Кәсіпкердің қалаға тартуы

20140919-01-01Шаһарымыздың 41 жылдық тойында мұсылман қауымы көптен күткен «Халал» тойханасы ел игілігіне берілді. Мейрамхананың ашылу салтанатына қала басшысы Әнуар Омар, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қауымы мен қала тұрғындары қатысты.

Бүгінде қаланың экономикалық өсуіне бірден-бір себепкер болып отырған шағын және орта кәсіпкерлік саласында қыруар істер атқарылып жатыр. Саланың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жеке кәсіпкер Әбутәліп Еңсебаевтың игілікті ісіне Әнуар Серікбайұлы алғысын білдіріп, халыққа есігін айқара ашқан тойхананың жұмысына сәттілік тіледі.

Қалада бірнеше кәсіпкерлік нысанның іргесін қалаған Әбутәліп Өтеғалиұлы жиналған көпшілікке ризашылығын білдірді.

Қала басшысы Әнуар Омар мен қалалық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Жақия Күнеділов нысанның лентасын қиды. Одан кейін жиналғандар тойхананың ішіне кіріп, кәсіпкер жайған дастарханнан дәм ауыз тиіп, Әбутәліп Өтеғалиұлының өмірден өткен ата-анасы мен аға-жеңгесінің рухына құран бағышталды.

Қала жұртшылығы сұранысқа сай бой көтеріп, ислам дінінің қағидасына сай құдайы ас, той өткізілетін мейрамхана атауына лайық болса деген тілектерін айтып жатты.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.