Жас Ұландар слеты

20140919-03-3«Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы өткен аптада қала күніне орай Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Ел ұландары» атты слет өткізді.

Салтанатты жиынға қала әкімінің кеңесшісі Марал Мәдиева, қалалық мәслихат депутаты, қалалық мұрағат директоры Айгүл Төлендина бастаған қаламыздың бірнеше мекеме басшылары қатысып отырды. Жиынның басында құттықтау сөз қала әкімінің кеңесшісі Марал Мәдиеваға берілді. Қатысушыларды мерекесімен құттықтаған соң Марал Сағынайқызы «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарына, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін қала мектептерінің аға тәлімгерлерін марапаттады. Олардың қатарында А.Махамбетова, Н.Сапарбек, С.Мұхтарова, Қ.Ағыбаева, Ә.Жұмабай бар. Ал, оқушылар сарайының директоры Гүлнар Сансызбаева бірқатар аға тәлімгерлер мен белсенді оқушыларға нәтижелі еңбектері үшін осындай мәтіндегі мақтау қағазын ұсынды. Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гүлбану Хасенова «Үздік Ұлан басшысы» номинациясын оқ бойы озат оқушылар, яғни Ж.Балмағанбетова, К.Каденова, А.Жұмағали, А.Шаймерден, А.Жағыпарға табыстады.

Жиында құттықтау рәсімінен бөлек әдеттегідей Ұлан басшылары және үгіт бригадалықтар өнер көрсетті. Ант қабылдау рәсімі кезінде трибуна алдына шыққан барлық аға тәлімгерлер №1 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Айжан Сыздықованың жетекшілігімен ант мәтінін мемлекеттік тілде жатқа айтып берді.

Жиынның соңында Отанымыз бен туған қаламыздың игілігі үшін еңбектеніп келе жатқан «Жас Ұлан» ұйымының мүшелеріне мәртебесі арта берсін деген тілек айтылды.

М.Мұқатова.

Комментарии закрыты.