«Еңбек күні» өтті

20141003-12-2Өткен сенбі күні жалпыоблыстық сенбілік шеңберінде қаламыздағы №25 орта мектепте «Еңбек күні» аталып өтті. Мектеп ұжымы бұл шараны биыл тұңғыш рет 28 қыркүйек күні елімізде аталып өтетін «Еңбек күніне» орайластырды.

Іс-шара салтанатты түрде ашылды. Ата-аналар мен оқушылар үшін арнайы жиын өткізіліп, мектеп ауласының маңайында тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Крёканың айтуынша, жиында еңбектің адам өміріндегі алатын рөлі, экологиялық тәрбиенің маңызы кеңінен насихатталды. Бұдан кейін мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге білім ордасының маңайындағы арамшөптерді жұлып, қоқыс қалдықтарын жинастырды. Мектеп ауласына 50 жас көшет отырғызып, талдардың түбін қопсытты.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.