«Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі»

20140905-06-03-1Сәтбаев қаласы әкімдігінің шағын залында осындай тақырыпта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Оған ақпараттық-насихат топтарының мүшелері, мекеме, ұжым басшылары мен қоғамдық және діни бірлестіктердің, этно-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясының шығу тарихына шолу жасау, маңызы мен мәнін айшықтау, жұртшылықты Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын одан әрі арттыруды және ұштауды мақсат еткен дөңгелек үстелді қала әкімінің орынбасары Серік Имамбай ашып, аймақтық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Хансеит Бөлен баяндама жасады.

Хансеит Ыбыраһымұлы біздің еліміздегі ең алғашқы Конституциядан бастап, 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясына дейінгі тарихына қысқаша тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелде қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук, Кәріс этно-мәдени орталығының жетекшісі Эльза Цхай, «Қазақ тілі қоғамының» төрайымы Мәуия Бекмағамбетова, «Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алаш Тұрлыбек, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы Бауыржан Балтабеков, қала әкімінің орынбасары Александр Ким сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелдің соңында әр адам өз құқығын біле отырып, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін орындау керектігі жөнінде тұжырым жасалды.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.