Үш күндік семинар. Ақ пен қараны айырып берді

20140801-03-3-120140801-03-3-2Шілденің 28-30 күндері Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітте «Діни экстремизмнің алдын алудағы ақпараттық-насихаттау жұмыстарының маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Үш күндік семинарға Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіт пен Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіттің бас имамдары, дін қызметкерлері мен ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

Қарағанды қаласы мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев семинарға қатысушыларға бірінші күні діни сенім түсінігі жөнінде (Ақида) сондай-ақ, мұсылман, жиһад, бидағат, такфир, куфыр сөздерінің мәні әрі бұл сөздерден туындайтын әсерлер жайында сөз етті.

Дәрістің екінші күнінде ұстаз дәстүрлі дініміздегі Әбу Ханифа мазһабы мен әл-Мәтруди әдістемесінің құндылығы әрі деструктивті ағымдардан ерекшелігі мен дін мен мемлекет, басшы және қоғам тақырыптарында тыңдаушылармен ой бөлісті.

Семинардың үшінші күнінде Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Балтабеков әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен кездесіп, дәстүрлі емес ағымдардың Исламнан ауытқуы төңірегінде сөз қозғады.

Ақ пен қараның ара жігін ашып берген семинарды Н.Тағаев «Деструктивті ағымдардың сыртқы және ішкі белгілері» тақырыбындағы дәріспен қорытындылады.

Семинар барысында тыңдаушылар әр күні ұстаздан алған дәрістерін түйіндеу үшін жазбаша түрде сынақ тапсырып отырды.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.