Біліктілік – заман талабы

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі күзетілетін нысандарда төтенше жайттарды болдырмау мақсатында Жезқазған полиция ротасының жеке құрамының тұлғалық кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Әр қызметкерден әскери дайындық, сапалы қызмет, тұлғалық қырағылық, ептілік, мығым күштілік талап етіледі. Сол себепті полиция қызметкері қандай жағдай болмасын сақ әрі дайын болуы керек.

Жас маманның қызметтік ұжымдардың үздік дәстүрлерін игеруі, олардың адам мен азаматтың құқықтары мен абыройын құрметтеуге, адалдыққа, қырағылыққа, ерлікке, азаматтық және құқықтық белсенділікке, қызметтік міндеттерін орындауға, қазақстандық отансүйгіштігін, идеялық сенімділігін тәрбиелеу, полиция қызметіндегі моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру және тәртіптілігі мен заңды қатаң сақтау мақсатында 8 қызметкерден құралған тәлімгерлік кеңесі жұмыс атқарады. Оның ішінде А.Ағайдаровтың, М.Есенбаеваның, А.Қойшыбаевтың жас қызметкерлерге көрсетіп жатқан қызметін атап айтуға болады.

Қызметкердің дене күшін жетілдіру, кәсіби білім-біліктілігін арттыру мақсатында әскери-қызметтік және денешынықтыру дайындықтарында жоспарланған іс-шаралар өткізіліп отырады.

Сондай шараның бірі – ішкі істер органындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әрі сапалы қызметті деңгейін арттыру үшін өткізілген Жезқазған қаласындағы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының жемқорлықпен күрес жетекшісімен кездесу.

Дүние жүзіндегі келелі мәселенің бірі- террорлық акт әрекеті. Осы мәселе төңірегінде жеке құрамға бейнефильм көрсетіліп, террорлық әрекетке қарсы бағытталған іс-шаралар кезінде қызметкерлердің психологиялық тұлғалық дайындығын арттыру мақсатында семинар дәрістер өткізіліп, әр қызметкер әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілді.

Елбасының елімізді әлеуметтік-экономикалық, саяси деңгейін жетілдіріп дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған «Мәңгілік ел» жаңа дәуір келбетін айқындайтын 2014 жылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының 7 тармағы тегжейлі тармақталды.

Полиция қызметкерлерінің қызметтен тыс уақыты талапқа сай ұйымдастырылған. Басым көпшілігі бос уақытын дене-күшін жетілдіруге арнайды. Мәселен, полиция қызметкерлері жергілікті спорттық іс-шараларға белсенділік танытады. Осы салада жетістіктері де аз емес. Жезқазған МКҚБ-ның ұйымдастыруымен өткізілген шағын футболдан ПР-ның қызметкерлері жүлделі бірінші орынды иеленді. Қарағанды облысы МКҚБ-ның ұйымдастаруымен саптық бөлімшелер арасындағы жарысқа іріктеу кезінде Жезқазған ПР-ның полицейі, полиция кіші сержанты М.Тұрсынов Қарағанды облысының құрамасына мүше болды.

Жеке құраммен тұлғалық тәрбие жұмысы полиция қызметкерлерінің отбасымен тығыз байланыста жүргізіледі. Қызметкердің үй-ішіндегі моральды-психологиялық хал-ахуал, тұлғалық мінез-құлқы отбасымен қарым-қатынасы, қызметтен тыс уақытын ұйымдастыруы секілді әрекеттер басшы құрам тарапынан ұдайы қадағаланып отырады.

Ардақ Абдықалықов, Қарағанды МКҚБ Жезқазған қ. полиция ротасының командирі, полиция аға лейтенанты.

Комментарии закрыты.