Делегаттар сайланды

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филилалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы өтті. Конференцияны филиал төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде қойылған бірінші мәселеге орай «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы Саяси кеңесінің құрамы жаңартылды. Кеңестің бұрынғы құрамынан 30 партия мүшесі шығарылып, 29 адамнан жаңа құрам жасақталды. Сондай-ақ, партия филиалының Саяси кеңесі бюросының құрамына да өзгеріс енгізілді. Жақын арада өтетін облыстық «Нұр Отан» партиясының XIX конференциясына партияның «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы филиалының алқалы жиыны 29 делегат сайлады.

Конференцияда бір топ партия мүшелеріне жаңа үлгідегі билеттер салтанатты түрде тапсырылды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.