Кездесу өзегі – Жолдау

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихат тобының жұмыстары жалғасуда. Топ мүшелері – Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы, тарихшы Хансейіт Бөлен мен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбек Ешмұханов жақында жылуэнергетика кәсіпорнының ұжымымен кездесіп, жеті бағыттан тұратын Жолдаудың маңыздылығына тоқталды.

— Өздеріңізге жақсы мәлім, Елбасы үстіміздегі жылдың 17-ші ақпанында халыққа жылдағы дәстүрге сай Жолдауын арнады. Алдағы бес жылдыққа айқын жоспар ретінде бұл Жолдаудың маңыздылығы ерекше. Олай дейтін себебіміз, бұл стратегиялық құжат – қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін маңызды бағдарлама. Ел экономикасының даму тетіктерінен бастап, әлеуметтің әлеуетін жақсартып, аймақтардың тынысын ашатын тың жобалардың да іске асуына осы Жолдау себепкер болып отыр. Жолдауда білім беру, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығын дамытудан бөлек, «Жасыл экономика» ісін қолға алу, көлік инфрақұрылымын жақсарту, шағын және орта бизнесті қарыштату заман талабы екендігі айтылды.

Жолдаудың тағы бір ерекшелігі – «Мәңгілік ел» жобасының ұсынылуы болып табылады. Бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің мәңгілік болуына ұлтаралық, дінаралық татулықты, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды сақтау осы мәңгілік елдің мұратына жеткізетін бірден-бір қадам, – деді Хансейіт Ибрагимұлы.

Кездесу барысында Сұлтанбек Ешмұханов еліміздегі діни ахуал жайында сөз қозғап, діни тұрақтылықты сақтауда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.