Қызыққа толы демалыс

20140815-08-2Біз, ата-аналар, №16 жалпы орта білім беретін мектептегі «Қауіпсіз жаз» тақырыбында өткен іс-шараға дән риза болып тарастық.

Олай дейтінім, осы мектептің жазғы сауықтыру алаңына балам Ибескенова Айгерім қатысып жүрген болатын. Күнделікті жүргізілетін тәрбиелік іс-шараның біріне мен де қатыстым. Онда менімен бірге №1 мектеп-гимназиясының ата-аналары да болды. Біз мына төмендегі маршруттарда болдық. Мысалы: «Қауіпсіз жаз» тақырыбында балаларымыз эссе жазып қорғаса, біз, ата-аналар, түрлі би жарысын ұйымдастырдық. «Happy English» маршрутында оқушылар тәрбиешілеріне қауіпсіздік туралы ағылшынша ойларын жеткізе білді. Далада жүргізілген маршруттар «Қауіпсіз жағдай», «Дұрыс тамақтану», «Су-өрт қауіпсіздігі», жағымсыз қылықтан шеттейтін «Нашақорлыққа жол жоқ», салауаттылыққа бағыттайтын эстафеталық ойын сияқты іс-шара жалғасын таба білді. Оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт, көрініс, флеш-моб би өнері сияқты қызыққа толы жұмыстар түске дейін жалғасып, қорытындылауда қатысушы отбасылары белгілі орындар алып, марапаттауларға ие болды.

Осылайша түрлі өнегелі, мағыналы жұмысты жаз айындағы сауықтыру алаңында ұйымдастыра білген жетекшілер Гүлнұр Достиярға, №1 мектеп-гимназиясы жазғы сауықтыру алаңының жетекшісі Майгүл Исақоваға және ойын арқылы баланың жанын жадыратып жүрген тәрбиешілерге алғысымды газет арқылы жеткізгім келді.

Құндыз Сүлейменова, ата-ана.

Комментарии закрыты.