«Бір шаңырақ астында»

20141003-12-4Осындай тақырыпта №5 жалпы білім беретін мектепте Тілдер мерекесіне арналған фестиваль өтті. Фестивальға 5-9 сыныптар қатысты.

Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына қоныс тепкен көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын айқара ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі өзге халықтардың баласын дініне, тіліне, түріне, ұлтына қарамай, бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік.

Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.

Іс-шара соңында үздік дайындалған сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

М.Байтайлақова, аға тәлімгер.

Комментарии закрыты.