Батыр ана тілегі

20140912-02-02Ертең – сүйікті қаламыздың туған күні. Бұл – әрбір сәтбаевтықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, патриоттық сезімін шыңдай түсетін мереке. Қаламыздың басты байлығы оның тұрғындары десек, солардың бірі – бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған, тыл ардагері, көп балалы ана Еңбек Байқонова. Қала күні қарсаңында «Алтын алқа» иегері Еңбек апай мерекелік лебізін білдірген еді.

– Мен өзімді осы қаланың бақытты тұрғындарының бірі деп санаймын. Туып-өскен жерім Қаракеңгір кеңшары болғанымен, кейінгі өмірім кеншілер қаласымен тығыз байланысты. Себебі, 10 балам мен 30 немерем осында білім алып, еңбек етуде. Қазіргі уақытта солардан көрген 13 шөберемнің қызығына кенеліп отырмын. Тәуелсіз Қазақстанның бір қаласы саналатын Сәтбаев көз алдымызда көркейіп, гүлдене түсуде. Бұл қаланың қалыптасуында менің балаларымның да үлесі бар екендігін мақтан тұтамын. Мерекеге орай, барлық қала тұрғындарын шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Туған қаламыз өркендеп, құлпыра берсін, – дейді Батыр ана.

Марал Шахаева. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.