Қазақ даласының мұсылмандықты қабылдау тарихы

Қазақ халқының мұсылмандығына деструктивті діни топтардың өкілдері күдікпен қарайтыны талайдан бері ашық айтылып келеді. Олардың пікірінше ата-бабаларымыз Хақ дінді толық қабылдай қоймаған, қабылдаса да адасқан сенімде болыпты-мыс. Онысына дәлел ретінде қазақ халқының әдет-ғұрыпқа беріктігін, молаға зиярат жасап, әруақтарды құрметтегенін, сопылықты ұстанып, пірлерге қол бергенін, қала берді көшпелі өмір сүріп, мешіт-медресе ұстамағанын негізсіз уәждерін алға тартады.

Саяси күрделі кезең Ілкі саяси-фатх кезеңге тоқталмай тұрып, алғаш рет ата-бабаларымыз хақ дінмен қай кезеңде қауышқан деген мәселеге тоқталсақ деймін.

751 жылы – Талас шайқасында арабтар қолы қарақытайлар әскерін талқандады.

999-1212 жылдары – Қараханидтер хандығы екі жүз жылдай қазақ жеріндегі Ислам мемлекеті болды. 1312 жылы Алтын Орданың Исламды қабылдауы алғашқы Алтын Орда ханы – Беркенің (1257-1266) тұсында болды. Ол Бату ханның інісі еді. Жаңа хан жас кезінен мұсылмандықты қабылдады. Ол хан болған кезде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Әйтсе де, ұлы даланың көшпенді халқы мұсылмандыққа тек Өзбек хан (1312-1342) тұсында толықтай өтті. Өзбек хан мұсылмандыққа қарсылық көрсеткен сұлтандарды қатаң жазалады.

Өзбек хан мен оның ұлы әз Жәнібек ханның (1342-1357) тұсы Алтын Орданың көркейіп, гүлденуінің ең жоғарғы сатысы болып саналады.

Өзбек хан исламды екінші рет Алтын Орда империясының мемлекеттік діні деп жариялады. Ол өз патшалығының аумағында мешіттер мен медреселерді көптеп салдырды. Ұлы Жібек жолының сауда-саттығын дамытты. Батыс Еуропадан – Орталық Азия арқылы Қытай, Үндістан, Египетке дейін үздіксіз сауда керуендері жүріп жатты.

1460 жылдары құрылған Қазақ хандығы өзінің 400 жылдық тарихында қазақ халқының бойына мұсылман дінін берік орнатты.

Жалпы, ата-бабаларымыздың исламды жатсынбай қабылдауының себебі, түркілердің байырғы тәңір сенімі монетеистік наным болатын. Бұл концепцияны бүкіл өмірін осы тақырыпқа арнаған даңқты тарихшы Китапшы айтқан. Х ғасырда ибн Фадлан түркілдердің ішінде болғанында, тәңірлік сенім мен ислам дінінің ұқсастығына таң қалғанын жазған болатын. Мәшһүр Жүсіптің дерегіндегі түркілердің: «Озған пайғамбардың үмбетіміз» дегенінде, Хақ Елшісінің бұл сенімді терістемеуі, ата-бабаларымыздың ханиф сенімінде болғанын көрсетеді. Яғни, арғы бабаларымыздың ұстанған тәңірлік сенімі хақ дінді жатсынбай, тез қабылдауына игі әсер етті. Ақыр-аяғында Орталық Азия халықтары «ахлу суннаның» рационалистік бағыты саналатын ханафия және Матурудия мазхабын қабылдады. Себебі, бұл ағымдар әрбір мәселеге ақыл-парасатпен қарауға шақыратын еді. Сондай-ақ, Исламның ежелгі түркілердің алып-ерендік, озандық, жыраулық, сал-серілік дәстүрімен қабысатын. Сөйтіп VIII ғасырдың орта тұсында қарлұқтардың Ислам дінін қабылдауымен басталған илаһи үдеріс, XVI-XVII ғасырда Керей мен Найман тайпаларының Хақ дінді қабылдауымен толықтай аяқталды. Сондықтан да бүгінде қазақ халқының мұсылмандылығына күмәнмен қарауға еш негіз жоқ деп білеміз. Кейбір дінге жаңадан ден қойған ел ағалары: «Бізге шынайы Ислам діні 1991 жылы егемендік алған соң келді», деп ел арасында теріс пікір таратуда. Осыған қарап, қоғамдағы жат ағымды ұстанушы жастардың тарихқа терең үңілмей сонау VII ғасырдан бері ата-бабамыздың салт-дәстүрмен біте қайнасқан дін жолын мойындамай, теріске шығаруы білімсіздік нышаны екенін байқауға болады. Сондықтан да асыл дініміз Исламда тек біржақтылықпен шектелмей, тепе-теңдік ұстай отырып жан-жақты білім алуға шақырады.

Қ.Жұмабеков, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы.

Комментарии закрыты.