Құрылыс қарқынды жүруде

20140808-02-2-120140808-02-2-220140808-02-2-3«Жезқазған-Ұлытау аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» Кешенді жоспарының аясында қала аумағындағы ГРП, Рудник кенттерінің тұрғындарын көшіру қолға алынып отыр. Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын бұл жобаның алғашқы қадамдары бастау алды. Қаланың шығыс бөлігіндегі бос жатқан жерлерге екі пәтерлі 24 коттедж, жалпы саны 48 жер үй салынып, аталмыш кенттердің тұрғындары осында көшірілмек.

Құрылысшылар күніне орай жұмысы қарқынды жүріп жатқан алаңға барып, құрылыстың мән-жайын білген едік.

Мұнда Сәтбаев құрылыс-монтаждау басқармасының жұмыскерлері еңбек етуде. Біз барғанда құрылыс басында осы басқарманың басшысы Дархан Бейсенбаевтың өзі жүр екен.

– Қазіргі таңда 24 коттедждің 8-нің іргетасы толық қаланды. Бұл жерде 70 адам еңбек етіп жатыр. Құрылысқа қажетті материалдардың барлығы құрылыс-монтаждау тресінен уақытылы жеткізілуде. Жаңа, заманауи үлгіде бой көтеретін бұл үйлерді желтоқсан айында толық өткіземіз деп жоспарлап отырмыз, – дейді Д.Бейсенбаев.

Қоныс аударушыларға жаңа үлгіде есігін айқара ашқалы тұрған бұл жер үйлердің құрылысында мін болмасы анық. Өйткені бұл құрылыстың іргетасынан бастап жергілікті құрылысшыларымыз талмай еңбек етуде.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.