Дінтанушылардың дәрісін тыңдады

20141003-04-2Апта басында арнайы іссапармен келген Қарағанды қаласындағы діни-психологиялық-құқықтық кеңес беру орталығының қызметкерлері, дінтанушылар Давлат Мырзахметов пен Николай Мерзляков қаладағы бірнеше білім ордаларында болып, жастармен жүздесті.

Еліміздегі діни ахуалдың жайын түсіндіріп, дәстүрлі емес дін мен дәстүрлі діндердің ара-жігін ажыратып, жастардың діни сенімін дұрыс бағытта қалыптастыру мақсатында дінтанушылар технологиялық және «Денсаулық» колледждерінде болып, семинар өткізді.

Орталық қызметкерлері семинардан бұрын жастардың қазіргі діни ахуалға деген көзқарастарын білу үшін әуелі тест сұрақтарын алды.

Одан кейін қос дінтанушы діни тұрғыда елімізде туындаған түйткілдердің басын ашып, осы тақырып бойынша ақпарат беріп, әңгіме жүргізді.

Семинарда діни экстремизм, оның дәстүрлі діннің шырқын бұзудағы зияны, дәстүрлі дін дегеніміз қайсы, дәстүрлі емесі қайсы деген сұрақтар төңірегінде ой қозғалып, жастар да өздерінің пікірлерін ортаға салды.

Дінтанушылардың дәрісін тыңдаған жастар ақ пен қараның ара-жігін ажырата алатындай мол ақпаратқа қанығып қайтты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.