Өнерлі ұжым

20141003-12-1-120141003-12-1-2Өткен аптада қалалық «Ел іші – өнер кеніші» фестивалі аясында Балалар өнер мектебінің ұжымы өз қара шаңырақтарында есеп беру кешін өткізді. Концерттік бағдарламаның құрметті қонағы ретінде қала әкімі Әнуар Омар, қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук қатысып отырды.

Өнер мектебінің ұжымы бұл кешке тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды. Әрбір әні мен биі өзгелерден дараланып-ақ тұр. Себебі, қызметкерлердің барлығы дерлік ұйымшылдық танытты. Сонымен қатар, слайд арқылы қазақ, орыс ғұламаларының нақыл сөздері айтылды. Өнер мектебінің басшысы Роман Бурда өзі бас болып өнерпаздардың шабытына шабыт қоса білді. Ол кісі орындаған «Черноморские припевки» әні көрерменді өзіне бірден баурап алды. Ж.Хапезұлының «Бақтыбайдың әуені» шығармасы О.Сейдахмет жетекшілік ететін халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде концерттік бағдарламаның көркін кіргізді. Г.Таева мен К.Гарник дайындаған биші қыздардың «Бастаңғы», «Веночек» билері қойылымның мәнін ашып, киген киімдері көз қанықтырды.

Өнер мектебі ұстаздары мен өзге де қызметкерлерінің талабына қарап, ұдайы еңбек ету өнер мен өмірдің заңы екенін түсінгендейміз. Олар тәрбиелеп шығарған шәкірттерден талантты тұлға шықпайды деп әсте айта алмайсың. Себебі, олардың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері қаншама?! Берекелі ұжымның мерекесі көп болып, білікті шәкірт тәрбиелеуге атсалыса берсін дегіміз келеді.

М.Мұқатова. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.