Сақтықта қорлық жоқ

Жаз уақытында азаматтар қала сыртында, табиғат аясында серуендеп, демалғанды ұнатады. Кейбіреулері саяжайда уақыттарын өткізеді. Алайда, қай жерде болмасын, яғни табиғатта, бақша маңайында демалған кезде өрт қауіпсіздік ережелерін естен шығармағаны жөн.

Отты таза, әрі құрғақ жерге жаққан дұрыс. Саяжайда демалғаннан кейін, жанған оттықты міндетті түрде топырақпен сөндіріп, су құйған жөн.

Ауа-райының ыстықтығынан, құрғақшылығынан өрт жағдайлары да арта түседі. Кішкентай ғана сөндірілмеген от немесе темекінің тұқылы үлкен өрт апаттарына әкеліп соғады. Әсіресе, балалардың сіріңкемен, оттықпен ойнау салдарынан келеңсіз жағдайлар болып жатады.

Ең негізгі назар аударатын жайт – саяжайдағы үйлердің және жаңа салынып жатқан саяжайлардың электр жүйелерінің дұрыс орнатылуы, ауланың күл-қоқыстан жиі тазартылуы, жанғыш заттарды аула маңайына жинамау.

Келеңсіз өрт жағдайларының алдын алу мақсатында міндетті түрде өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған абзал.

Ж.Атабаева, № 57 өрт сөндіру бөлімі өрттің алдын алу тобының нұсқаушысы.

Комментарии закрыты.