз қолымызда

Соңғы мәліметтерге қарағанда, тұтас еліміз бойынша «Тәжтажалдың» шырмауынан шыға бастағандаймыз. Бұл қуанарлық жағдай. Соның ішінде Сәтбаев қаласында соңғы тәулікте ковид жұқтырған бір де бір адам тіркелмеген…

Салдарының салмағы зіл батпан жаман сырқаттан сақтансақ жағдайымыздың жаман болмайтынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыра алып едік, кеселдің беті біртіндеп қайта бастады. Ендеше бәрі өз қолымызда. Ең бастысы сақтық шараларын қалтқысыз сақтап, шектеу шараларына шекемізден қарамай, мамандардың талабына түсіністік танытайық. Екпе алып, еркін жүрейік. Читать полностью »

Рухани орда

Ғұлама жылдар парағын судыратып өткен сайын небір айтулы оқиғалар тарихта алтын әріппен жазылып, өзінің құндылығын асқақтата түседі. Сондай рухани ордалардың бірі кітапхана болып табылады. Сәтбаев қаласындағы орталық кітапханаға қазақтың біртуар ұлы, мақтанышы, жауынгер-жазушы, Ұлытау өңірінің тумасы жерлесіміз Баубек Бұлқышевтың есімі биылғы жылдың 26 тамызында берілді.

Адамға рухани азық сыйлап, ғылым мен білімнің терең тұнығынан сусындатып жүрген мәдени орын – кітапхана. Тарих қойнауына тереңдеп бармай-ақ, бүгіннің биігінен қарағанның өзінде елімізде кітапхана ісінің кең қанат жайып келе жатқанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Ең бастысы, қалың көпшіліктің кітап оқуға деген ынта-ықыласы арта түскені байқалады. Ол кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Ал, кітап­хананың тіршілігіне дем беріп, ұлттық құндылықтар мен рухани байлығымыздың арасын жалғастыратын дәнекер – кітапханшы. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы мен үшін өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Читать полностью »

«КЕЛЕШЕГІНЕН ҮМІТІМІЗ ЗОР», дейді жаттықтырушы

Спорт – өмір. Бұл қарапайым ғана тәмсілді әр алуан өрбітуге болады. ХХІ ғасырда адам баласының спортқа қызығушылығы артып келеді. Арнайы спорт залдары да, ауладағы дене шынықтыру алаңдары да үнемі адамға толы. Тіпті бала кезінен ата-анасының бағыттауымен спортқа жазылып, жас кезінде талай белестерді бағындырған жастардың қатары да ұшан-теңіз. Солардың бірі – Ерасыл Сандыбай.

– Шынымды айтсам, күреске бұлай беріліп кетеді деп ойлаған жоқпын. Ертең ержеткенде өзін-өзі қорғайтындай жағдайда болсын деген оймен «Жастар» спорт сарайындағы дзюдо секциясына алып келіп тіркеткен едім. Көп ұзамай-ақ оның спорттың осы түріне деген қызығушылығы оянып, ынтасы арта түсті, – дейді біздің кейіпкеріміз – Ерасылдың Әкесі Қайрат Сандыбай ағынан жарылып.

Ерасыл бүгінде 11 жаста. 7 жасынан үлкен спортқа қадам басқан ол осы үш жылда біраз биіктерді бағындырып үлгеріпті. «Мен дзюдоға алғашқы күннен-ақ ғашық болдым», – дейді өзінің осы спорт түріне деген ерекше һәм балғын махаббатын риясыз білдірген бала дзюдошы.

Ерасылдың қоржынындағы жүлделерін қарап отырып, оның алғашқы жүлделі орынға 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген 2007-2008, 2009-2010 жас аралығындағы кіші жасөспірімдер арасындағы дзюдо күресінен қалалық біріншілікте қол жеткізгеннін көрдік. Бұл белдесуде Ерасыл Қайратұлы 46 келіден жоғары салмақ дәрежесінде татамиге шығып, бірінші орынды жеңіп алыпты. Осы жеңіс балғын балуанға қанат бітіріп, алға жетелей түссе керек.

Спортқа кеше ғана тәпіл-тұпыл қадам басқан ұлының азғана уақыт ішінде осындай жоғары белесті бағындырғаны оның ата-анасын да қатты қуантты, ал Ерасылдың бұдан кейінгі мақсаты әрдайым жеңіс тұғырына шығу болды. Өзінің жігері мен қайсарлығының арқасында көп ұзамай қалалық деңгейде өткен бірнеше турнирлерде жүлделі орындарға ие болды. Сәтбаев қаласының ашық біріншілігінде және Қаныш Сәтбаевтың 122 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық біріншілікте ІІІ орындарды иеленсе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігінде І орынды қанжығасына байлады. Читать полностью »

Қарашаның соңында басталады

Елімізде екпені қайталап салу қарашаның жиырмасынан кейін басталады. «Спутник» салдыртқандарға 9 айдан соң «Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer-мен ревакцинация жасауға кеңес берілді. Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in екпесін алғандарға 6 айдан соң Спутник немесе Pfizer салдырту ұсынылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады. Читать полностью »

Нарушаем

В Карагандинской области в проекте Ashyq участвуют 13 495 объектов. С начала повсеместного использования QR-кодов выявлены 3 459 нарушителей предписаний домашнего карантина. Среди них – 3 173 с «красным» статусом и 286 – с «желтым». Наибольшее количество тех, кто не соблюдает режим самоизоляции, приходится на Караганду, Жезказган, Темиртау, Сатпаев и Абайский район. Читать полностью »

Еще один праздник

Министерство национальной экономики приступило к разработке проекта постановления правительства, после утверждения которого в календаре праздничных дат появится новая – 9 сентября – День предпринимателей Казахстана. Об этом сообщила НПП «Атамекен», передает zakon.kz. Читать полностью »