Баспасөз конференциясы өтті

Сәтбаев қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Жамшит Данияровтың төрағалық етуімен өткен аптада сот ғимаратында жоспарлы баспасөз конференциясы өтіп, оған судья Динара Рахимберлина мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сотта қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қорытындысы талқыланды.

Сәтбаев қалалық сотына І жартыжылдықта 174 тұлғаға қатысты 148 қылмыстық іс түскен, 141 тұлғаға қатысты 125 қылмыстық істің өндірісі аяқталған. Оның ішінде 65-не қатысты 52 іс бойынша үкім шығарылып, 65 тұлғаға қатысты 64 іс өндіріспен қысқартылды. Іздеу салуға байланысты 7 істің 6-уы, қайта тергеуге байланысты бір тұлғаның ісі прокурорға қайтарылды, қаралмаған істің саны – 23.

Жазалау тәжірибесіне сәйкес, ауыр дәрежедегі қылмыс бойынша 24 тұлға сотталып, оның 12-сі бас бостандығынан айырылды. Орта дәрежедегі қылмыс бойынша барлығы 95 тұлға сотталды. Айта кететін жайт, 2013-2014 жылдар аралығында жемқорлық санатына жататын қылмыстық істер қаралған жоқ.

Азаматтық істер бойынша үстіміздегі жылдың алты айында сотқа 1422 арыз түсіп, 1170 азаматтық іс қозғалған, 2013 жылдың қалдығы есебімен 233 азаматтық іс қарауда болды. Соның ішінде 1175 іс аяқталды, ал 847 іске шешім шығарылды. Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық сот алқасына І саты сотының 98 шешіміне шағым жолданды. Оның 91-і өзгеріссіз қалдырылса, 7 шешім өзгертілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қалалық сотқа 748 әкімшілік іс түсіп, 23 іс қайта рәсімдеуге қайтарылды. Сотпен барлығы 727 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 385 тұлғаға айыппұл салынып, 3 азаматқа ескерту берілді. Сондай-ақ, 155 тұлғаға көлік құралын басқаруға тыйым салынып, 99 – әкімшілік қамауға алынып, 8 тұлға қосымша шара ретінде көлікті басқару құқығынан айырылды. Ал, бір тұлғаға қатысты мүлкін тәркілеу қосымша жазасы тағайындалды.

Конференцияны қорыта келе, Жамшит Наушарбанұлы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпарат құралдарының орны ерекше екенін атап өтті.

Сәтбаев қалалық сотының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілетін осындай баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер мен сот саласында болып жатқан реформалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыруда қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. Өздеріңізге белгілі, қазіргі кезде сот жүйесінің алдына қойған міндеттерді тиімді шешу үшін ақпарат аясындағы жұмысқа ерекше назар аудару талап етіледі, өйткені, сот беделін көтеру үшін оның маңызы зор. Сот қызметінің жариялылығы мен ашықтығы, БАҚ-пен өзара түсіністікпен жұмыс істеу – Сәтбаев қалалық сотының стратегиясын белгілейді және сот төрелігінің имиджін айқындайтын аса маңызды фактор. Бұқаралық ақпарат құралдарында соттың қызметін объективті көрсету, сот билігінің өзекті мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты ой-пікірлерді көпшілік қауымға жеткізу сот жүйесінің ақпарат аясындағы ең маңызды мүдделері болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта да бірігіп әрі қарай жемісті қызмет атқара береміз деген сенімдемін, – деді Жамшит Данияров.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.