Спорттық ойын ұлық мерекеге арналды

Ораза айтының соңғы күнінде жастар ресурстық орталығы мен «Жүректен – жүрекке» еріктілер жасағының ұйымдастыруымен спорттық ойындардан жарыс өтті.

 

 20140801-01-1

Еріктілер жасағының мүшелері қатысқан спорттық ойында жастар «Сұңқар» және «Тұлпар» тобы болып екіге бөлініп, ойын көркін қыздырды. Қатысушылар ұлттық ойындардан – асық ату, ханталапай, арқан тартыс және шағын футболдан бақ сынасты. Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа №19 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Өмірсерік Ағыбаев төрелік етті. Спорттық шараның жеңімпазы ретінде «Сұңқар» тобы танылды. Жеңімпаз топпен қатар, барлық қатысушыларға ұйымдастыру-шылардың атынан сыйлықтар тапсырылды.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.