Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу

Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2013 жылдың қаңтарынан бастап қалалық нотариустармен бірлесе отырып жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу белсенді жүргізілуде.

Келісім шарт жасалғаннан кейін Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына жүгінбей, Нотариалды ақпаратты біртұтас жүйе арқылы (әрі қарай НАБЖ) келісім шарт жасалған жылжымайтын мүлікке құқықтарыңызды тіркеу жұмыстарын 1 күн ішінде, келісім шарт қатысушылардың өтінішінсіз және құқықиеленушілердің келісімінсіз тіркеуге болады.Сәтбаев қаласының барлық нотариустары НАБЖ-не қосылған.

ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу » Заңының 23 бабы 1-1 тармағы бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлегені туралы немесе алым төлеуден бастарту туралы растау келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізу тиістігі айқындалған.

Бұл мүмкіндік азаматтардың Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына жүгінбей,құжаттар көлемінің азаюына, үшінші тұлғалардың айлакерлік әрекеттерінің азаюына және жылжымайтын мүлікке келісім шарт жасау барысында меншік иесінің құқықтық қорғау механизмін жақсартады, яғни азамат жылжымайтын мүлікке келісім шарт жасай отырып, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге мүмкіндік аладыі.

Нотариус Электронды Үкімет порталы арқылы Сіздің құқықтанушы құжаттарыңызды және электронды түбіртекті тіркеуші органға, яғни Әділет басқармасына жолдайды. Әділет басқармасы жылжымайтын мүлікке туындаған құқықтарыңызды тіркеп нотариуске мемлекеттік тіркеу хабарламасын жолдайды, бұл іс-әрекет 1 күн ішінде жүзеге асырылады.

Т.Бектемисова, Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.