Баланың тууын дұрыс және уақытылы тіркеу

Бірінші кезекте, жаңа туылған нәрестені мемлекеттік тіркеу үшін не нәрсе негіз болып табылады және ол үшін қандай құжаттар керек екендігін нақтылау қажет.

Тіркеу үшін басты негіз туу туралы медициналық куәлік болып табылады, ол баланың анасы туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні туралы барлық қажетті мәліметтерден тұрады. Куәлік медициналық ұйымның мөрімен және лауазымды тұлғаның қолымен расталуы тиіс. Ол әйел босанған медициналық мекемеде беріледі.

Баланы мемлекеттік тіркеу үшін тікелей тіркеуші органға немесе ата-анасының тіркелген жері бойынша, не баланың тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Баланың тууы туралы өтініш жазбаша нысанда беріледі, оған ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы куәлік және туу туралы медициналық куәлік қоса беріледі.

Баланың тууын тіркеу мерзімдері заңнамамен айқындалады. Өтініш беру мерзімі – туғаннан кейін 2 айдан кешіктірілмеу керек. Бекітілген мерзімді өткізіп алса қосымша тексерістер мен рәсімдер жүргізуді талап етеді, ол туу фактісін тіркеу мерзімін айтарлықтай ұзартып жібереді.

Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен (егер екеуінікі бірдей болса) анықталады. Анасы мен әкесінің тектері әр түрлі болса тегі ата-анасының келісімі бойынша анықталады.

Өтініш ата-анасының біреуімен берілу мүмкіндігі заңнамамен қарастырылған, ал ата-анасы қайтыс болған, олар ауырған немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда өтінішті өзге мүдделі тұлғалар (әжелері, аталары, қорғаншылары және т.б.) бере алады.

Ж.Утепбаева, Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.