ЖОЛДАУ тарихымызда да болған

«Сонау ғұн, түркеш қағанаттары, берісінде қазақ хандығы тұсында ел билеген азаматтардың барлығы да халқына жолдау арнап отырған. Алайда, сол кезеңдегі геосаяси жағдайға байланысты жолдаулардың сипаты халықты негізінен сыртқы жаумен күреске шақырып, елдің ішкі бірлігіне үндеген. Мемлекетті нығайту жолында Білге қағанның, Күлтегіннің бітіктастағы жазуы, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» немесе Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» сияқты саяси-тарихи құжаттар әлі де өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Десек те, бүгінгі Жолдаудың мәні мемлекеттің дамыған елдердің қатарынан қалмауы, түрлі этнос өкілдері мен көп конфессиялы елдің ынтымағына бағытталады», – дейді Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының доценті, саяси ғылымдардың кандитаты Әбләзиз Исаев 2014 жылдың 31 наурызындағы Қазақ елі сайтында.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы Жолдауы 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Стратегиясынан басту алады. Аталған Жолдаудағы 7 басым бағыт бойынша еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы айқындалып, белгілі мерзімге дейін жүзеге асырылуы тиісті кезек күттірмес міндеттер қойылды. Дамыған 50 елдің қатарына қосылу және соның жолында бар мүмкіндік пен ерік-жігерді жұмылдыру Стратегияның ең басты мақсаты болды. Оның орындалу барысы кезекті жыл сайынғы Жолдауға дейін сарапталып отырды. Әр жылдағы халыққа арналған Жолдау уақыт талабына сай мақсаттарға қол жеткізу жолында міндеттер жүктеп отырды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 140 — тан астам ұлт өкілі тату тәтті өмір сүріп жатыр. Осы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын айтып өтеді. Бұл идеядағы мақсат барша халық болып еліміздің дамуына жұмыла атсалысуды, бір болашаққа бір мақсатпен жұмыс жасауды көздейді. Бірлік пен ынтымақ еліміздің негізгі іргетасы екендігін атап өтеді.

Қазақстан жүз жылдан аса уақыт өткеннен кейін өз тәуелсіздігін алып, егемен ел атанды. Экономикасы мен әлеуметтік жағдайы өрге жүзіп дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің сапынан орын алып отыр. Мұның бәрі бір күнде емес, сан жылдар бойы тынымсыз күрестің арқасында жеткен жетістік болып саналады. Осындай ұлан ғасыр республикамызда барлығымыздың бір шаңырақтың астында ынтымақ пен бірлікті ту етіп өмір сүріп келе жатқандығымыз көңіл қуантады.

Қ.Үйсінбай, №44 ӨСБ, А.Токсеитов, ТЖБ.

Комментарии закрыты.