Мәнерлеп оқу сайысы

Тілдер мерекесіне орай мәдени-сауықтыру спорт орталығының ұйымдастыруымен «Тұлпар» аула клубында «Әр елдің тілі ғажап әрі қадірлі» атты сайыс өткізілді.

20140926-12-01-1

Қазақпен қатар қырғыз, өзбек, татар ұлтының мәдениетін таныстырған «Қайрат», «Сарыарқа», «Сұңқар», «Тұлпар» клубтарының оқушылары сайыста бар зейіндерін білімге жұмсады. Сайыс барысында командалар жұмбақ шешіп, әр ұлттың өлеңін мәнеріне келтіре оқып, мақалдан білімдерін сынады.

20140926-12-01-2

Жалпы қорытынды бойынша қайраттық А.Болат I-орынды иеленіп, суырылып алға шықты. «Сұңқар» аула клубының намысын қорғаған Е.Олжабайға II орын берілді. Ал III орынды тұлпарлық Е.Есмағанбетова мен сарыарқалық М.Хасенова өзара бөлісті.

Мөлдір Мұқатова. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.