Баға тиімсіздеу болды

Өткен сенбідегі жәрмеңке бағасы тұтынушылар үшін тиімсіздеу болды. Не себепті екенін қайдам, көкөніс пен жеміс-жидек бағасы дүкендегіден де қымбат болды.

Мысалы, сәбіз бен жуаның келісі 100-120 теңгеден, жуа 100, картоп 80-90 теңгеден сатылды.

Сүт өнімдерінің бағасы да бұрынғыдан қымбатырақ болды. Ал, саяжай өнімдерінің бағасы жайлы айтып та керек жоқ.

Жезқазған қаласында өткен жәрмеңкенің бағасымен салыстырсақ, сәбіз, жуа, картоптың келісі 70 теңгеден екен. Бізде неге қымбаттап кетті деген сұраққа сатып алушылар «шахтерлар айлық алғанда бұлар өсіріп жібереді» деп жауап берді. «Шешінген судан тайынбас» демекші, біріншіден, келіп қалған соң, екіншіден, қалтасында ақшасы болған соң алып жатты. Енді не істесін? Шағымданайын десе әкімдіктің өкілдері де көзге түспеді. Баға көрсетілген тақта да жоқ, бақылау таразысы да жоқ.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.