Әдебиет әлемін әрледі

20140815-08-3Жазғы демалыста №4 мектеп-лицейінің лагерінде балалар үшін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты оқырмандарымызға қазақ әдебиетін насихаттау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, көпшілікті әдеби-көркем кітаптарды оқуға және оқырман тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясымен таныстыру болды.

Көпшіліктің қызығушылығын арттырған халық жазушысы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның…» атты шығармалары болды.

Отырыста ерекше сұлу сөз иесі, сүйкімді шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихымен таныстыра келе, жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Биылғы жыл кітабы атанған «Жусан иісі» повесі кеңінен талқыланып, мазмұны әңгімеленді.

Кітапхана қызметкерлері балаларды С.Мұратбековтың басқа да шығармаларымен танысуға шақырды.

Мергүл Күреңбаева, Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Комментарии закрыты.