Мақсат – мемлекеттік тілді дамыту

Сәтбаев қалалық қазына-шылық басқарма-сында Тілдер мереке-сіне орай «Тілім менің – тірегім» тақырыбында отырыс өткізілді.

Баяндама жасаған басқарма басшысының орынбасары Р.Шертаева кезінде тағдырдың жазуымен қазақ даласына қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің бүгінде теңдігі бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналғандығы жайында кеңінен әңгіме қозғады. «Туған елдің туы астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Қазақ халқы ешкімге шетқақпай көрсеткен жоқ. Олар бірдей дәрежеде білім алып, еңбек етіп, тіршілік құруда.

Елбасының байсалды этносаралық қатынас саясаты әрбір азаматтың ұлттық болмысын сақтауына толық мүмкіндік береді. Қазақстанда 15 тілде 60-тан астам этникалық ақпарат құралы, оның ішінде 34 мерзімді баспасөз және 26 сайт тұрақты жарық көреді. Орыс, неміс, өзбек, ұйғыр, корей театрлары жұмыс істейді. 190 жексенбілік мектепте 30-дан астам этностың ана тілі оқытылады» деп атап өтті.

Басқармада Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заңды орындау мақсатында құжаттамалар жүргізу және Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен мемлекеттік мекемелерге жіберілетін ақпараттар, есептер мемлекеттік тілде дайындалады. Мемлекеттік мекемелерден келіп түсетін қаржы құжаттары мемлекеттік тілде қабылданады, төлеуге берілетін шоттар, азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдер және жоспарлар мен өзгерістердің анықтамалары «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік тілде қабылданады.

Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында басқармада «Қазақ тілі» бұрышы жасақталған. «Қазақ тілі» бұрышының ақпараттық стендінде бюджеттің орындалуы туралы Ережеге енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы және тіл туралы ақпараттар мемлекеттік тілде орналасқан.

Отырыс соңында басқарма басшысының орынбасары Р.Шертаева қызметкерлерді келе жатқан Тілдер күні мерекесімен құттықтап, қазақтың қазақша сөйлеуі ең басты мәселе екендігін, Қазақстанда тұрғандықтан, әрбір ұлт өкілінің қазақ тілін білуге, құрметтеуге тиіс екендігін айтты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.