Топ мүшелері студенттермен кездесті

20140919-07-1-120140919-07-1-2Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанып келген ислам дінін ел арасында дұрыс насихаттау мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері – Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Балтабеков, теолог «Нұрлы білім» ҚБ-нің Сәтбаев қаласы бойынша өкілі Нұрсұлтан Мамедалиев, діни наным-сенім бойынша сұрақ орталығының инспекторы Жанат Ізтілеуов жақында «Денсаулық» колледжінде студенттермен кездесті.

Жастармен кездесу барысында ислам дінінің еліміздегі ахуалы сөз болды.

– Ислам дінінің атын жамылып, жастарды адасушылыққа итермелейтін экстремистік топтардың теріс ақпаратының нәтижесінде бүгінде кейбір отбасында түсініспеушілік пайда болды.

Ұлттың бірлігін ыдыратуды мақсат ететін осындай топтар қазақ жеріне ислам діні тек тәуелсіздік алған тұста ғана келді деген жаңсақ пікір айтады. Әрине, бұл қате. Біздің қазақ жеріне ислам дінінің келгеніне 12 ғасыр болды. Оның ішінде ұлтымыз Әбу Ханифа мазхабын ұстанып келеді. Бұл мазхаб қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен астасып жатыр. Сондықтан да біз ата-баба жолын ұстануға тиістіміз, – деді дін өкілдері.

Жастарды жат пиғылдан аулақ болуға шақырған топ мүшелері кездесу барысында студенттердің сұрағына жауап беріп, пікір алмасты.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.