Көрмейін десем – көзім бар…

20140808-12-3-320140808-12-3-120140808-12-3-2Осыдан алты жыл бұрын яғни қаланың 35 жылдығында шаһар көшелерінің қандай тұлғаның есімімен аталатындығы жазылған тақтайшалар (пилондар) орнатылған еді. Бұл тақтайшаларға есімі берілген елімізге танымал қоғам қайраткерлерінің, қала дамуына өзіндік үлестерін қосқан тұлғалардың суреті мен өмірбаяны жазылып қойылды.

Күннің әсерінен бейнелері көмескі тартып, бояулары ұшып, кейбірі жаңбырдың әсері болса керек ажырап жатыр. Әсіресе, қаладағы басты көшелер – Тәуелсіздік даңғылы бойындағы, В.И.Гурба және академик Ө.А.Байқоңыров, В.Комаров көшесіндегі тақтайларды көргенде ұяласың.

Ұлы тұлғаларымыз бейнеленген осы бір тақтайшаларды, жаңартатын мезгіл жеткен сияқты.

Пилондардың жағдайымен танысу мақсатында көшелерді аралағанда кейбір тақтайшалардың сырланғанын көрдік. Алайда, көбісінің бейнесі ауыстырылмаған күйінде тұр. Алдағы уақытта ұлы тұлғалардың суреті жаңғыртылса дейміз.

Көзбен көріп, көңілге түйгенімізді жеткізіп отырмыз. Ал, жаңарту жұмысын жауапты мекемелер қолға алады деп сенеміз.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.