Отбасы құндылықтары дәріптелді

20140919-03-1-120140919-03-1-220140919-03-1-3Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында мемлекетіміздің демографиялық саясатының маңызды бөлігі ретінде отбасы институтын нығайту және отбасы құндылықтарын дәріптеу керектігін ерекше атап көрсетеді. Сол себепті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленген болатын. Бұл күні еліміз-де отбасының маңыздылығын түсіндіруге, халықтың әлеуетін жақсартуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірі – өткен аптада Сәтбаев қаласының әділет басқармасында ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу.

Салтанатқа әкім аппараты әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Гүлмира Таңсықбаева, әділет басқармасының басшысы Мақсат Муслимов, сондай-ақ, отбасын құрғандарына жарты ғасыр болған Нұртаза Жандәулетов пен Жамалқия Бегаева, 35-30 жыл отасқан Резван мен Татьяна Галдашевтар және Бақыт пен Сәуле Қазбековтер секілді үлгілі әулеттер қатысты.

Шара барысында сөз алған Гүлмира Таңсықбаева ерлі-зайыптыларды қос мерекемен құттықтап, мемлекеттің іргесін қалайтын осындай берік отбасылар екеніндігін айтты. Одан әрі той иелерін құттықтаған Мақсат Муслимов басқарма атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Шаңырақ көтергендеріне біраз жылдың жүзі болып, бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған бұл кісілердің ұрпақ сабақтастығын жалғастырудағы тәлім-тәрбиесі айтарлықтай. Сондықтан кеш қонақтары отбасының негізі жайлы сырларымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін берді.

– Отбасы – мемлекеттiң алтын дiңгегi. Елбасымыздың бұл күндi мереке ретiнде жариялағаны осының айғағы. Отағасым Нұртаза екеумiз бес бала тәрбиелеп өсiрдiк. Бәрi де бiлiм алып, бүгiнде қызметте табысқа жетiп, абыройға бөленiп жүр. Біздің бақытты отбасымызда 12 немере мен 5 шөбере бар. Мен оларға әрдайым әжелiк ақылымды айтып, тәрбиемдi берiп жүрмiн. Менің ойымша, отбасы құндылығы жоғалмау үшiн отағасының орны төрде болуы тиiс. Ерлерiмiз отбасы алдында өз жауапкершiлiгiн, әйел өз мiндетiн бiлсе, шаңырақ шайқалмайды, – дейді өмір тәжірибесі мол Жамалқия әжей.

Кездесуде той иелері Құрметті қонақтар кітабына қолдарын қойды. Отбасының береке-бірлігін ұлықтаған бұл мереке қазақ халқының ұлттық дәстүрі – тұсаукесер рәсімімен аяқталды.

Марал Шахаева. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.